Бекітемін:___________
Бөлімі:
|
2-бөлім. «Ойын құру» (ортақ тақырыбы: «Уақыт», «Сәулет»)
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні: 08.12.2022
|
|
Сыныбы: 3 А, Б
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Костюм ауыстыру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқу мақсаты
|
3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Программалау ойын алаңында бірнеше костюмдермен жұмыс істеуді үйренеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Ең зейінді» ойыны
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/.
|
Топтастыру:
|
Топтастыру: «Есімдер арқылы топтастыру»
www.classtools.net – «жеміс-жидек мәшинесі» программасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.
Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазып, жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.
Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Ертеде адамдар қандай үйлерде тұрған? Қазір ше? (1-сурет).
Тұратын жеріңде сәулетімен ерешеленетін қандай ғимараттар жайлы айта аласың?
Киіз үй қалай құрылатынын білесің бе?
Киіз үйдің құрылысы мен ерекшелігі жайлы әңгімелей аласың ба?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |