Пән: «Гистология.»
Теориялық сабақ №4
Тақырыбы: Бездер.
Студент білуі керек:
Бездер туралы ұғым, олардың құрылысы;
Бездердің жіктелуі қағидалары.
Жабынды эпителий сияқты безді эпителийде бір-бірінен аз ажыратылған клетка аралық заттармен бөлінген өзара өте тығыз байланысқан клеткалардан тұрады. Барлық клеткалар тіршілікке қажетті өнімдерді бөліп шығарады, бірақ безді эпителийдің өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар, яғни клеткалар (грандулоциттер) әртүрлі секреттерді көп мөлшерде өндіреді және бөледі. Ағзада секрет ретінде: сүт, сілекей, ас қорыту сөлдері, өт, тер,әртүрлі иісті заттар, гормоны. Сөл не тері беткейіне, шырышты қабықшаға, ішкі мүшелер қуысына (экзокринді секреция кезінде), не қанға, лимфаға немесе ұлпалық сұйықтыққа (эндокринді секреция кезінде).
Эмбриогенезде безді эпителий жабынды эпителийдің туындысы болып табылады. Алғашында ол төменде жатқан ұлпаға батып тұратын клеткалық шоғыр түрінде болады. Содан соң қабат өседі және әртүрлі бағытта дифференцацияланады. Кейбір қабаттар (сурет А) эпителийдің бастапқы затымен байланысты болып қалады. Жабынды эпителийдің инвагинациясы болып табылатын (сөлді бөлімімен бірге) шығару ағымына байланысты. Олардан бөлінетін өнімдер ағын арқылы ішкі ортаға шығарылады. Бездің мұндай түрін экзокринді деп атайды. Басқа қабаттар (сурет В) эмбриогенездің ерте кезеңінің өзінде эпителийдің бастапқы затынан бөлініп кетеді және өздері бөлген сөл синтезделінетін қан тамырларымен тығыз байланысқа түседі. Мұндай бездерді эндокринді деп атайды.
Барлық безді клеткаларға өздерінің өндіретін сөлінің құрамына байланысты эндоплазмалық тордың (егер сөлдің табиғаты белокты болса, онда түйіршікті, ал егер белок, көмірсу және стероидтар болса, онда түйіршіксіз), Гольджи аппартының, митохондрияның гипертрофиясы тән (күшейтілген даму). Грандулоциттердің цитоплазмасында әсіресе цитоплазманың апикальды бөлімінде әдетте түйіршіктер немесе сөлдің тамшылары жақсы ажыратылады. Әдетте олар Гольджи аппаратының ішінде шоғырланады. Органеллалардың даму деңгейі және безді клеткалардағы сөлдің мөлшері сөл бөліну циклының фазына тәуелді периодты түрде өзгеріп отырады.
Әртүрлі гландулоциттерде сөл бөліну механизмі бірдей емес. Секрет бөлудің 3-5 негізгі түрлері бар.
Голокринді сөл бөлу сөлдің жиналуымен және клетканың тіршілігін жоятын цитоплазманың майлы қайтадан туылуымен сипатталады (терінің тер безінде).
Макроапокринді сереция жарық микроскопта көрінеді.Цитоплазманың апикальды беткейінде кейін құрамындағы заттармен бірге үзіліп қалатын мембранамен қоршалған ісіну болады.
Микроапокринді секреция электронды микроскоптың көмегімен ғана анықталады және микробүрлердің кеңейген түптерінің бөліну жолы арқылы жүзеге асады (өт жолдары).
Мерокринді секреция электронды микроскоп арқылы ажыратылады. Соған қоса мембранада қоршалған вакуольі бар сөл уақытша плазмалеммада пайда болған микроскопиялық тесік арқылы бездің қуысына шығарылады (қарын асты без).
Экринді секреция- сөлдің бөлінуі молекула түрінде немесе плазматикалық мембрананың біртұтастығы бұзылмайтындай өте ұсақ агрегацит түрінде болады, (асқазанның негізгі клеткалары).
Үй тапсырмасы:
1. Тақырып бойынша конспект жазу және сол конспектті оқытушының поштасына жіберу (turdygazina@list.ru) 15.02.2021
2. Платформадағы тестке жауап беру
3. Сұрақтарға ватсап арқылы жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |