Көркем еңбек
|
Мектеп:
|
Күні: .
|
Оқытушының аты-жөні:
|
Сынып: 3 сабақ 5
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім:
|
Дизайн және технология
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ғимарат үлгілерін ойлап тауып, суретін салып үйренеміз
|
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
|
3.1.4.1 – жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жəне жұмыс барысын жоспарлау;
3.2.3.1.- нақты дəлдігіне жетіп материалдары жəне компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу жəне біріктіру
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жəне жұмыс барысын жоспарлайды.
Нақты дəлдігіне жетіп материалдары жəне компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу жəне біріктіреді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
0-5 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.
Топқа бөлу. жапырақ таңдау арқылы топқа бөлемін. Сыныптағы бала санына орай жапырақ таратылады, жапырақтың сырт бетінде топ атауы жазылады. Түскен топ бойынша орындарына отырады.
Бағалау әдісін және жетістік критерийін түсіндіру.
«Сәулетші» тобы, «ұсталар» тобы, «Дизайнер» тобы деп аталған үш топ ортасына ағаш бұтақтары салынған плакат қойылады. Ағаштағы бұтақшаларды оқушылар әрқайсысы жеке бұтақтан иеленіп, есімдерін жазып қояды.
Сабақ 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең – «мыңнан жүйрік»
Сәулет өнері туралы сұрақтарға жауап беру арқылы жапырақ жинайды. Толық жауап берсе-2 жапырақ, жартылай жауап бергендер – 1 жапырақ алып, өз бұтақтарына жапсырады.
2 кезең – «Сегіз қырлы» (сарамандық жұмыс).
Бұл кезеңде оқушылар өткен сабақта басталған, үйде жалғастырған жұмыстарын аяқтайды. Жұмыстың сапасына, ұқыпты орындалғанына қарай оқушылар тағы да жапырақтар алып, критерийге сәйкес бұтағына жапсырады.
3 кезең – «бір сырлы» (бекіту сұрақтары).
Соңғы кезеңде оқушыларға қоржыннан таңдап сұрақтарға жауап беру арқылы тағы жапырақтар жинайды, толық жауап – 2 жапырақ, толық емес жауапқа – 1 жапырақ алады.
Оқушылар, сабақ соңында барлық кезеңдер бойынша 6 жапырақ жинаған оқушыға 10 ұпай, 5 жапырақ жинаған оқушыға 9 ұпай, 4 жапырақ жинаған оқушыға 8 ұпай, 3 жапырақ жинаған оқушыға 7 ұпай қойылады. Бұл – бүгінгі сабақтағы жетістік критерийлері, сондықтан сабаққа барынша белсенді қатысып, жапырақты көбірек жинауға тырысамыз.
Тағы бір ескеретін жағдай, барлық жапсырылған жапырақ санын есептеп, жеңімпаз топты да анықтаймыз, демек топтың жеңімпаз болуына бәріміздің де үлесіміз болады.
Бағалаудағы ерекшелік – жапырақтар топ ортасына толық жауап санына негізделіп қойылады, бірақ оқушы критерийді ескере отырып және өз нәтижесін өзі көре отырып, өзін өзі бағалау жүйесін іске асырады.
Бүгінгі сабақта біз тақырып негізіне байланысты нобайлар дайындаймыз.
Сабақтың басында бірқалыпты музыка ойнап тұрады. Тақтада әртүрлі сәулет кешендері мен заманауи құрылыстардың фотосуреттері ілінеді. №2 қосымшада ұсынылған бейнетаспалардың бірін көруге болады. Мұғалім сабақтың басында оқушылардың есіне сызықтардың әсерлі мүмкіндіктерін түсіреді, балалар сызық көрерменге нені білдіруі мүмкін екенін айтады. Таныс материалды еске түсіру арқылы оқушылар жаңа, алайда бірақ өздеріне жақын тақырыпты меңгеруге көмектеседі.
Сабақ үш кезеңнен тұрады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |