Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
Мақсаты мен міндеттері: А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе »оқулығы
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
«Кім жылдам» -ойыны аспанға ұшып бара жатқан шарларды ұстап қал. Берілген сөздерден мақал құр.
Білімдіге дүние жарық-
Білімсіздің күні кәріп- мақалды қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі танысатын алғашқы бөлім «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп аталады.Неліктен бірінші бөлім білімге байланысты аталады?
2.Жаңа тҮш сом
апсырмаларды қалыптастыру:
Жоғардағы күн сәулелеріне қандай сөздер жазар едің? Қандай түспен бояр едің, неліктен?
Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолдарына қандай оқулық ұстадыңдар? Неге Білім көзі «Әліппеде» дейді? Алғаш әліппені жазған кім?
Ахмет Байтұрсынұлы(1873-1938)
ақын
ағартушы ғалым
Оқулық бойынша жұмыс 4-5 бет
4беттегі сұрақтарға жауап бер.
5 бет «Әліппенің атасы» мәтін
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
Сөздік жұмыс : жер аудару-адамды соттап, алыс жерге жіберу;
сөз мұрасы- ел ішіндегі сақталып қалған аңыз:
-тізбек бойынша оқу
-азат жолмен оқу
Дәптермен жұмыс: түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жаз. Олардың түстеріне мән бер.Он жаста тіркесі неге қара түспен боялған? Отбасында, әкесі, он жаста, Ерғазының, мұғалімдер мектебін, мұғалім, сөз мұрасын.
Сергіту сәті
-
Мәтінді тұтас, бірнеше рет оқып шығу
3. Жаңа білімді бекіту:
Теріп алған сөздеріңді тірек етіп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығрақ әңгімеле.
Сұрақтар: 1. А. Байтұрсынұлы кім?
2. Қандай газет шығарған?
3 Қандай оқулық жазған?
4. Тағы қандай шығармаларын білесің?
4. Үйге тапсырма: 5 бет мәтінді әңгімеле
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»
Мақсаты мен міндеттері: А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу, терең білім алуға тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе »оқулығы, құмырсқа суреті;
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: «Пікіплер ағашы» Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің айтып бер.
1.Ол кім? 4. Қандай оқулық жазған??
2.Қайда туған? 5. Қандай шығармаларын білесің?
3. Қандай қызмет атқарған? 6. Әкесінің аты кім?
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Күн сәулелеріне не жазар едің?
Бүгін А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен әрі қарай танысамыз «Оқуға шақыру»- өлеңін оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 6-7 бет
6 бет «Оқуға шақыру» өлең
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
Сөздік жұмыс : іздеп тауып алалық- үйрену, оқу, із
-
-тізбек бойынша оқу
-
-азат жолмен оқу
-
Бөлімдерге бөліп оқу * Оқуға шақыру
* Еңбек іс-әрекеті
*Даналық Даналық- сөзін басқаша қалай айтуғаболады?
Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқы.
Оқуға, жұмыссыз, даналық, байқап, қаралық, даналық- өшпес жарық, кетпес байлық.
-өлеңді тұтас мәнерлеп оқуға дағдылану
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту: Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп, сызбаны өз сөзімен түсіндір. Неліктен бұл сөздер құмырсқа түрінде көрсетілген?
іздену үйрену
оқу жарық
Еңбек Даналық Білім байлық
«Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық» жолдарын сен қандай сызба арқылы көрсетер едің? (топтық жұмыс) –шығармашылық жұмыс
4. Үйге тапсырма: 6 бет мәнерлеп оқу, 8 бет №9 тапсырма дәптерге жазу.
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Мақсаты мен міндеттері: ЫбырайАлтынсаринның шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның портреті кесте;
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Жұмбақтар шешу:
1.Сөзі –дан, үні жоқ, 2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ. Шиыр-шиыр жолы көп.
Қолыңа алсаң-шешең, Өзі сөйлей білмейді,
Ақылы асқан көсем. Саған ізі сөйлейді.
3. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар.- жұмбақтардың шешулеріне ортақ тақырып ойлап тап
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
ақын
жазушы ағартушы ұстаз
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Сырбай Мәуленовтың «Дала жұлдызы » шығармасын оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 9-11 бет
9-11 бет «Дала жұлдызы»- мәтін.
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
Сөздік жұмыс : қараңғы- оқымаған, саутсыз, білімсіз.
-
-тізбек бойынша оқу
-
-азат жолмен оқу
-
Мәтінде кім туралы әңгімеленген?
-
Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төменгі үлгі бойынша ата
Мәтін кейіпкерлері
|
Ол кім?
|
Ыбырай Алтынсарин
|
....
|
...
|
...
|
...
|
...
| -
Мәтінді түсініп бірне рет
-
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту: Топтық жұмыс : төменгі сөздерді атап Ыбырай ата туралы әңгімеле(1,2 топ) қара бояумен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, Есжанның тұрмыс-жайын әңгімеле (3,4 топ).
Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді ата : Торғай қаласына, ұстаз, мектеп салдырды, оқуға балалар тарту, жұпыны, тозған, жоқшылық зардабын, өңі жүдеу, қайтыс болыпты, жарық, оқулық жазды, жалғыз өскен емен ағашы, мыңдаған бұтақ, жалғыз жұлдыз, мыңдаған жұлдыз.
Суретпен жұмыс:
1.Суреттегі адамдарға ат қой.
2. Бұл сурет әңгімедегі қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың?
3. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
Дәптермен жұмыс: жалғыз өскен емен-........
жалғыз жұлдыз-......... қара-қарсы сөздер тауып жаз.
Бүгінгі сабақта кім туралы толық мәлімет алдық? Өздеріне жаңадан не алдыңдар.
4. Үйге тапсырма: 9-10 бет әңгімеле №9 тапсырма дәптерге
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар»
Мақсаты мен міндеттері: ЫбырайАлтынсаринның шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның портреті, кесте; сөзжұмбақ
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сөзжұмбақ шешу
1.Мәтінді жазған жазушының есімі Ы
2.Ыбырайдан сабақ алған жазушы. Б
3.Мәтіннің аты: Дала... Ы
4. Дала жұлдызы атанған кім? Р
5. Ыбырай оқытқан баланың есімі. А
6.Ы. Алтынсарин мектеп ашқан қаланың аты. Й
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
ақын
жазушы ағартушы ұстаз
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Ы. Алтынсаринның «Өнер,білім бар жұрттар » шығармасын оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 12-14 бет
12-14 бет «Өнер, білім бар жұрттар»- өлең
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
-тізбек бойынша оқу
-
шұмақтап оқу
-
өлеңде не туралы айтылған?
-
Суретпен жұмыс : Суреттерді мынадай топтарға бөліп ата:
-Ғылым мен техника дакмымаған кездегі тұрмыстық заттар.
-Қазіргі заманғы техника
-Әр топтағы суреттерді тағы қалай толықтырар едің?
-Саған қай топтағы суреттер ерекшк ұнады? Неліктен?
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту: Топтық жұмыс : 1-топ заттардың атын атайды. 2 топ өлеңдегі сөздерді пайдаланып, сипаттап айтады.
-Ата-анаң немесе жақындардың істеп жүрген жұмыстарын есіңе түсір. Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едің?
4. Үйге тапсырма: 12-14 бет мәнерлеп оқу
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Әке арманы»
Мақсаты мен міндеттері: Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: М. Әуезов портреті, сурет, Венн диаграммасы
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Көп нүктенің орнына қажетті дыбыстарды қой:
.....І......І-------М (білім) ....Ы....Ы-------М (ғылым)
Жұптық жұмыс: берілген мақалдарды білім, ғылымға қатыстысының бар-жоғына қарай екі тақырыпқа бөл
-
Оқу инемен құдық қазғандай. ғ
-
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. б
-
Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
-
Оқу –білім бұлағы,білім-өмір шырағы.б
-
Ынтымақ істі бітірер.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Мұхтар Әуезовтың «Әке арманы » шығармасын оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 15-18 бет
15-18бет «Әке арманы»-мәтін
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
-тізбек бойынша оқу
-
азат жолмен оқу
-
мәтенде не туралы айтылған?
-
Суретпен жұмыс : Суреке зер сал
-
Кімдерді көріп тұрсың?
-
Осы суретті қалай атар едің?
-
Абайдың арманы не?
-
Абайдың арманың қалай бейнелер едің?
-Ғылым мен техника дакмымаған кездегі тұрмыстық заттар.
-Қазіргі заманғы техника
-Әр топтағы суреттерді тағы қалай толықтырар едің?
-Саған қай топтағы суреттер ерекшк ұнады? Неліктен?
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту: Мәтінге сүйеніп сызбаны толтыр.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
-Мәтінен ашық жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл тіркестер кімнің сөзнен алынған? Осы сөздерді пайдаланып Абайдың Әбішке не айтқысы келгені туралы әңгімеле.
- Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Олар неге қызыл түспен боялған?
-Мәтіннен көк түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Әбіршің қандай мақсат қойғаны туралы әңгімел
4. Үйге тапсырма: 15-18 бет оқу, әңгімеле, 19бет №9 тапсырма дәптерге.
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Абай «Адам болам десеңіз»
Мақсаты мен міндеттер: Абайдың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Абай портреті, ребус
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Ребус құрастыру: суреттегі заттарды ата. Шешуі Абай болатын ребус құр.
Аспан барыс ай
Абай Құнанбаев (1845-1904)
қазақтың ұлы ақыны
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Абай «Адам болам десеңіз » өлеңін оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 21-22 бет
21-22 бет «Адам болам десеңіз»- өлең
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
-тізбек бойынша оқу
-
шұмақтап оқу
-
өлеңде не туралы айтылған?
-
Суретпен жұмыс : Суреттерді мынадай топтарға бөліп ата:
20 бет ьойынша Суреттен Абай аталарын туралы не білдің? (жұптық жұмыс)
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту:
Абай атаның өлеңіне сүйеніп, берілген сұрақтарға жауап бер:
-
Адам баласы білімді болу үшін не қажет?
-
Ғылымға, білімді болуға кедергі болатын нелер?
-
«Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз...» деген ақын ойын қалай түсінесің?
Бүгін сәуле тағы да өлеңді жаттамай келді. Не істеуі керек? Мұғалім басқа балалардан сұрағанша, өлеңнің бір шумағын ғана жаттап үлгерді-ау. Сәуле өзінің тапқырлығына мәз болды: бұл жолы да «екілік» алудан аман қалды. Сәуленің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір. Абай ата Сәулеге не дер еді? Өлеңді пайдаланып жауап бер.
4. Үйге тапсырма: 20 бет мәнерлеп оқу
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Қырдан келген жас қазақ»
Мақсаты мен міндеттер: Міржақып Дулатовтың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Шоқан Уәлиханов портреті.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Шоқан туралы не білесің? Берілген суреттерді пайдаланып, Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.(Шоқан Омбыдағы қадет корпусында оқыған.)
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
ғалым, саяхатшы
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Міржқып Дулатовтың «Қырдан келген жас қазақ » мәтінді оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 23-24 бет
23-24 бет «Қырдан келген жас қазақ»- мәтін
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
-тізбек бойынша оқу
-
азат жолмен оқу
-
мәтінде кім туралы айтылған?
Сұрақтар бойынша жұмыс:
-Мәтіннен ашық жасыл түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы. Осы сөздерге сүйеніп, Шоөанның іс-әрекеті, қызметі туралы әңгімеле.
-Көкшіл түспен боялған кісі аттарын білесің бе?
Сергіту сәті
-
Жаңа білімді бекіту:
-Күннің суретін ал. Ортасына Шоқан деп жаз. Әрбір сәулесіне мәтіннен қызыл түспен жазылған сөздерді жаз. Күнге тағы қандай сәулелер қосар едің?
зерек
ақ жүрек
ұлтын сүйюші
ақылдылығы
4. Үйге тапсырма: 23-24 бет оқу, әңгімелеу.24 бет №5 тапсыпма ауызша.
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев « Ауылға келген мұғалім»
Мақсаты мен міндеттер: М.Жұмабаевтың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтіндіі талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: М: Жұмабаев портреті, кесте.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
ғалым, саяхатшы
зерек
ақ жүрек
ұлтын сүйюші
ақылдылығы
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Бүгін Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысамыз.,
Мағжан Жұмабаевтың өмір- баянымен таныстыру
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Солтүстік Қазақстан облысында туған
Жазушы
ақын
педагог
Оқулық бойынша жұмыс 25-28 бет
25-27 бет «Ауылға келген мұғалім»- мәтін
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
-тізбек бойынша оқу
-
азат жолмен оқу
-
мәтінде не туралы айтылған?
-Мәтіндегі жасыл түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы Сызбаны толтыр.(жұптық жұмыс)
Мәтіндегі кісі аттары
|
Олар Мағжанға болады?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сергіту сәті ынтасы зор қисса-дастандарды оқиды
медреседе оқыдыақындық таланттары оянды
3 тілде сөйлеуге үйренеді (топтық жұмыс)
Достарыңызбен бөлісу: |