Кафедрасы



бет1/6
Дата07.03.2024
өлшемі79.28 Kb.
#494683
  1   2   3   4   5   6
Глосарий Тоғжан


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
 


 Факультеті: «Спорт және өнер»
 Кафедрасы: «Бейнелеу өнері»
 Мамандығы:Көркем еңбек және графикалық жобалау

БӨЖ


Дайындаған: Айса Тоғжан
Группа: ӨБС 211
Қабылдаған: Ержан Ауелбеков

Тақырыбы: Бейнелеу өнері (Глоссарий)




АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған портреті не суреті. Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске сақтау, санада ұстау, елес әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін.
АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) – көрушінің көзіне бірден ілігетін, айқын бейнеленген суретті айтамыз. Мұндай суреттерде шебердің қолы, әдіс-тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі.
АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен шыққан.
АҚИҚАТ, ШЫНДЫҚ, БОЛМЫС (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ) – қоршаған орта болмысы. Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес.
АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша талдау әрекетін жасап, оның бас бөліктерінің бейне бір заттарға салыстырмалы түрде ұқсатып, мысалы: геометриялық денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау.
АНТИКАЛЫҚ (АНТИЧНЫЙ лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне грек, көне Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс көшірмелерінен суретке салу бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған.
АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада. Адамның портретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу процесінде мұндай жұмыстар өте жиі кезігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет