Оқушыларға тақырыпты болжау суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
- Әкешім – бәйтерегім, Әке – шаңырақ тірегі, Әке – астар тауым сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
ҚБ. Жұлдызшалар арқылы бағалау.
Сабақ ортасы –
32 минут
|
Ж. Тапсырма. Сөздікке сүйеніп, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықта.
«Семантикалық карта» әдісі
Мақсаты: сөздік қорды дамыту, мағынасын ашу.
Сөз
|
Сіздің ойыңызша, оның мағынасы қандай
|
Сөздіктегі анықтамасы
|
Сөйлем
|
отағасы
|
|
|
|
өнеге
|
|
|
|
ағайын
|
|
|
|
еркеле
|
|
|
|
қолда
|
|
|
|
тәрбие
|
|
|
|
Дескриптор:
- сөздіктің көмегімен сөздердің мағынасын табады;
- сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтайды;
- сөйлем құрайды.
ҚБ. Өзін-өзі бағалау (дескрипторға сүйеніп өзін-өзі бағалайды).
«Бір минуттық әңгіме» әдісі Иен Майлс бойынша
Мақсаты: оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.
ЖЖ. Тапсырма.
А) Мәтінді тыңда. Мәтінге тақырып қой.
Тыңдалынатын мәтін:
Аяулы әкетайым, мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім, сізге ерекше еркеледім.
Сізді мақтан етемін, құрметтеймін. Өзіңізге деген сенім қалыптасты. Сізден жауапкершілікті үйрендім. Бізге: «Үлкендерге сәлем беріңдер», «Қолында ауыр заты болса, көмектесіңдер», «Өтірік айтпаңдар!», «Ұрлық жасамаңдар!», «Намысты болыңдар!», «Қиындыққа шыдаңдар!», «Жасырын, жаман істен аулақ болыңдар!» - деп тәрбиеледіңіз.
Сізді қатты сағындым, аяулы әкем!
Ә) Досыңнан әкесі туралы сұхбат ал.
- Сәлем, Айнұр!
-
- Сен кімді үлгі тұтасың?
-
-Әкеңнің саған жасаған ең алғашқы сыйлығы есіңде ме?
-
Дескриптор:
- мәтінді тыңдайды;
- тақырыбын анықтайды;
- тақырып бойынша өзара сұхбаттасады.
ҚБ. Өзара бағалау (жұптар бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды).
Мақал-мәтелдердің_мағыналарын_түсіндір._Дерексіз_зат_есімдерді_тап.'>С. Тапсырма.Мақал-мәтелдердің мағыналарын түсіндір. Дерексіз зат есімдерді тап.
1. Әке – балаға сыншы.
2. Әке – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
3. Әкеден – ақыл,
Анадан – мейірім.
4. Отан оттан да ыстық.
5. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
6. Үйлену оңай, үй болу қиын.
Мақал-мәтел
|
Деректі зат есім
|
Дерексіз зат есім
|
Әкеден – ақыл,
Анадан– мейірім.
|
әке, ана
|
ақыл, мейірім
|
Әке – асқар тау,
Ана– бауырындағы бұлақ,
Бала– жағасындағы құрақ.
|
|
|
Әке – балаға сыншы.
|
|
|
Отан оттан да ыстық.
|
|
|
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
|
|
|
Үйлену оңай, үй болу қиын.
|
|
|
Дескриптор:
- мақал-мәтелдердің мәнін мұғалім жетекшілігімен түсіндіреді;
-деректі және дерексіз зат есімдерді мақал-мәтелдерден ажыратады
ҚБ. Қосу, алу, қызықты!
«Төрттік» әдісі (әке, ана, бала, дос)
Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады.
ТЖ. Тапсырма.«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы мәтінді оқып, өзіндік пікірді постерге түсіреді.
Мақсаты: Ой желісі арқылы екі жақты пікірді үйлестіру, өзіндік түсінік қалыптастыру, мәтіндегі тірек сөздерді теріп алу.
Мәтін
|
Пікір
|
Әкеге тән қасиеттер
Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелген.
|
|
Әкеге тән әрекеттер
Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру – қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі.
|
|
Дескриптор:
-мәтіндерді түсініп оқиды;
-әкеге тән қасиеттер мен әрекеттерді ұғынады;
-өзіндік пікірін постерге түсіреді.
ҚБ. Екі жұлдыз, бір тілек.
Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.
|
Әдістемелік кітапша. Бегалиева Б.М. 2015 ж.
«Оқытуда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер»
Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек.
6-сынып
1-бөлім. Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, А.Рауандина, Р. Рахметова, Қ.Жайлаубава/Көкжиек-Горизонт,
2018,
|
Сабақтың соңы –
3 минут
|
Рефлексия - «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі
Мақсаты: оқушының алған білімін саралай білуге дағдыландыру.
Қадамдары:
-оқушылар тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды шабаданның тұсына жазады;
-әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады;
-керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады.
Осылайша, оқушылардың өткен сабақтан қандай білім алғанын білуге болады.
|
Оқытудығы интербелсен
ді әдіс-тәсілдер. Оқу құралы. А.Қ. Әлімов /"НЗМ" ДББҰ ПШО, 2014.
-72 б.
|