Сабақ барысы: ІІ.Үй жұмысын сұрау кезеңі: ІІІ. Жаңа тақырып



Дата17.06.2016
өлшемі29.22 Kb.
#143420
түріСабақ
Сынып: 7

Балыктарга жалпы сипаттама. Сабақ міндеттері: Білімділік: Балықтардың сыртқы және ішкі құрылыстарын зерделеу арқылы қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін анықтау; әртүрлі балықтарды өзіне тән белгілеріне қарай жүйелеудің негізін айқындау. Оқушыларға сүйекті балықтар класының ерекшеліктері туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау , синтездеу, қортындылай білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: Балықтардың адам өміріндегі пайдасын айтып тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: Электрондық оқулықтан үзінді,кестелер. Сабақ барысы:

ІІ.Үй жұмысын сұрау кезеңі:

ІІІ. Жаңа тақырып.



Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері түрліше. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарда ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасқан. Жақсүйектерде тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі.



Қаңқасы –бассүйек, желбезек қақпағы, жүзбеқанаттың сояуы, омыртқа жотасы, жүзбеқанаттың таянышы. Асқорыту жүйесі- ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, бауыр, ұйқыбездің өті,алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Тыныс алуы- желбезек, суда еріген оттегімен тыныс алады. Қан айналымы- жүрегі екі қуысты: бір қарынша және бір жүрекшеден тұрады. Бір қанайналым шеңбері бар. Жүрек арқылы тек көмірқышқылына қаныққан вена қаны өтеді, ол қан жүректен желбезек шашақтарына өтіп оттегіне қанығып , арқа қолқа қантамыры арқылы денеге тарайды. Зәр шығару жүйесі- қуық бар және оларда зәр тесігі жеке сыртқа ашылады. Жұп бүйрек ұзын таспа тәрізді. Жүйке жүйесі- орталық жүйке жүйесі (әсіресе,миы) жақсы дамыған. Миы айқын бес бөлімнен тұрады. (алдыңғы ми, аралықми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми). Көбеюі- дара жынысты: көбі іштей ұрықтанады; аналықтары аз мөлшерде уылдырық шашады, кейбіреулері тірі шабақтайды. Ұрпаққа қамқорлық көрсетеді.

Сәулеқанатты балықтар. Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90% -дан астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдағы бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады.

Қалаққанатты балықтар. Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты балықтар. Олар желбезегімен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді. , тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде , Африканың , Австралияның өзендерінде кездеседі. Саусаққанатты балықтар. Бұл балықтар ерте заманда кең таралып , кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана – латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша , құрлыққа алғаш шыққан қосмекнділердің арғы тегі осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауаға түсті. Саны аз болғандықтан , ауаға өте сирек түседі.

ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1, 3, 5, 8, 9, 11.

2, 4, 6, 7, 10, 12, 13.

1. Акула, скаттар, сауытбалық, жыланбалық .

2. Латимерия, сазан, шортан, ақмарқа.

3. Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған.

4. Терісі ірі қабыршақтармен қапталған.

5. Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады.

6. Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар.

7. Торсылдағы болады.

8. Торсылдағы болмайды.

9. Клоакасы бар.

10. Аналь тесігі бар.

11. Іштей ұрықтанады.

12. Сырттай ұрықтанады.



13. Уылдырығының саны көп.

Ү. Үйге тапсырма: Сүйекті балықтарды оқу, кестені толтыру.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет