Ақпараттық жүйелерді жобалау
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері.
Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары.
Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу.
Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары.
Ақпараттық жүйелерді құрылымдық талдау мен жобалаудың мәні. Құрылымдық жобалаудың әдістемелері.
Ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған талдау мен жобалаудың мәні. Объектіге бағытталған тәсілдеме қағидалары. UML диаграммаларды қолдану.
Ақпараттық жүйелерді құрылымдық және объектіге бағытталған жобалаудың CASE-технологиялары.
Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. SADT (IDEF0) және DFD әдістемелерінің міндеті мен құрамы.
Ақпараттық модельді жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. ER–диаграммалар.
IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.
1. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері.
Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім.
Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.
Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:
- енгізу/шығару диалогын;
- диалог логикасын;
- мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;
- мәліметтерді басқару логикасын;
- файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;
Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр. Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.
Жүйелер мен жүйелік талдау. Жүйе, иерархия, иерархия принциптері, сыртқы орта, декомпозицияның әртүрлі түрлері. Жүйелік талдау сатылары: есептің қойылымы, жүйені құрылымдау, модельді құру және зерттеу. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кеңейтілген кезеңдері мен сатылары.
АЖ жобалаудың әдіснамасының негізгі түсініктерінің бірі – оның бағдарламалық қамтамасыздандыруының (БҚ) өмірлік циклі түсінігі. БҚ ОЦ-оны жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған уақыттан қолданудан толық шығарылып тасталатын уақытына дейінгі үзіліссіз процесс.
Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, әзірлеушілердің колективін жинақтаумен, орындалатын жұмыстардың мерзімін және сапасын бақылаумен айналысады.
Жобаны техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жобаны жүзегеасыратын әдістермен инструменталды құралдарды таңдауды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері. Концептуальды, логикалық және физикалық жобалау. Ақпараттық және оптимизациялық есептер. Ең тиімдісін таңдау мақсатымен алгоритмдердің сапасын бағалау. Ақпараттық жүйелердің әртүрлі құрылымдарын көрсетудегі формальдық көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |