Сабақ барысында пайдаланған тиімді оқу сервистерінің нәтижесінде оқушыларым пәндік олимпиадаға қатысып, жүлдерлі орында қанжығасына байлады



Дата12.09.2022
өлшемі23.96 Kb.
#460629
түріСабақ
« ОҚУ-ЕҢ ЖАҚСЫ ТӘЛІМ » Мақала


Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы,
Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі



ТАҚЫРЫБЫ: « ОҚУ-ЕҢ ЖАҚСЫ ТӘЛІМ »




Орындаған: Сабитова Н.М
Отарбаева А.Б

2021-2022 оқу жылы


«Жақсы ұстаз маған бәрінен қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз айтқандай, өзінің бар уақытын шәкірттерді біліммен сусындатуға арнаған, жүрегімен ұстаздықты сезінген аяулы жандар аз емес. Ұстаз болу, оқушыларыма жақсы тәрбие беру, менің бала кезімдегі арманым еді. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек. Жақсы ұстаз шәкіртімен көзге көрінеді. Шәкіртсіз мұғалім ағашсыз орманмен тең. Орман өз ағаштарымен көрікті болса, ұстаз да өзінің жұмысының нәтижесін көрсететін шәкірттерімен көрікті. Әрбір ұстазда мақтан етер шәкірт болса, онда еңбегі зая кетпегені.
Күнделікті сабаққа кірген кезде, оқушыларымның жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге аса мән беремін. Кейбір балалардың көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен сабағымды тақырыпқа бағытталған психологиялық тренингтермен немесе жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан оқушылардың көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.
Мен сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Wordwall, Kahoot, guizizz, learningapps бағдарламаларын және де әртүрлі қызықты әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Бұл бағдарламалар сабақтың қызықты өтуіне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқушының білімін көрсететін дода пәндік олимпиада.
Сабақ барысында пайдаланған тиімді оқу сервистерінің нәтижесінде оқушыларым пәндік олимпиадаға қатысып, жүлдерлі орында қанжығасына байлады.
Атап айтасам, Сабитова Дильшат аудандық және обылыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі II орын игері болды. Оқушыны пәндік олимпиадаға дайындағанда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Оның ішінде сұрақ-жауап, мәтінге тақырып қою, «Мәтінді тыңдап, аяқта», «Ассоциация және болжам» деген әдістерді пайдаландым.
Мен оқу жылында Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу онлайн байқауы 6 «в» сынып оқушы Темірболат Нұрболды қатыстырған болатынмын. Нәтижесінде оқушы III дәрежелі дипломмен марапат алды.
А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мектебімізде іс-шаралар жүзеге асты. «АХМЕТ- ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ» атты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара 2-кезеңнен тұрды. 1-кезеңде 9-11 сынып оқушылары қабырға газетін шығарып қорғады. 2-кезеңде 5-7 сынып оқушылары ағартушы өлеңдерінен мәнерлеп оқудан өз өнерлерін көрсетті
Кітапханашымен бірге А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына «Бір ел – бір кітап» акциясын өткіздік. Әр кезеңде заманауи әдіс – тәсілдер қолдану арқылы әдеби джем, ертегілерден үзінді тапсырмалар берілді. Байқау қорытындысы бойынша Сарсеновтер отбасы жүлделі 1 – орынды иеленді. Байқауға 5,7,8 сынып оқушылары қатысып, жақсы әсер алды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 23-сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне» орай, бастауыш сыныптар арасында «Кітап -білім бұлағы» атты book time өтті. Шараны мектеп кітапханашысы Нұргүл Масғұтқызымен бірлесіп жүргізіп, мақсатымен таныстырдық. Кітап туралы мағлұмат беріліп, мақал-мәтел, жұмбақтар шешіліп,өлеңдер оқылды. Шара барысында заманауи әдістер қолдану арқылы,оқырмандарға тапсырмалар берілді.
Оқырмандар «Сыр сандық » әдісі арқылы жасырылған кітаптан үзінді оқып,кітаптың атын тауып, сыйлықтарға ие болды.
Мектебімізде өткен«Жалындай бер, жас маман» апталығында Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Ашық сабағымда Wordwall, Online mektep бағдарламаларын және де «Ойлан, топтас, бөліс», «Еркін микрафон» әдістерін пайдаландым. Ашық сабақ мақсатын жеткен, үлгілі деп бағаланды.
Мен қазіргі таңда енбек жолын енді бастаған жас маманмын. Жас маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым – оқушыларды тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Тәжірбиелі ұстаздардан үлгіп алып, ел ертеңінде шебер және тәжірбиелі ұстаз болып, білім алушы шәкірттерімнің бойына білім нәрін сіңіріп, елін сүйер жан-жақты қалыптасқан азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге даярмын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет