Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру



бет1/7
Дата07.02.2024
өлшемі406.5 Kb.
#491292
  1   2   3   4   5   6   7
-dip -avtomabilderdin-jelektrotehnikalyq-zhane-jelektrondyq-zhabdyqtary-kursy-mazmuny-zhane-adistemesi-jasavi-2008-40


М АЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................7
1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына оқыту мазмұнының кейбір
мәселелері................................................................................................................9
1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктері..................................................................................9
1.2. Мамандық бойынша студенттерді оқытудің интегративтік функциялары..........................................................................................................13
2. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығын меңгеру тәсілдері мен әдістемесі..................19

2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру...............19


2.2. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсын оқыту практикумы...................................................................................21
3. Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтарын оқыту мазмұны мен оқыту ерекшеліктері......................................................................30
3.1. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсының мазмұны ...............................................................................................30
3.2. Автомобильдің электрлік жабдықтары әдістемесінің ерекшеліктері......35
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................44
ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................................46
ҚОСЫМША...................................................................................................49

КІРІСПЕ



Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп
бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық.
050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:
- 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау;

  • оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;

  • оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді.

Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде орындалатын дипломдық жұмыстардың талаптарына сәйкес зерттеу жұмысының бағытын, мамандық бойынша өте маңызды болып саналатын арнайы курс "АВТОМАБИЛЬДЕРДІҢ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ" -КУРСЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ тақырыбы таңдалынып алынды.
Жұмыстың мақсаты: аталған курс мазмұны мен оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздерін анықтау.
Жұмыстың нысаны: 050120- “Кәсіптiк бiлiм” профилі бойынша мамандыққа дайындау процесі.
Жұмыстың пәні: мамандық бағытындағы курс мазмұны, курсты оқытудың педагогикалық шарттары.
Жұмыстың ғылыми болжамы: “Кәсіптiк бiлiм” профиліндегі мазмүны бойынша оқыту мазмұны меңгерілетін мамандық талаптарына сай келеді, егерде:

  • болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдері тиянақты кәсіби дайындықтармен қамтамасыз етілсе.

Жұмыстың міндеттері:
1. Мамандыққа бағытталған курс мазмұнын жасау.

  1. Меңгерілетін мамандыққа студенттердің ынталығын қалыптастыру негіздерін анықтау.

  2. Оқытудағы дифференциалдық оқытудың интегративтік функцияларын анықтау.

  3. Студенттердің мамандық бойынша /курс негізінде/ іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет