Ойжан Эшмаханова
Қарағанды обылысы
Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы
№16 лицей-мектебінің мектепалды
даярлық топ тәрбиешісі
Армысыз-күз жомарт.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ әдістері: Көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ-жауап беру.
Сабақтын көрнекіліктері: тақырыптық, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністер, себеттер және күз келбеті.
Сабақтын барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші:
Құрметті : Ата-аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер және қонақтар!
Алтын күз мерекесі құтты болсын!
Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі келді.
Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауабы : күз мезгілі.
Олай болса күз айларын ортаға шақырайық
1 – бала:(Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп
Құс шарлап аспанды.
Қыркүйек айы мен боламын !
2 – бала: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай
Қазан айы мен боламын!
3 – бала: (Қараша)
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып
Қараша айы мен боламын!
Тәрбиеші: Мінекей, балалар күз айларымен таныстық.
Балалар бүгінгі ертеңгілгімізде кім жоқ деп ойлайсындар?
Балалар: Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасындар балалар. Олай болса, ортамызға күз ханшайымын шақырайық.
Хормен, балалар:
Келші, келші, алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Меркені жалғастырып,
Ойнап күлші, алтын күз.
Осы кезде мереклік көңіл-күймен залға Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы:
Армысыздар, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен-мырза күз ынтымақты еліңе,
Береклі ырыс болып енетін,
Күз ханшайымы мен болам.
Жүргізуші: Қош, келдін Күз ханшайымы, өзінмен бірге береке-байлық, молшылық, тоқшылық ала-келдін. Біздің балалардын өзінізге арналған тақпақтары, билері, әндері бар енді соларды тамашалайық.
Тақпақтар:
1-бала:
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
2-бала:
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай алмасын.
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.
3-бала:
Өрік, шие, балы бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал.
Неге аласың демейді.
4-бала:
Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жеке би «шығыс биі»
1-бала:
Сап-салқын боп келе жатқан
Сезді ме екен күнді олар.
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.
2-бала:
Жоғалтқандай көше әрін,
Сәл шаңытып тұрды ауыл.
Аққулардың әсем әні
Ұласқандай мұңға бір.
3-бала:
Бара жатыр сәуле сеуіп,
Ақ жалаулар, ақ таулар.
Аман-есен көрісейік,
Айналайын аққулар.
4-бала:
Күн қауышып, ай туысып,
Ақ арманға еріңдер.
Қарлығаштар қайтып ұшып,
Туған жерге келіңдер
Ендігі кезекті: «жемістерге»берейік.
Қара өрік:
Қара деген атым бар,
Меннен де дәм татыңдар
Дәрі орнына жүруге
Кейде менің хақым бар.
Құлпынай:
Піскен кезде құлпынай
Қандай әсем, шіркін-ай!
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін-ай.
Шие:
Шиемін, мен шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Қарақат:
Торсиған бал ауызға
Кіп-кішкентай қарақат.
Салып қояр ауызға,
Болса егер бала тап
Алма:
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Өрік:
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр» - деймін.
Хор: «Күз жомарт». Сөзін жазған Е. Өтетілеуов. Әнін жазған Д. Ботбаев.
1-бала: Бау-бақша тосады,
Тосады достарым.
Дастарқан толған дәм,
Жайдары аспаным.
2-бала: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
3-бала: Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
4-бала: Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Ойын: «Кім жылдам ?». (Көкөністер мен жемістерді ажыратып, себетке жинайды.)
1-бала: Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
2-бала: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап астық алдық біз.
3-бала: О, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты,
Гүл, жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.
4-бала: Бүгін мейрам, бүгін той.
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой
Көрініс: «көкөністер айтысы»
1 – бала: (қызанақ)
Жиналып қалыпбыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
2 – бала( бұршақ)
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне,
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне!
3 – бала(қызылша)
Менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде
4 – бала: (орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жиді тамсана
5 – бала:(сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамда
Кем болмайды күшкеде!
6– бала:(пияз)
Дауласуды қояйық ,
Бәріміз дос болайық!
Бізсіз тағам дәмді болмайды.
1-бала:
Астық-дала сәулеті,
Астық-Отан дәулеті.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала!
2-бала:
Жатқандай жапырағы сіздерді Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы, сары алтын күз келеді
3-бала: Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
4-бала: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап астық алдық біз.
5-бала: О, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты,
Гүл, жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.
6-бала: Бүгін мейрам, бүгін той.
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой
Би қыздар тобы: Қазақ биі «Құрбылар».
Отан туралы тақпақтар:
1-бала:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
2-бала:
Алтын шашқан сияқты ,
Жер бетіне нұр тамған.
Бар адамға шуақты ,
Осы менің Отаным.
Жүргізуші:
Балалар, міне байлықтың барлығы жер-ананың қойнауында екенін білдіндер. Жер-анаға рақмет айтып басымызды иейік. Отанымыздың-жері кең, жері бай екенін білдіңдер. Сондықтан: Отан туралы әндеріңді орындап жіберіңдерші...
Хор: «Отаным». Өлеңін жазған А.Қалманбетов. Әнін жазған К. Қуатбаев.
Алтын күз: Ал, бүлдіршіндерім! Бүгін барлығың да өнерлеріңді
көрсеттіңдер. Өнерлеріңе көп-көп рақмет. Сендердің
өнерлеріңмен қатар тапқырлықтарыңа да риза болдым. Мен
сендермен қоштасқым келіп отыр. Келесі кездескенше сау
болыңдар, өнерлерің өркендей берсін!
Осымен бүгінгі « Армысыз-күз жомарт.» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңіз үшін рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |