Сабақ әнұранды тыңдаумен аяқталады. ҮІІ. Мадақтау. Динамикалық үзіліс ойын «Орамал тастамақ»



бет4/6
Дата30.06.2016
өлшемі1.41 Mb.
#168192
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Дүниетану.

Тақырыбы: Көз көру мүшесі.

Мақсаты: көздің қоршаған ортаны танып білудегі орны, маңызымен таныстыру, көзді сақтауға тәрбиелеу, адам сезім мүшелерінің маңызын талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қоршаған дүние туралы түсініктерін дамыту.
Сабақтың жабдығы: түрлі заттар, суреттер, көкөністер, үлкейткіш шыны (лупа)
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып

1. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Оқушылар көздерін жұмып отырады, олардың қолына түрлі заттар таратылып беріледі. Заттардың қасиетін анықтау (қатты, жұмсақ, ұсақ, ірі, бұдыр, тегіс , т.б. ) олардың өздеріне тапсырылады.

Қолдарыңа берілген заттың несін анықтай алмадыңдар? Түсін.

Кейбіреуінің түсін осы сәтте көрмесең де айта аласың, неге? (Күнделікті өмірде кездесетіндіктен.)

Көз арқылы тағы нені көреміз?(Алыс жақынды, қимылды , өзгерісті, түрлі ерекшеліктердің бәрін көз арқылы көреміз).

Адамның көңіл күйін қалай байқаймыз? Адамның кейпінен, дауысынан.
2. Көз туралы жұмбақ айтқызу,оны шештіру.

Бір беткейде екі көл. ( көз )


Жағасы құрақ

Мөлдір суат. ( көз )


3. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, оқушыларға суреттен не көріп тұрғандарын, көңіл күйге байланысты көз пішінінің қалай өзгеретінін талдату. Балалардың көңіл күйінің неге байланысты өзгергені туралы әңгіме құрастыру.

4. Оқушылармен көз жанарынан айырылған адамдарға көмектесу туралы әңгімелесіп, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру.



Көзің ауырса, қолыңды тый мақалының мәнісін түсіндіру.Адамның көру мүмкіндігін күшейтетін құралдардың бірі үлкейткіш шыны лупамен таныстыру.Оның қандай жағдайларда қолданылатынын айту. Лупаны қолдарына беріп, әртүрлі заттарды қарап көрулерін сұрау.

Сергіту сәті

5. Тақырып бойынша берілген бірдей екі суреттің бір бірінен айырмашылығын табуға жаттықтыру.

6. Дәптермен жұмыс

III .Сабақты қорытындылау.

IV .Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын.

Математика.

Тақырыбы: Артық, кем, тең түсініктері.

Мақсаты: Артық, кем, тең түсініктерімен таныстыру, заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету, >, <, = таңбаларын дұрыс қолдана білу.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық көңіл -күй.



Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеу. Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, одан төмен тақтада аз орын алатындай 5 кішкентай дөңгелек бейнеленеді.


II. Жаңа материалмен таныстыру.

Тақтаға 2 көк және 1 қызыл шаршы қояды. Қандай шаршылар көп, қызыл ма, көк пе?Сендер неге олай ойлайсыңдар? Цифрмен көк шаршының санын көрсет. Осы цифрды үстелдің бетіне қой. Цифрмен қызыл шаршының санын көрсет. 2 цифрының оң жағына қой , мұғалім шаршылардың астына цифрларды бекітеді. Қандай цифр заттардың санының артық екенін көрсетеді? > таңбасын іледі және былай оқылады: 2 саны 1-ден артық .


Оқулықпен жұмыс.
№ 1.сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқу дағдыларын бекіту.

№ 2. Өздік жұмыс. 4 санының құрамын қайталау.


№ 3.Фигураларды атау, суреттен кесінділерді тауып, сызғыштың көмегімен олардың ұзындығын өлшейді.
№ 4.Зейіндерін, салыстыра алу дағдыларын дамыту. Фигураларды белгілеріне қарай топтарға бөлу.
Қосымша материал.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 2. Теңсіздік белгісін жазуға жаттығу.

№ 3. сурет бойынша жұмыс. Үстелдің бетіндегі заттарды санау. Қоршаудың ішіне салынатын заттың саны анықталады. Сурет салу. Торкөзге сәйкес сандар жазылып, балалар қандай таңба қойылатынын айтады. Таңбаны сандар арасындағы жұлдызшаның үстіне жазу. Дұрыс оқу. Жылдам орындайтын балалар үшін үстел үстіндегі суретті толықтыру, қасықтар мен пышақтардың санын теңестіру.

№ 4. Өздік жұмыс.

VI. Сабақты қорытындылау.

Динамикалық үзіліс
Тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:

Ө ө дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.


II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.

Шөлде бар,

Суда жоқ.

Көлде бар,

Буда жоқ. (Ө)
Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау.

Сөздерді оқытып, жаңа дыбыстың орнын тапқызып, олардың сөздің басында, ортасында келетінін ұғындыру.


III . Жазу дәптеріндегі ө әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
IV. Шырын тақырыбында берілген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Дәмді, тәтті сөздерінің қатарын көбейтіп, олардың сызбасын дәптердің бос жолдарына жазып, буындық,дыбыстық талдаулар жасалады. ( Дәмді, тәтті, қышқыл, ащы, тұщы , т.с.с.)


Сергіту сәті.

V .Дыбыстық диктант.

VI. Жемістер тақырыбында тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыру.

VII.Буындық диктант. Диктант өткен дыбыстарды пайдаланып, оқушылардың өздеріне ауызша буын құрату арқылы жазылады.

VIII . Логикалық жаттығу.
IX . Сабақты қорытындылау.


  1. мадақтау

Динамикалық үзіліс
Тақырыбы: Қ қ дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Қ қ дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.

Оңға қарай,

Оқысаң да бір халық.

Солға қарай

Оқысаң да сол халық .(Қазақ)

Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау.

Бағандағы сөздерді оқу, дыбыстық, буындық талдау, қ дыбысының орнын анықтату.
III . Жазу дәптеріндегі қ әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Қонақ,қуырдақ сөздеріне дыбыстық талдау.
IV. Астана тақырыбына арналған суретпен жұмыс. Мәтінді оқып, талдау.Сөздік жұмыс жүргізу. Тізбектеп оқуға берілген буын жаттығуларын анықтату.
Сергіту сәті.
Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт сұрт етті,

Біз бұға қалдық.
V .Мазмұнды сурет арқылы әңгіме құру. Дыбыстық, буындық талдау.
VI. Отбасы туралы әңгіме құру. Әңгімені мазмұны бойынша аяқтау.
VII. Сөздік диктант.
VIII . Логикалық тапсырма.
IX . Сабақты қорытындылау.
X. Бағалау
Тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:

К к дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін әңгіме құрауға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.

Өлең шумағын мәнерлеп айту.

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан- жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку- ка- ре- ку, тұр- тұрлап,

Оятады баланы.

Ку- ка- ре- ку сөзін бірнеше рет қайталап, қай дыбыстың бірнеше рет естіліп тұрғанына назар аудару;

Бағандағы сөздерді оқу, салыстыру, сөздік жұмысын жүргізу.

III . Жазу дәптеріндегі к әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

IV.Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құру. Көл жағасында тақырыбындағы мәтін мазмұны талданады.



Сергіту сәті.

V .Екі лақ тақырыбына әңгіме құру. Ойын түрінде тізбектеп оқу. Та -са, са- ла, ла- шын, шын-шыл, шын -тақ, тақ -сыр, сыр- ға.

VI. Салыстыра оқуға арналған тапсырма. Тарақ – тарағы, қатық қатығы, қасық қасығы, қонақ қонағы, қазақ қазағы, тымақ тымағы, тамақ тамағы, қуырдақ қуырдағы т.б.

VII. Буындық, сөздік диктант.Сөл- шөл, сән- сан, қал -қол, тас -төс.


VIII . Логикалық ойын.
IX . 68 бет баған сөздерін оқытып, сөзге қосымша буын жалғанғаннан мағынасы өзгерген сөздер туралы әңгіме жүргізу.
X . Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрау. Көрші мәтінін оқытып, өз сөздерімен айтуға үйрету. Орнын тап ойыны.
XI.Сурет бойынша тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Дидактикалық ойын.
XII . Сабақты қорытындылау.

XIII. Бағалау

Математика.

Тақырыбы.Теңдік. Теңсіздік.

Мақсаты: Теңдік, теңсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру және сәйкес терминдермен таныстыру.


Сабақтың барысы

I. Психологиялық көңіл -күй.


Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге сандар қатарын шығару, сандар құрамын қайталау, заттар тобын салыстыру, өрнектерді оқуға жаттықтыруға арналған ойындар мен жаттығулар.

2

3

4




II. Жаңа материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.


№ 1.дөңгелектердің санын салыстыру, сәйкес салыстыру таңбалары қолданылған жазуды оқуды ұсыну және теңсіздік түсінігімен танысу. = таңбасымен жазылған жазуды оқу, теңдік деп аталады. Карточкада жазылған кез келген теңдік пен теңсіздікті көрсету және егер көрсетілген жазу теңдік болса, тұруды, ал теңсіздік болса, отыру.Екі санды ғана емес, сан мен өрнекті салыстыру. Өрнектің мәнін табу, алынған сандарды салыстыру.
№ 4. Қайсысы бірінші келді?
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Сурет пен оның астындағы оған сәйкес жазуды қарастырып, салыстыру таңбасын таңдайды, таңдау себебін түсіндіру.
№ 2. Тақтада да, дәптерде де орындау.Теңдік немесе теңсіздік екенін анықтау.
№ 3. Өрнектерді талдау.
№ 4. Фигураларды атау, санау, дөңгелектерге қарағанда артық фигураларды бояу.Теңдік пен теңсіздік құрастыру.3 үшбұрыш бар, олар дөңгелектерге қарағанда артық, ал дөңгелектер -2. 2< 3
III. Сабақты қорытындылау.

IV. Бағалау.

Математика.

Тақырыбы.Өрнектерді салыстыру.

Мақсаты: Өрнектерді салыстыру, құрастыру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.

Отыр - тұр ойыны.


II. Жаңа материалмен таныстыру.

4 шаршы мен 2 дөңгелектен теңсіздік құрастыру. 1шаршыны алып тастау, бұл амалды бейнелеп көрсететін өрнек құрастырады( 4-1) және шаршының санын дөңгелектің санымен салыстырады.


Оқулықпен жұмыс.

№ 1, 2 тапсырмаларды тақтада, дәптерде орындау.


№ 3. Өрнектерді салыстыру. Сурет бойынша талдау, өрнек пен өрнекті салыстыру тәсілін түсіндіру, алдымен өрнектердің мәнін есептеп алу.
№ 4. Өздік жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Сурет бойынша өрнектер құрастыру.
№ 2. Жазу дағдыларын жетілдіру.
№ 3. Өз талдауларын дауыстап айту. 3 көк ұшақ және 1 сары ұшақ бейнеленген. 1+3 өрнегін жазу. Оң жақта 1 сары және 3 қызыл тікұшақ бейнеленген. 3+1Ұшақтар мен тікұшақтардың саны тең. Теңдік пайда болды.
III.Тест.

IV. Сабақты қорытындылау.

V. Бағалау.

Тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Е е дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін әңгіме құрауға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.

Жұмбақ.


Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса -дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. (Ешкі)

Баған буындарын салыстыра, тізбектеп оқыту.
III . Жазу дәптеріндегі е әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Менің лағым, сенің лағың, оның лағы.
IV.Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құру. Лақ тақырыбындағы мәтін мазмұны талданады. Мәтін мазмұнын өз сөзімен айту.
Сергіту сәті.
V .Тіл дамытуға суреттермен жұмыс. Кәрім мен Қатираның іс әрекеттеріне сөйлем , әңгіме құрау.
VI. Асқар тақырыбындағы мәтінмен жұмыс жүргізу.
VII .Сөз құрау ойыны. Логикалық ойын арқылы сөз құрап үйрету.
VIII . Әсел не істеді? әңгіме құрау.
IX . Кім? Кімдер? Сұрақтарды пайдаланып , шығармашылық жұмыс жүргізу.

X. Әліппе серігі. Еңбек етсең… Жатқа айту.

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең , табылар

Бар жақсылық басыңнан.


XI . Сабақты қорытындылау.

XII. Бағалау

Математика.

Тақырыбы. 5 саны және цифры. Бесбұрыш.

Мақсаты: 5 санының құрылуымен, 5 цифрының жазылуымен және құрамымен таныстыр; оқушылардың бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық көңіл -күй.


Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеу.

1+1 4-1

2+1 3-1


3+1 2-1
II. Жаңа материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

Сан сәулесі бойынша жұмыс.
№ 1.Мысалдар төрттігі құрастырылады.
№ 2. Сан құрамын оқу.
№ 3. 1-ден 5-ке, 5-тен 1-ге дейінгі тура және кері санау.
№ 4, 5. Фигураның неше бұрышы барын сана. Бес бұрышы бар фигураны қалай атауға болады?
№ 6. Логикалық тапсырма.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 4. 4 санының құрамын жазу.
Өзіңді тексер!

Кестені толтыр:




Қосылғыш

1

1

2

1

2

3

4

2

3

Азайғыш

4

3

5

2

5

4

3

4

5

5

Қосылғыш

4

2

1

3

2

1

1

3

2

Азайтқыш

3

2

1

1

3

2

1

1

4

2

Қосындының мәні




























Айырманың мәні






























III. Сабақты қорытындылау.

IV. Бағалау.

Дүниетану.


Тақырыбы: Тіл- дәм сезу мүшесі.
Мақсаты: адамның сезім мүшелерінің бірі –тілдің қоршаған орта заттарын танып білудегі маңызын түсіндіру арқылы оқушыларға тазалықты сақтау, тілді, тісті таза ұстау жөнінде кеңес беру.
Сабақтың жабдығы: түрлі заттар, суреттер, көкөністер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып

Тіл туралы жұмбақ айтқызу,оны шештіру.

Үңгір түбінде жалбырап, Үңгірді жайлайды,

Өсіп тұр қызыл жапырақ. Сүйексіз, тиексіз,

( тіл ) Жылмаңдап сайрайды. ( тіл )

Есігін ашсаң,

Сайраған бұлбұл.

Есігін жапсаң,

Жайраған құр күл. ( тіл )
- Адамдар қалай, не арқылы сөйлеседі?

-Адамдар тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлем арқылы сөйлеседі.

-Тіл арқылы тағы не үйренуге болады?
III. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, оқушыларға суреттен не көріп тұрғандарын талдату.
Есіңе сақта!

Тілмен ащы, тәтті, қышқыл және тұзды тамақтарды ажыратамыз.

Тіл- дәм сезу мүшесі.

Аузыңа үшкір немесе өткір заттарды салма.
IV. Сергіту сәті
V. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ащы, дәмді тағамдарды ата.Қандай тәттілерді білесің?

2. Лимонның , құрттың қышқыл екенін қалай білдің?

3. Жемістерді ата.Олардың дәмі қандай? т.б.
VI. Дәптермен жұмыс.
VII .Сабақты қорытындылау.

VIII . Бағалау.

Математика.

Тақырыбы. Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы. 2-5 сандарының құрамы.

Мақсаты: Қосу және азайту арасындағы өзара байланысты балаларға көрсету, мысалдар төрттігін құрастыруға үйрету.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық көңіл -күй.


Тірек білімдерін жетілдіру.

Арифметикалық таразы ойыны.

Екі табақшасы бар таразының сызбасын көрсетеді. Бір табақшаға, мысалы, 5 цифрын салып, осы екінші табақшаға 5 санымен теңесетін 2 санды салуын сұрайды.


  1. Жаңа материалмен таныстыру.

Мысалдар құрастыру. 3 қызға тағы 2 қыз келіп қосылды. Неше қыз болды?Математикалық жазу құрастырту. Егер 2 қыз кетіп қалса,неше қыз қалады? Мұны қандай амалмен көрсетуге болады? (5-2=3) Ал егер 3 қыз кетіп қалса ше?Мұндай жағдайда қалай жазуға болады? ( 5-3=2 )
Оқулықпен жұмыс.
№ 1.Бекіту жұмысы.

№ 2. Дәптерге орында.

№ 3. 5 –ке дейінгі сандардың құрамы.

№ 4. Тұрғындардың мекенжайын анықта. Алдымен подъезд, содан соң қабат.

№ 5. Сурет бойынша тақтада өрнек құрастыр.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.

№ 1. Амал компоненттерінің атауларын ата.Екі түрлі түсті қарындашпен қоршаудың ішіне дөңгелек, (үшбұрыш) сызу.


№ 2.3+2=5 1 см + 4 см = 5 см

2+3=5 4 см + 1см = 5 см

5-3=2 5 см – 1 см = 4 см

5-2=3 5 см – 4 см = 1 см

№ 4. Сандардың құрамын нүктелер арқылы көрсет.Өздік жұмыс.
Өзіңді тексер.

2> 4> 1>

1< 5> 3<

3> 2< 5>


III. Сабақты қорытындылау.

IV. Бағалау.


Тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Б б дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін әңгіме құрауға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.

Өлең оқу.

-Шөп - шөп , шөжелерім,

Сары алтындай , балапаным.

Тез жетіңдер, жем берейін,

Дәнге толы алақаным.

- Өлең не туралы? Сөз қай дыбыстан басталып тұр?Суреттерге сүйеніп , буындарды жалғастыра оқу.Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру, сөздік жұмыс жүргізу.


III . Жазу дәптеріндегі Б б әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Сөздерді жалғастырып жазу.
IV.Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құру. Әңгімеге ат қою. Өз сөзімен айту.
Сергіту сәті.
V .Бақшада тақырыбындағы мазмұнды суретке әңгіме құрастыру. Тірек сөздермен сөйлем құрау.
VI. Не өсірді? Кім өсірді? сұрақтарына жауап беру.Көшіріп жазу.
VII .Диктант жазу.

Дулат қалада. Дана оқуда. Мақта ақ. Сара сабақта.


VIII . Буындардан сөз құрап оқыту.
IX . Бөлме мәтіні талданады. Әңгіме үшінші жаққа ауыстырылып айтылады.
X. Жасырынған әріптер логикалық ойын.
XI . Жоспарлы суреттер бойынша әңгіме құрастыру.Тірек сөздерді пайдалану.
XII. Логикалық жаттығу.
XIII. Сабақты қорытындылау.
XIV. Бағалау.

Тақырыбы: И и дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

И и дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін әңгіме құрауға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.

Жұмбақ шешу.

Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе. (Ине)


Ине сөзіндегі и дыбысын созып айту, Кеспе әріптерді пайдаланып, бірнеше буындар құратып жаттықтыру. Буындар мен сөздерді оқу.Буындық, дыбыстық талдау.
III . Жазу дәптеріндегі И и әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқулықтағы оқыған сөздерін көшіріп жазу.Буындық диктант жазу.Шыбын, инелік, маса сөздерін көшіру.
IV.Әжесі мен немересі тақырыбындағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құру.Өз сөзімен айту.

Моншақ әріп ойыны. Моншақтың үзік белгілеріне қарай сөздер құрау.


Сергіту сәті.
V .Тірек суреттер мен тірек сөздерін пайдаланып, сөйлемдер , әңгіме құру
VI. Жоғалған әріп ойыны.
VII .И дыбысына қатысты сөздер айту жарысы. Тірек суреттеріне сүйеніп, олардың аттарын атау, айырмашылық пен ұқсастықтарды табу.Буынға бөлу, дыбыстық талдау.
VIII . Инелік тақырыбындағы мәтінді оқу жаттығу.Сөйлемдегі жаңа тыныс белгілеріне көңіл аударып, сөздердің бірнешеуін қатар айтқанда арасына үтір қойылатынын ескерту.

Сызбаға сүйеніп, сөздердің қосымша буындармен өзгеруі жөнінде түсінік беріп, ауызша жаттығулар жасау.

Әрпіңді тап ойыны.

IX . Сөздік диктант. Бөлме, бор, етік, бөрік, жеміс.

X. Суреттер мен сөйлемдерді пайдаланып, мәтін құрау.
XI . Қайтті? Сұрағына жауап беретін сөйлемдерді үлгіге қарап, құрып үйренеді.Оқыған сөйлемдерін дәптердегі үлгі бойынша жалғастырып жазу.
XII. Сабақты қорытындылау.
XIII. Бағалау.

Математика.

Тақырыбы. Пысықтау.

Мақсаты: Өтілген материалдарды бекіту және қайталау.Білім, білік, дағдыларының деңгейін тексеру.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық көңіл -күй.


II. Жаңа материалмен таныстыру.
№ 1. Өрнектер құрастыру.
№ 2. 5 қоңызды 3 жапыраққа қалай орналастыру керек?
№ 4. Тез есепте!
№ 5. Жазылмаған сандарды ата.

5 = + 2 5 > 5 - 

5 =  + 4 2 + < 5
№ 6. Кел , ойнайық!
Оқушылардың біреуі тақтаға шығып, белгілі бір түстегі қоршауды ішінен таңдайды. Ал қалғандары оған сұрақтар қою арқылы қандай қоршауды таңдағанын табады:

- Сенің қоршауында доп бар ма?

- Сенің қоршауыңның ішінде көк дөңгелек бар ма?

Оқушылар осылай қоршаудың ішіндегілерді салыстыра отырып, оқушының жасырған қоршауын табады.


Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Қорапта сандар жазылған шариктердің суреті салынған. Ең үлкен саны бар шарикті бояу. Қосуға екі, азайтуға екі мысал құрастыру.
№ 3. 4+1=5 1+1=2 5 см – 4 см = 1 см

5-2=3 4-1 =3 4 см – 2 см = 2 см


№ 4. Сиқырлы суреттер.
Тест.
III. Сабақты қорытындылау.
IV. Бағалау.
Тақырыбы: й дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Й дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін әңгіме құрауға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.


Жұмбақ жасыру.

Айда бар,

Көлде жоқ.

Сайда бар,

Шөлде жоқ.( Й )

Ай, сай сөздеріне дыбыстық талдау. Жеке сөздерді салыстыра оқу.


III . Жазу дәптеріндегі Й й әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Сөйлем жазуға дағдыланады.
IV. Айдар мен Айдос тақырыбындағы мазмұнды сурет әңгімеленеді. Өз сөзімен айту.
Сергіту сәті.
V .Сызбаға сәйкес адамның аттары құрастыру.
VI. Дастарқан басындағы отырған балалардың әңгімесі жөнінде сөйлемдер құрылады, әңгімеленеді.
VII .Диктант жазу. Тай, бай, сай, қой, той.
VIII . Шебер қолды әжей тақырыбындағы сурет бойынша әңгімелеп, мәтінді талдау, жылдам және сауатты оқу. Оқу түрлері: тауып оқу, хормен оқу, теріп оқу, тізбектеп оқу.
IX . Қандай? Не істеді? сұраққа жауап беру.
X. Топтама жаттығуын орындау.
XI. Әліппе серігі. Жатқа айту.
Йогурт - тағам тамаша,

Йод жақ - жараң қанаса.


XII. Сабақты қорытындылау.
XIII. Бағалау.

Математика.

Тақырыбы. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Мақсаты: оқушылардың есептеуде қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, заттарды санау және санаудың нәтижесін цифрмен жазу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша санау. Көрші санды ата. Математикалық өрнектерді оқы. Тек қосындыны білдіретін өрнектерді, содан кейін айырманы білдіретін өрнектерді оқы.

4+1 3+2 2+1 3+1

5-1 4-1 3-1 2-1
II. Жаңа материалмен таныстыру.
Практикалық жұмыс.

4 көк 1 қызыл қаламды көрсету. Барлығы неше қалам?Математикалық өрнекті жаз. Бірінші қосылғышты, екінші қосылғышты , қосындыны ата.Қаламдардың орындарын ауыстырады. Бірінші орынға қызыл, содан соң 4 көк қаламды көрсету. Математикалық өрнекті жаз. Бірінші қосылғышты, екінші қосылғышты , қосындыны ата.Қосындылардың мәндерін салыстыр. Не өзгерді? Не өзгермей қалды?


Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Суреттер бойынша өрнектер құру. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін өрнекте қалай пайдаланатынын түсіндіреді. Оқи алатын оқушылар өздері оқиды.
№ 3. Дәптерге және тақтаға орындау.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Өрнек құру.

№ 2. Өздік жұмыс.

№ 3. Екі өрнекті қалай салыстыруға болады? Есептемей салыстыруға бола ма?
№ 4. Аралас тапсырма.Үш машинаны әртүрлі түспен әрқалай бояу.Бұл тапсырманы оындау кезінде қалай шатаспауға болады?
III. Сабақты қорытындылау.


  1. Бағалау

Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Білімдік-біліктік: Г г дыбысы мен әрпін таныту, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.

Ұштастыра дамытушылық: шығармашылық қабілетін дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өз сөзімен әңгімелеуге үйрету.

Тәрбиелік: : балалардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, сыйластыққа, еңбекке баулу, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Түрі: аралас,ойын, жарыс.

Әдісі: практикалық, ауызша,түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау- жинақтау.

Типі: жаңа сабақ, бекіту.

Формасы: жұппен,жеке,

Көрнекілік: демонстрациялық материал, кеспе буындар

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Оқу үрдісінің тәртібі:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

Жаңа тақырып

I.Бағанға жазылған сөздерді тұтас оқу. Кеспе буындарды пайдаланып, басқа сөздер құратып, дыбыстық, буындық талдау жасау.

II. Жазу дәптеріндегі Г г әріптерінің жазба , баспа түрлерімен таныстыру.Тапқышбектің тапсырмасы бойынша шығармашылық жұмыстар орындау.

III. «Ай мен Әтеш» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс оқушылардың үшінші жақта айтып үйрену. Сөйлемдегі сөздер санына мән беру, оларды тұтас және жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру.Бұл ертегінің мазмұнын ашып, адамгершілік тәрбиесін насихаттау.Балалар арасындағы достық қарым - қатынас туралы әңгіме жүргізу.

IV. Қ - ғ , к - г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтату. Мұнда олардың дауысты ы және і дыбыстарының жалғануына қарай қ дыбысының ғ дыбысына, к дыбысының г дыбысына айналу жолдарын түсіндіру.

Сергіту сәті.

V. «Ер қанаты – ат» тақырыбындағы тірек суреттерін пайдаланып, оқушыларды әңгімелетуге дағдыландыру.Суреттегі балалардың арасындағы достық, сыйластық қарым- қатынасқа назар аударту.

VI. Мазмұнды суретпен жұмыс. «Көгершін» тақырыбындағы мәтінді оқушыларға түрлі жолдармен оқыту, мазмұнын кеңейтіп әңгімелеу. Оқушылардың адам мен табиғаттың арасындағы байланыс, құстарға қамқорлық жасау, қорғау бағытында әңгіме айтқызу.

VII. Оқушылардың сауаттылығын жетілдіру үшін буындық, сөздік диктант жазу.Баған түрінде берілген бір буынды сөздердің бір-бірінен айырмашылығына назар аударту, ондағы дауысты дыбыстардың ерекшелігіне қарай өзгеретіндігі жөніндегі білімдерін кеңейту.

VIII. Жарыс ойыны. Сызба түрінде берілген буындық байланыс арқылы сөз құрау. Дыбыстық талдау.

IХ. Логикалық жаттығу.

Х .Бекіту.

ХI.Рефлексиялық-бағалау кезеңі(комментаримен)


Дүниетану.

Тақырыбы: Тері – сипап сезу мүшесі.

Мақсаты: оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйеніп , терінің де сезім мүшесі екенін ұғындыру, терінің адам өміріндегі пайдасын түсіндіру, денені таза ұстауға тәрбиелеу, оқушылардың сезім мүшелері жайындағы ұғымдарын кеңейтіп, адамның қоршаған дүниені танып білуіне бүкіл сезім мүшелері қатысатынын түсіндіру арқылы олардың дүниеге деген көзқарасын , дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың жабдығы:түрлі заттар,(тікенді, тегіс, бұдырлы, қатты, жұмсақ, ыстық, суық, т.б.) Сабақтың барысы:



I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып

1. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тәжірибе ұйымдастыру.

Оқушылардың қолына әртүрлі пішіндегі және әртүрлі тегістіктегі заттарды таратып беріп, оның сыртқы белгілерін қолдарымен сипату арқылы анықтатып, айтқызу.

2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттер арқылы тікенді, жұмсақ, үшкір, өткір заттарды табу.

3. Әңгімелесу:

Көз арқылы нені анықтай аласың? Мысал келтір.

Құлақ арқылы нені білесің? Мысал келтір.

Иіс арқылы нені білесің? Мысал келтір.

Тері арқылы нені сезінесің?

4. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
5. Тірек сөздер: дәмді, ащы, тәтті, т.б. пайдаланып, оқушыларға сөйлем құрастырту.

6. Дәптермен жұмыс.

Дәптерде бейнеленген суық заттарды көк, ыстық заттарды қызыл нүктемен белгілейді.
III .Сабақты қорытындылау.

-Адамға өмірден алған тәжірибесі қалай көмектеседі?

-Білмейтін затты танып білу үшін не істеу керек?

-Сезім мүшелерін ата.

-Сезім мүшелерінің қоршаған дүниені танудағы пайдасын айт.

-Денені күту дегенді қалай түсінесің?

-Өзің денеңді қалай күтесің?

-Үстіңді таза ұстауға кім көмектеседі?


7. Мұғалімнің тұжырымы:

Сезім мүшелерінің қоршаған дүниені танып білудегі орны мен маңызы өте жоғары.Дәм , түс, иіс, байқау, сезіну сияқты әрекеттер қоршаған дүниені дұрыс танып білуімізге көмектеседі. Сезім мүшелері кез келген затты көріп, бақылауға, байқауға, анықтауға, салыстыруға көмектеседі. Әр заттың қасиетін анықтау да сезім мүшесінің көмегінсіз болмайды.



IV . Бағалау.
Математика.

Тақырыбы. 0 саны және 0 цифры.

Мақсаты: 0 санының мағынасымен , оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру, 0 цифрын жазуды үйрету.

Сабақтың барысы


I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.

2,3,4,5 сандарының құрамын қайталау барысында ауызша санауға Үйшік ойынын ұйымдастырып, сандардың ретін еске түсіру.


II. Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыс.Сөреге бір сандықты қойып, Сөреде неше сандық? Егер мен бір сандықты алып тастасам, неше сандық қалады?Оны қандай амалмен істедім?Неше сандық қалды?Егер ештеңе қалмаса, 0 цифрымен белгілейміз.1-1=0


Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Сурет бойынша өрнек құрастыр. 0-дің сандар қатарының қай жерінде тұратындығын сұрау.Бұл жерде 0 саны 1-ден кіші, сондықтан сандар қатарында 1-дің алдында тұратындығын меңгерту.
№ 2. Көрші сандарды ата.
Өткен материалмен жұмыс.
№ 5 Кел, ойнайық! Ойыны.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. 0 цифрын жазу.
№ 2. Жаңа тақырыпты бекіту.
№ 3. Амалдар ұзындық шамасымен орындалады.
№ 4.Өздік жұмыс.
Қай жемісті қай себетке салу керек?
III. Сабақты қорытындылау.


  1. Бағалау

Математика.

Тақырыбы.  + 0,  – 0, - = 0 түріндегі қосу мен азайтудың ерекше жағдайлары.

Мақсаты: оқушыларды  + 0,  – 0, - = 0 түріндегі қосу мен азайтудың жағдайларымен таныстыру.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша санау «Үндемес», «Математикалық баспалдақ» ойыны.


II. Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыс. Үстел үстіне 9дөңгелек қойыңдар, оған 0 дөңгелекті қосыңдар.Сендер неше дөңгелек қостыңдар? Екінші қосылғышы 0 болатын осындай тапсырмалар ойлаңдар?


Оқулықпен жұмыс.

№ 1. Суретті қараңдар, сол бойынша тапсырма құрастырыңдар.Қандай қорытынды шығаруға болады?

Тапсырманы мұқият тыңдаңдар да, сұраққа жауап беріңдер. Менде 5 кәмпит болып еді. Мен 5 кәмпитті Мәдинаға бердім. Менде неше кәмпит қалды? Оны қалай білдіңдер?
№ 3. Ауызша. Жазылмаған сандарды ата.


Қосылғыш

3

0

4




0

Қосылғыш

2

2




1

5

Қосындының мәні







5

3



4. Ойын. Оқушылар әрбір жануарды көрсете отырып, былай санайды: 1-ші мысық, 1-ші ит, 1-ші құс, 2 –ші құс, 2 –ші мысық, 2 –ші ит, т.б. Оқушы санау кезінде шатасып қалмау керек.


№ 5. Тиісті бөлікті тап.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Суреттің мағынасын түсіндіре отырып, нөлі бар өрнектерді жазу.

№ 2. Қосындыларды жаз. Өздік жұмыс.

№ 3. Цифрларды жазу дағдыларын бекіту.

№ 4.Өздік жұмыс. Нүктелерді сана, сәйкес түспен суретті боя:


III. Сабақты қорытындылау.

IV. Бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет