САБАҚ ЖОСПАР №18 Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу кезеңдері (Сабақтың тақырыбы)
Модуль/пән атауы Экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы базалық білімді қолдану Дайындаған педагогДәулетиярова Г.Қ 1.Жалпы мәліметттер Сабақ түрі___ Жаңа білімдерді меңгеру сабағы _____________ 2.Мақсаты, міндеттері «Жасыл» экономика дегеніміз не? – деген сұраққа жауап алады; «Жасыл» экономиканың мақсатын біледі «Жасыл» экономика нені зерттейді және оның пайдасы туралы түсінік алады. (Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі)
3.Сабақты жабдықтау 3.1 Кітаптар, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, видео роликтер, слайдтар (Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар,әдебиеттер)
4.Сабақтың барысы 2013 жылғы 30 мамырда елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілді.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды. Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер: 1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру; 2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; 3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру; 4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама үш кезеңмен іске асырылады: 2013-2020 жж. – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады; 2020-2030 жж. – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады; 2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғи ресурстардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі. Су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару бағыттары бойынша «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар Тұжырымдамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. «Жасыл экономикаға» көшуді іске асыру мәселелері «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін болады. Экономика секторлары бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің тозуына қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын арттыру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңа екпін түсірілетін және түзетілетін «Агробизнес-2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады. Сонымен қатар, Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр. Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар жалпы ішкі өнімді 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 28 сәуірде Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойылды. Осы және басқа да іске асырылып жатқан шаралар елдің табиғи ресурстарын ұқыпты әрі ұтымды пайдалануға негіз болатыны хақ.
«Жасыл» экономиканы жолға қою мақсатындағы негізгі бағыттарға тоқталар болсақ, олар жаңғырмалы энергия көздерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, ауаның ластануын азайту болып табылады. Осы бағыттар бойынша қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2020 жылға дейін электр энергиясын өндірудегі газ электр стансаларының үлесін 20 пайызға дейін жеткізу жұмыстары бойынша алсақ, бүгінгі күннің өзінде бұл көрсеткіш 19,9 пайызды құрап отыр. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі мәселесінде энергия тұтыну тиімділігін 2020 жылға қарай 25 пайызға азайту жөніндегі міндет айқын. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес 2013 жылы энергия тиімділігі 18,6 пайызды құрады. Ал қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарында да алға басушылық байқалады. Мысалы, Энергетика министрлігінде 2020 жылы ҚТҚ шығаруды 90%-ға, қоқысты санитарлық сақтауды 50%-ға, қалдықтарды өңдеу үлесі 10%-ға жеткізу міндеті тұр. Өткен жылғы нәтиже бойынша халықты ҚТҚ шығарумен жабу - 59%, қоқысты санитарлық сақтау - 11%, өңделген қалдықтар үлесі 40%-ды құрады. Алдағы төрт жылда қалған пайыздық көрсеткіштердің орындалатыны даусыз.
Сарапшылардың айтуы бойынша, «жасыл» экономиканың осы заманғы экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға, қорларды тиімді қолдану арқылы адамның және табиғаттың арақатынасын теңгеруге мүмкіндігі көп. Кедейшілік деңгейін төмендету, халықтың денсаулығы көрсеткішін арттыру, қоршаған ортаны жақсарту арқылы «жасыл» экономика адам капиталының сапасын көтеріп Қазақстанның XXI ғасырда экономикалық және әлеуметтік тиімділігін, табысын тұрақтандырады және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
5.Сабақ бойынша рефлексия
1. «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» қашан бекітілді?
2. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама неше кезеңмен іске асырылады?
3. Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер қандай?
4. «Жасыл» экономиканың қандай пайдасы бар?