Сабақ жоспары № 16
Күні: 27.10.2023ж Пән: География Тобы: 1 ЭМО 1 -23_________
1 ПВТ 1 -23_________
Тақырыбы: Дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дүние жүзілік шаруашылықтың орналасуындағы ерекшеліктерімен таныстыру барысында, құрылымы мен еңбек бөлінісінің ерекшеліктерін жеткізу.
Білім алушылардың басым бөлігі: Ғаламдық және Қазақстандық экологиялық проблемаларды айқындап, шешу жолдарын ұсынады;
Кейбір білім алушылар: Табиғатты ұтымды және ұтымсыз пайдаланудың әсерін талдайды.
Дамытушылық: Оқылым: мәтінді оқи отырыпзерттеу әдістерін зерделейді Айтылым: өз ойларын ортаға салады Тыңдалым: бейнероликті бақылай отырып талдайды
Тәрбиелік: Адамгершілікке , имандылыққа , тарихи е скерткіштерді қорғауға , Отанын сүюге , мақтанышпен қарауға , өнер ескерткіштерін бағалай білуге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекілік құралдар:лекция, кітап
I.Ұйымдастырушылық кезеңі
|
Уақыт
/минут/
|
Сәлемдесу
|
5 мин
|
Білімгерлердің сабаққа дайындығын тексеру
|
|
Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару
|
|
II.Өткен тақырыпты қайталау немесе үй тапсырмасын сұрау
|
|
Ұйымдастыру кезеңі үшін «сиқырлы таяқ» әдісін қолданамын таяқшадағы сөздерге анықтама беріп,топқа бөлінеді.
Олар НАФТА,ШЫҰ,Дүниежүзілік держава,экономика.
Үй тапсырмасын сұрау (Ж)Ашық сұрақтар(Айтылым)
1.Геоэкономика бағыты қандай мәселелерді шешумен айналысады? 2.Геоэкономиканың негізгі санаттары халықтың өмір сүру деңгейі,елдің өндірістік мәселелеріне неге басымдылық береді деп ойлайсың?
3.Дүниежүзілік державалар дүниежүзілік экономикаға әсер қалай ететінін түсіндіріп бере аласың ба?
|
20 мин
|
III.Жаңа тақырыпты енгізу
|
25 мин
|
І. Кіріспе
-Ой шақыру
(С) Дүниежүзілік шаруашылық деген не? Оның маңыздылығын қандай көрсеткіштермен көрсетуге болады?
Сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаты анықталып, бағалау критерийлерімен танысады.
|
|
IV.Жаңа сабақты бекіту
|
15 мин
|
Мұғалім іс-әрекеті:
Мұғалім оқушыларға дүниежүзілік шаруашылық туралы туралы мәтінмен танысуды және сызбанұсқаны талдауды ұсынады.
|
10 мин
|
Мұғалім іс-әрекеті:
Мұғалім топтарға шаруашылықтың секторларын бөліп береді, оқушыларға осы шаруашылық секторларының даму кезеңі туралы презентация дайындауды жәнедүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын осы секторларға сәйкес орнын көрсетңп, дамуын бағалауды ұсынады.
Оқушы іс-әрекеті:
(Т) Оқушылар топтық жұмыста шаруашылықтың секторларының даму кезеңі туралы презентация дайындайды және дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын осы секторларға сәйкес орнын анықтап, олардың дамуын бағалайды.
Елдер мен аймақтар:
1-топ: Өндіруші сала
2-топ: Өңдеуші сала
3-топ: Қызмет көрсету саласы
4-топ: Барлық салалар бойынша талдау
|
Мұғалім іс-әрекеті:
Барлық сынып оқушыларына презентация жұмыстарын ортада қорғауды ұсынады. Презентация жұмысының бағалау дескрипторын ортаға талқылатады.
Оқушы іс-әрекеті:
Оқушылар презентация жұмыстарын ортада қорғайды және топтар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийі
Оқушы
дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді
дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалайды
Ойлау дағдылары Қолдану
Бағалау
Дескриптор:
дүниежүзілік шаруашылық секторларының даму кезеңдерін сипаттай алады
дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктей алады
дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша шаруашылық секторларына орналастыра алады
дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалай алады
|
|
|
VI.Үйге тапсырма
|
5 мин
|
Дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымы........................ жіктеледі.
Дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын секторлар бойынша орналастыруда......................................
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |