Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»



Дата10.06.2016
өлшемі64 Kb.
#126310
түріСабақ
Сабақ жоспары:

«Абай Құнанбаев»

( 10 сынып, қазақ тілі)

өткізген: қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі

Зейнелова Қымбат Тоқтарбекқызы

Астана, 2013

Сабақтың айдары: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы білімдерін толықтыру, ұлы ақынның өзгеше жанр қара сөз үлгілерінде жазған еңбектерінің мәнін себебін түсіндіру; етіс түрлерінен мәлімет бере отырып, әр түрін ажырата білуге, жұрнақтарын дұрыс жалғап, қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, ойлай білуге, өз ойын нақтылап жеткізе білу дағдысын дамыта отырып, жазу, оқу, аудару және қорыта білуге дағдыландыру, өзіндік ой түю, пікірін дәлелдей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Лексикалық тақырып бойынша оларға ұлы ақын жайлы мәлімет бере отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, білім мен өнерге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру сабағы

Сабақтың түрі: техникалық оқыту құралдарын қолдану сабағы

Көрнекіліктер: компьютердегі презентация, тест сұрақтары, үлестірме қағаздары

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих, музыка.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, тест шешу.

Сабақтың құрылысы:

І Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу;

ә) кезекшінің мәлімдеуі

б) сабақтың мақсатын түсіндіру;

в) оқушыларды топқа бөлу.
ІІ Негізгі бөлім

1.Сабаққа кіріспе. Қызығушылықты ояту.

2. Өткен сабақты пысықтау.

3. Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Тест сауалдары



ІІІ. Қорытынды бөлім

1. Сабақты қорытындылау.

2. Оқушылардың білімін бағалау.

3. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Сәттілік, жақсы көңіл - күй тілеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. Информатика мұғалімі қауіпсіздік ережелерін қайталайды./2 мин.


Үй тапсырмасы:

( мақсаты - өткен тақырыпты қалай, қандай дәрежеде меңгергендерін, нені түсініп, нені түсінбегендерін бақылау) (3 мин.)

А) Сұраққа жауап: 1. Етістердің неше түрі бар?

2. Қандай?

3. Өздік етіс жұрнағы?

4. Өзгелік етіс жұрнағы?

5. Ырықсыз етіс жұрнағы?

6. Ортақ етіс жұрнағы?

ә) Үлестірме қағаздарда жазылған етістердің түрін анықтап, аударады (І - деңгей)


Етіс

өздік

өзгелік

ырықсыз

ортақ

Сөз тіркесі

Жазғызды
















Айтысты
















Аудартқызды
















Жинасты
















Тазаланды















б) Үлестірме қағаздарда жазылған етістіктерден етіс жасап, түрін анықтап,

сөйлем құру.


Етіс

өздік

өзгелік

ырықсыз

ортақ

сөйлем

Сұрау
















Шақыру
















Оқу
















Айту
















Өткізу


















ІІІ. Жаңа тақырып

Қызығушылықты ояту.

Осы сабақта танысатын адамымыз қазақ халқының халық екенін бүкіл әлемге танытқан ұлы ақындардың бірі. (Хат тыңдалады.)



  • Бұл хаттың авторы кім туралы айтып тұр деп ойлайсыңдар?

  • Сонымен, бүгін біз қазақ халқының ұлы ақыны, осы Семей өңірінде туып - өскен Абай Құнанбайұлы туралы әңгімелейміз.

  • Ол үшін ең алдымен, алдарыңдағы Білемін.Білдім.Білгім_келеді'>Білемін.Білдім.Білгім келеді. деген кестені толтырып жіберіңдер. (2 мин.)




Білемін

Білдім

Білгім келеді











Компьютермен жұмыс
І – деңгейлік тапсырма

1. Абай Құнанбаев 1845...........................

2. Ол қазақ халқының...............................

3. Ол сазгер,...............................................

4. Ақын өлеңді...........................................

5. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың............


ІІ – деңгейлік тапсырма

1. Великий поэт учился в религиозной школе.

2. Его воспитывали бабушка Зере и его мама Улжан.

3.Он основоположник казахской письменной литературы.

4. Он написал такие произведения, как «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Татьянаның хаты».

5. Его слова назидания были написаны 1890 – 1898 годах..



Мәтінмен жұмыс
Аудирование. Мәтінді компьютерден оқып, тыңдайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде, ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы – күлкішілдік. Я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды толтыратұғын нәрселер.
Таныс емес сөздермен жұмыс

әуелі – сначала

көкірегі байлаулы – уметь добиваться своего

ғибратлану – интересоваться

ынтамен ұғу – понимать

көңілге бекіту – запомнить

ой кеселді нәрселер –

қашық болу – избегать

уайымсыз салғырттық – равнодушие

қайғыға салыну – горевать

құмарлық пайда болу – азартные игры
1 тапсырма

Сөздердің синонимдерін табыңыздар:

әуелі, көкірегі байлаулы, ғибратлану, ынтамен ұғу, көңілге бекіту, қашық болу.
2 тапсырма

Сөздердің синонимдерімен сөйлем құрастырыңыздар


3 тапсырма

Мәтіннің мазмұнына сай тақырып қойыңыздар.


4 тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар:


Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт ... бар.

Әуелі..... болмақ керек.

Сол нәрсені естігенде я көргенде....керек.

Ой кеселді нәрселерден..... керек.

Бұл төрт нәрсе ..... толтыратұғын нәрселер.


  • Мәтіннен ақынның қандай қасиеті танылады? Бұл сөзді кімге арнап және не үшін жазған деп ойлайсыңдар?


Сергіту сәті.

- Қазір біз Абай Құнанбаевтың туған жеріне саяхатқа шығамыз.

(Жидебай жайлы видеоклипты көрсету)

ІV. Бекіту

Жаңа сабақты бекіту. Тест сұрақтарына жауап беру./5мин.


1. Абайдың шын аты кім?

2. Абай Құнанбаев нешінші жылы және қайда дүниеге келген?

3. Абай кім?

4. Абай Семейде қандай оқу орнында оқыды?

5. Қара сөз деген әдебиеттегі ұғым нені білдіреді?

6. Абайдың сазгерлігін дәлелдейтін шығармалары?

7. Неше жасында өлең жаза бастаған?

8. Ақынның әжесінің және анасының аты кім?

9. Ақын қандай ақындардың шығармаларын аударған?

10. Абай Құнанбаев қай жылы қайтыс болған?


V. Қорытындылау
Білдім. Білгім келеді. бағанасы толтырылады. (2 мин.)

Үйге тапсырма: Абай Құнанбаев туралы эссе жазып келу, жаңа сөздерді жаттау/ 1мин.

Баға қою./ 2 мин.

Сабақ соңында Абай Құнанбаевтың аударған және аудармасына әні жазылған «Татьянаның хатын» тыңдаймыз./2 мин.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет