Бөлім
|
"Медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық"
|
Педагог
|
Куттиева Г.Т.
|
Күні
|
|
Сынып
|
7
|
Сабақтың тақырыбы
|
Медиа кеңістікте және көпшілік алдында сөз сөйлеу
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту
мақсаттары
|
"Көпшілік алдында сөйлеу"," Өзін-өзі таныстыру", " Әлеуметтік медиа пост", "Кері байланыс", "Пікірлер", " ZOOM платформалары, TIEMS ұғымдарын түсіндіру.
Әр адамға көпшілік алдында, нақты қоғамда да, медиа кеңістікте де сөйлеу дағдылары қажет екенін оқушыларға түсіндіру. Өзін таныстыру қабілеті және олардың идеялары қазіргі әлемде маңызды аспектке ие.
Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту. Әлеуметтік ашықтық мәдениетін тәрбиелеу, Медиа кеңістікте өзін дұрыс көрсете білу. Көпшілік алдында сөз сөйлеу, шығармашылық ойлауды дамыту . Қоғамдық ортада сөз сөйлеу эмоционалды интеллектті дамыту .
|
Сабақтың мақсаты
|
|
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Проблемалық сұрақ: Сізге үлкен аудитория алдында сөйлеу қиын ба? Қонақта немесе концертте ән айту
сынып алдындағы тақпақ оқу,
конференцияда өз баяндамаңызды қорғау қиын ба? Егер солай болса, неге, егер жоқ болса,
сізге не көмектеседі?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Сабақ барысы
|
№ 1 тапсырма
Пікірталас. Егер көпшілік үшін қөптің алдыңда сөйлеу қиын болса, мүмкін
онсыз жасай аласыз ба? Не үшін көпшілік алдында сөйлеу дағдылар қажет?
№2 тапсырма
Зерттеу жұмысы. Тізімді қарап, қазіргі адам қызметінің түрлері және
қандай жағдайларда көпшілік алдында сөйлеу дағдылары қажет екенін анықтаңыз .
Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Мектептегі ғылыми жобаны қорғау;
бағдарламашының жұмысы;
гүл өсіру;
мұғалім мамандығы;
банкирлер алдында бизнес-жобаны қорғау;
дайвинг (сүңгу);
тележүргізуші мамандығы;
пантомиманың орындалуы;
блог жүргізу;
полиция қызметкерінің жұмысы;
нарықтағы сауда.
№ 3 тапсырма
Өзін-өзі таныстыру дағдыларын қажет етпейтін мамандар, кәсіптер және жай ғана адамдар барма? Сіздің пікірлеріңіз?
|
Оқушылар талқылайды
Сұрақтарға жауап береді
Топтық жұмыс
Өзіндік өмірлік мысалдардан келтіреді
|
Рефлексия:
1. Сізде өз-өзіңізді таныстыру үшін жеткілікті шеберлік бар деп ойлайсыз ба? Жауабыңызды мысалдармен растаңыз.
2. Көпшілік алдында сөйлеу қай жерде қиынырақ деп ойлайсыз: офлайн немесе
медиа кеңістікте
|