Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы:Баланың алғашқы адамгершілік туралы түсінігін қалыптастыру
Модуль /пән атауы:Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу
Педагог: Қожанова Алтынай
1.Жалпы мәліметтер Курс, топ: 2-курс, 2022-2023 оқу жылы,МДТБ 21-9
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері: - «Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» пәні жайында түсініктері қалыптасады терең түсінеді;
- Адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруде жалпыадамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған тәрбиенің бөлігімен танысады;
- Ата-ана мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін түсінеді;
3. Оқу – жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі: 1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, ұғымдарын терең түсінеді,үйренеді.
2. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, парасаттылықты түсінеді.
Негізгі ұғымдар:, «Педагогика» пәні жайында түсініктер.
4. Қажетті ресурстар: Ноутбук, , А4 плакаттар, смайликтер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер.
5. Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі. а) Студенттермен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру.
Үйге тапсырма «Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырма беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше, оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы» деп көрсетілген . Сондықтан, өнегелі ұрпақ өсуін тілеп, ұрпақ тәрбиесін отбасынан бастап, әрбір ата- ана бала алдындағы парызын дұрыс атқаруы қажет. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.