Мұғалімнің аты-жөні:
|
Тасқұл Жұлдыз
|
Пән/Сынып:
|
Биология, 9 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
8 апта, 3 сабағы
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
9.3 Микробиология және биотехнология
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі.
|
Оқу мақсаты:
|
9.4.3.1 - инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау
9.4.3.2 - биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру
|
Бағалау критериі:
|
Инсулинді өндіру мысалында биотехнолгиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттауды біледі..
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйымдастыру
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
1. Диазотрофтар дегеніміз не? Олар қаншаға бөлінеді?
2. Биотехнологияда саңырауқұлақтарды не үшін пайдаланады?
3. Биотехнология ұғымына анықтама беріңдер.
Сабақтың тақырыбы: Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі
Бүгінгі сабақта инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттайды және биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіреді.
Сабақ мақсаттары:
Инсулинді өндіру мысалында биотехнолгиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттауды біледі.
Пәндік терминалогия; Цианобактерия, носток, спирулина, биотехналогия.
|
Тақырыпқа жетелеу.
|
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландырады.
|
|
Презентация Слайд 1-4
|
15 минут
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақ.
«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты презентация арқылы түсіндіру.
Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологияларын мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы. Ерте эмбрионды трансплантациялау әдісін қолдану өнімділігі бойынша өте құнды даралардан ұрпақтар санын күрт арттыруға мүмкіндік береді
Жануарлар биотенхнологиясының маңызды проблемасы жануарларды генетикалық көшіру, клондау әдісін жасау болып табылады. 1997- жылы Шотландиялық доктор И.Ушмут басшылығымен ең алғаш генетикалық анасының дәл көшірмесін – Долли атты қойдың клонын алды
Биотехнологияның негізгі бағыттары
Биотехнология нысандары және олардың биотехнологиялық қызметі.
Микроағзалар биотехнологиялық нысан ретінде тіршіліктің құрылымдық деңгейінің әртүрлі сатысында болады:
Субжасушалық құрылымдар вирустар,плазмидалар, митохондрия және хлоропласт ДНҚ сы, ядролық ДНҚ.
Бактериялар мен цианобактериялар;
Саңырауқұлақтар;
Балдырлар;
Қарапайымдар;
Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының себінділері
Өсімдіктер төмен және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.
Металдар биотехнологиясы бактериялардың метал- дарды тотықтыру және оларды кеннен ерітіндіге ауыстыру қабілетіне негізделген. Сульфидті минералдарды тотықтыру кезінде түсті метал- дардың көбісі ерітіндіге өтеді. Осындай жолмен адамзат жыл сайын жүздеген тонна мыс алады. Осылай бактериялар арқылы алтын, күміс, уран алу жолға қойылды
Инсулин өндіру көптеген елде кеңінен қолданылатын биотехнологиялық манипуляцияның бірі. Нысан ретінде адам ішек таяқшасы бактериясы штаммының біреуі алынады.Алдын ала бөлініп алынған адам инсулиннің генін клондайды. Инсулин генінің осы көшірмесіне вирустық тип бойынша нуклеотид ретін орнатады. Осылай түрлендірілген генді бактерия ДНҚ сына тігеді.
Нәтижесінде «вектор» адам инсулиннің генін бактерия ДНҚ-сына вирустың белгілі бір бөлігін орнатқан жүйе ретінде қолданылады. Бактерия ДНҚ сына түскен құрылым бактерия жасушасын адам инсулинін белсенді синтездеуге мәжбүр етеді. Гені өзгертілген бактериялардың барлық ұрпағы адам инсулинін ең бірінші зертханалық данадан ешбір өзгеріссіз өндіреді.
Инсулинді биотехнологиялық өндіру стерильділікті, бактерия үшін қоректік орта сапасы мен бағасы бойынша тиімді орта жасауды қажет етеді.
Микроағзалардың өндірістік штаммдары белгілі бір талаптарға сай келуі керек.
Арзан қоректік ортада өсу қабілеті;
Өсу жылдамдығы және мақсатты өнімнің түзілуі жоғары;
Жанама өнімдердің барынша аз түзілуі
Өндірістік қасиеттерге қатысты продуценттің тұрақтылығы;
Адам және қоршаған орта үшін продуцент пен мақсатты өнімнің зиянсыздығы.
Оқулықпен жұмыс.. Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Инсулин өндіруді сипаттайды.
Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру.
|
Тақырып бойынша оқушылардың алдыңғы білімін
|
Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
Презентация Слайд 4-11
|
15 минут
2 минут
|
Бекіту:
Сабақты қорытындылау
|
1 тапсырма
Мағынаны қолдану тапсырмасы:
Тапсырма
Төменде инсулин өндіру үшін қолданатын құрылғы берілген
.
(а) Құрылғыны атаңыз.
(ә) Құрылғы ішіне ауаның жіберілу себебін түсіндіріңіз.
2 тапсырма Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.
Мағынаны жинақтау тапсырмасы:
Биотехнологияда өндірілетін өнімнің 1 артықшылығын және 1 кемшілігін атаңыз.
Артықшылығы:__________________________________________________
Кемшілігі: _______________________________________________
3 тапсырма
Постер қорғайды.
1. Барлық цианкобактериалардың қандай ерекшеліктері бар? Жалпы сипаттама береді. Олардың биотехнологияда қандай рөл атқаратынын сипаттайды.
2. Ашытқының қандай түрі биотехнологияда ең бірінші қолданылғанына мысалдар келтіреді. Себебін түсіндіреді.
3. Спирулина экономикалық тұрғыда тиімді дақыл деп есептейсіңдерме? Жауаптарын негіздейді
Кері байланыс: «БББ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды
|
Тақырыпты бекіту
|
Оқушылардың жаңа тақырып бойынша меңгергенін анықтау
|
Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
Слайд 12-15
Слайд 16-18
|