Сабақ жоспары облысы бойынша кди жоспарлау. Сабақ жоспарларының жазбалары



бет2/3
Дата02.06.2022
өлшемі30.1 Kb.
#458908
түріСабақ
1   2   3
02.06.2022 Марсали Р.

Сабақ бойынша жазбалар
1. Жағымды ахуал туғызу, мұғалімдерді тақырыпқа сай 4 топқа біріктіру (2 минут).
2. Бастапқы ынталандырушы материал - «Қысқа/Нұсқа» (3 минут)
Тыңдаушыларға түрлі-түсті фигуралар таратылады. Фигуралардың түсі мен пішіні бойынша сабақтың тақырыбын болжап, айқындайды.
3. Тыңдаушыларды бүгінгі сабақ мақсат, міндет, күтілетін нәтижелерімен таныстыру (3 минут).
1-тапсырма. «Дыбыссыз ой атысы» (3 минут).
- Бүгінгі адамзат формациясы қалай аталады? Неліктен?
- «ХХІ ғасыр құзыреттіліктері» дегенді қалай түсіндіресіз?
- Сіздіңше, оқу мақсатына жетуде оқушылардың нақты білімдері мен біліктері маңызды ма әлде дағдылары ма?
Мини-дәріс «XXI ғасыр құзыреттіліктері: 4К моделі» (10 минут).
Жаңа материалдарды баяндау. Баяндау барысында тыңдаушылармен диалог орнату, өз қорытындыларын айтуға ықпал жасау. Қосымша әдебиеттер мен ресурстарға сілтемелер ұсыну.
1-минуттық тапсырма«5 түйін»
2-тапсырма. kahoot қосымшасымен жұмыс. «4К» моделін сипаттамаларымен сәйкестендіру» (5 минут)
3-тапсырма. «Екіжақты күнделік» - жұптық жұмыс
«Қазіргі қоғамда адамға қандай дағдылар қажет?».
1-қадам: Ең кемі 3 дағдыны анықтап, өз жауабыңызды негіздеңіз (5 минут)

Дағдылар

Негіздеу

1.
2.
3.




2-қадам: топ ішінде әр жұп орындаған тапсырмаларымен бөліседі. Талқылау жасайды (5 минут)
Кері байланыс: «Еркін микрофон» (2 минут)
- Жұптық жұмыс барысында Сіз не үйрендіңіз?
- Қандай ой түйдіңіз?
4-тапсырма. «Кері дизайн» - топтық жұмыс (15 минут)
Алдын ала берілген мәтіндік ресурс бойынша «4К» моделін графикалық органайзерде талдау бойынша дайындаған таныстырылымдарды қорғау
Әр топқа графикалық органайзер дайындауға 3 критерий ұсынылады:

  1. «4К» моделінің бір элементін таныстырады;

  2. Берілген элементтің өздерінің педагогикалық тәжірибесінде қолданылу барысын көрсетеді;

  3. Топ мүшелерінің жеке тәжірибелерінің галлереясын ұсынады.

Әр топтың спикерін тыңдау. Топаралық өзара бағалау - «Құнды. Қызық. Қиын» әдісі (google forms қосымшасында)

Құнды

Қызық

Қиын










1-минуттық тапсырма: «Отыр. Тұр» - жеке жұмыс (2 минут)
Алдыңғы жасалған жұмыстар бойынша 5 тұжырым беріледі. Оқылған тұжырыммен келісетіндер отыра береді, келіспейтіндер орнынан тұрады. Тұжырымдар толық оқылып болғаннан кейін, түрегеліп тұрғандар, неліктен келіспейтіндерін негіздейді.
5-тапсырма. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі – жұптық жұмыс (7 минут)
Қазіргі таңда мұғалімге қандай кәсіби дағдылар қажет? Жауабыңызды негіздеңіз.
Кері байланыс: «Біреуін бересің, біреуін аласың»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет