№ 11 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақ өткізілетін күн
|
Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы
|
Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)
|
Сабақ өткізілетін уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға электромагниттік өріс туралы түсінік беру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.
в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, сұрақ – жауап, есептер шығарту.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: «Трансформатор» тақырыбындағы презентация, трансформатор, катушка.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-20 минут:
1) Қайталау сұрақтары:
-
Жоғары жиілікті токтар дегеніміз не?
-
Жоғары жиілікті токтардың қолданылуы.
-
Дарсонвализация.
2) Үйге берілген есепті тексеру.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
1) Электромагниттік өрістің пайда болуы.
2) Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы.
3) Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
Электр зарядтары айналмалы қозғалғанда, яғни кез - келген айнымалы токта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар, бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электормагниттік өріc түрінде көрсетеді. Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген физика - математикалық таңдауларын 1873 жылы қорытындылады. Ол біртұтас электромагниттік өрістің теориясын жасады және оның бос кеңістікте де толқын түрінде тарай алатындығын дәлелдеді. Электр зарядтары айнымалы қозғалыс жасағанда, олардың туғызатын айнымалы электромагниттік өрісі кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тарайды. Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагиттік толқын деп атайды.
6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут
1. Бекіту сұрақтары:
-
Электромагниттік өріс дегеніміз не?
-
Электромагниттік өріс теориясын жасаған кім?
-
Электромагниттік өрісті тудыратын құрылғыларды атаңыз.
-
Электромагниттік өрістің зиянды жақтары.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут
9. Үй тапсырмасы-5 минут:
1. Эссе «Электромагниттік өрістің қауіптлігі және оны алдын алу шаралары»
10. Әдебиеттер:
-
Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006
-
Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001
-
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г
11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ____________________
Ýëåêòðомагниттік өріс
Электромагниттік өрістің қасиеттерін зерттеу үстінде Максвелл мынадай сауалға жауап іздеді: егер айнымалы магнит өрісі электр өрісін тудыратын болса, табиғатта кері процесс болар ма екен? Өз кезегінде айнымалы электр өрісі магнит өрісін тудырмас па екен? Табиғаттың біртұтастығына, табиғат заңдарының ішкі құрылымының үйлесімділігіне кәміл сенгендіктен туған бұл ой Максвелл гипотезасының негізгі арқауы болып табылады.
Электр өрісінің өзгерісі кезінде магнит өрісінің пайда болуы. Максвелл мұндай протцесс табиғатта шынында да өтеді деп есептеді. Электр өрісі бойынша өзгеретін барлық жағдайда магнит өрісі пайда болады. Бұл электр өрісінің кернеулік сызықтары айнымалы магнит өрісінің индукция сызықтарын қамтып алатыны секілді, өрістің магнит индукциясының сызықтары электр өрісінің кернеулік сызықтарын қамтып алады. Бірақ мұнда электр өрісінің кернеулігі артқан кезде пайда болатын магнит өрісінің В индукция векторы Е векторының бағытымен оң бұранда түзеді.
Электр өрісінің кернеулігі кеміген кезде магнит индукциясының В векторы бағыты Е векторы бағытымен сол бұранда түзіледі.
Максвеллдің гипотезасы бойынша магнит өрісін, мысалы, конденсаторды заряттағанда кілтті қосқаннан кейін тек өткізгіштегі тоқ ғана емес, сонымен қатар конденсатордың астарлары арасындағы кеңістікте болатын айнымалы электр өрісі де тудырады. Әрі айнымалы электр өрісі, астарлардың арасында дәлме-дәл өткізгіштегідей электр тоғы болатын кездегідей магнит өрісін тудырады. Максвеллдің гипотезасы тәжірбиеде электромагниттік толқындардың табылуы арқылы дәлелденеді. Электромагниттік толқындар тек айнымалы магнит өрісі айнымалы магнит өрісінің тудыруының арқасында ғана пайда болады.
Электромагниттік өріс. Өзгермелі электр және магнит өрістерінің арасындағы байланыс ашылғаннан кейін бұл өрістердің жеке күйінде бір біріне тәуелсіз өмір сүре алмайтыны айқындалды.
Кеңістікте айнымалы магнит өрісі жеке өзі емес электр өрісімен қатар пайда болады. Және керісінше айнымалы электр өрісі магнит өрісінсіз пайда бола алмайды.
Тағы бір маңызды мәселе, электр өрісі магнит өрісінсіз немесе магнит өрісі электр өрісінсіз тек белгілі санақ жүйесінде қатысты ғана бола алады. Мәселен, тыныштықтағы заряд тек электр өрісін ғана тудырады. Бірақ заряд тек белгілі санақ жүйесіне қатысты ғана тыныштықта болатыны белгілі. Басқа санақ жүйелеріне қатысты ол қозғалыста бола алады, демек, магнит өрісін тудыра алады.
Дәл осындай магнитпен байланыс қан санақ жүйесіне тек магнит өрісін ғана байқаған болар едік. Бірақ магнитке қатысты қозғалыстағы бақылаушы электр өрісін де аңғарады. Себебі, магнитпен салыстырғанда қозғалыстағы санақ жүйесіндегі магнит өрісі бақылаушы оған жақындаған сайын немесе одан алыстаған сайын уақыт бойынша өзгертеді. Уақыт бойынша айнымалы магит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.
Демек, егер осы өзгерістердің қай санақ жүйесіне қатысты қарастырылып отырғаны көрсетілмесе, кеңістікте берілген нүктесінде тек қана электр немесе тек қана магнит өрісі бар деген ұйымдарда ешқандай мағына жоқ. Магнитке қарасты тыныштық күйде тұрған санақ жүйесінде электр өрісінің болмауы жалпы электр өрісі жоқ дегенді білдірмейді. Магнитке қатысты қозғалыста болатын кез келген санақ жүйесінде бұл өрісті байқауға болады.
Электр және магнит өрістері біртұтас электромагниттік өрістердің білінуі болып табылады. Электромагниттік өріс зарядталған бөлшектердің арасындағы әрекеттесулерді іске асыратын материяның ерекше түрі. Ол шын бар, яғни бізге тәуелсіз, біздің ол жайлы білімімізге тәуелсіз өмір сүреді. Бірақ элоктромагниттік процестерді қай санақ жүйесінде қарастырып отырғанымызға байланысты біртұтас электромагниттік өрістің осы не басқа қыры көрінеді. Барлық инерциялық санақ жүйелері өзара тең құқықты. Сондықтан электромагниттік өрістің байқалатын көріністердің бірде-біреуінің артықшылығы болмайды.
Максвеллдің гипотезасы бойынша айнымалы электр өрісі магнит өрісін тудырады. Электромагниттік өріс біртұтас санақ жүйесіне тәуелді түрде өрістің бірде-бір, бірде екінші қасиеттері білінеді.
Электр зарядтары айналмалы қозғалғанда, яғни кез - келген айнымалы токта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар, бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электормагниттік өріc түрінде көрсетеді. Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген физика - математикалық таңдауларын 1873 жылы қорытындылады. Ол біртұтас электромагниттік өрістің теориясын жасады және оның бос кеңістікте де толқын түрінде тарай алатындығын дәлелдеді. Электр зарядтары айнымалы қозғалыс жасағанда, олардың туғызатын айнымалы электромагниттік өрісі кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тарайды. Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагиттік толқын деп атайды.
Электромагниттік өрістің денсаулыққа әсері.
Күн суыта келе жұртшылық түрлі жылыту құралдарын, қысқа толқынды пештерді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. Сондай-ақ кейінгі жылдары тұрмысымызда компьютерлер, көбейту, көшірме құралдары, ойын автоматтары, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі төмен және жоғары жиіліктегі физиотерапевттік электроқондырғылар, тұрғын үйлердің, мекемелердің төбесіне орнатылған қабылдау-тасымалдау мобильді, спутниктік байланыс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да басқа электромагниттік өріс туындататын құрылғылар үнемі қолданыста болып келеді.
Аталған құрал-жабдықтар арқылы қоршаған ортаға берілетін үзілісті, үзіліссіз толқындар биоэкосистемаға әсер етеді. Оның белгілі дәрежеде адам ағзасына да тигізетін зияны бар, ол толқынның жиілігіне және қуатына тікелей байланысты.
Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал.
Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күндік тиісті уақыты – 5 сағат).
Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |