Сабақ жоспары Абай шығармашылығы. «Сегізаяқ»



Дата12.07.2022
өлшемі2.12 Mb.
#459670
түріСабақ
Aбай шығармашылығы. Сегізаяқ өлені


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалқ колледжі» МКҚК
(білім беру ұйымының атауы)


Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Абай шығармашылығы.
«Сегізаяқ» өлеңі
(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы Қазақ тілі мен әдебиеті
Дайындаған педагог Шаймарданова Жанар Гизатовна
2020 жылғы "08" қыркүйек
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ І курс, 2020-2021 оқу жылы, ЭГД-106
Сабақ типі теориялық
2. Мақсаты, міндеттер «Сегізаяқ» өлеңінде көтерілген мәселелердің жаңашылдығын бағалау
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі жаңа ұғымдар
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
А.С. Ақтанова,А.Қ Жүндібаева, Л.К. Жұмекенова «Қазақ әдебиеті»
10-сынып. Алматы «Атамұра» 2019 ж.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар компьютер
4. Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Білім алушылар назарын сабаққа аудару.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ.Қызығушылықты ояту. Абай кім? Қандай адам болған?


1 тапсырма.
Абай шығармаларымен танысып, олардың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалаңыздар.
ПОПС формуласын қолданып, шығармадағы көркемдік бейнелеуіш құралдар автордың мазмұн-мақсатын ашуға қандай үлес қосып тұрғанын анықтаңыз.


Шығарманы белгілі бір жанрға жатқызудың
сипаттары


Бірінші сипаты

Екінші сипаты

Үшінші сипаты

Қай текке қатысты екендігі;

Қай сарынмен жазылғандығы;

Қандай көлемде, қалай құрылғандығы




Ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Сегіз аяқ» өлеңі.


«Сегіз аяқ» Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. «Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі. Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған. «Сегіз аяқ» өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру.
2 тапсырма. Өлеңнің көркемдік тілін талдау.

  1. Өлеңге сатылай кешенді тадлау жасау.

  2. Әдеби теориялық ұғымдарды табу.

  3. Өлең ішінен афоризм сөздерді анықтау.

  4. Өлеңнен бұйрық райды теріп жазу.

Сегіз аяқ
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра1 ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
3 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Дескрипторлар:
- шығарманың көркемдік сипатын анықтайды;
- шығарманың көркемдік құндылығына баға береді;
- шығарманың маңызын көрсете алады;
4 тапсырма. «Эвристикалық жобалау технологиясы» бойынша кестені толтырыңыздар.



5. Сабақ бойынша рефлексия


6. Үй тапсырмасы. А.С. Ақтанова,А.Қ Жүндібаева, Л.К. Жұмекенова «Қазақ әдебиеті». 10-сынып. Алматы «Атамұра» 2019 ж. 9-тапсырма. 29 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет