Сабақ жоспары
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Дайындаған және өткізген:
Г.Ж.Нургалиева, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр.
Пәні: Қазақ әдебиеті
|
|
Күні: 18.01.2024ж
|
|
Сыныбы: 7ә
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы, сюжеттік ерекшелігі, шығармадағы автор бейнесі
Сабақтың мақсаты:
1.М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасының мазмұнын меңгерту.
2.Топтық жұмыс арқылы оұқушыларды бірлікте жұмыс жасауға баули отырып, таза, әдемі сөйлеп, сауатты жазуға тәрбиелеу.
3.Әр түрлі тапсырмалар бере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, ой қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға жетелей отырып, тақырыпты өздері ашып, талдауға жетелеу.
Күтілетін нәтиже: Поэманы оқып, мазмұнын түсінеді; кейіпкерлерімен танысады; құрылымдық талдау жасайды; жырды оқып бағалап, мақсатқа тек батылдық пен еңбекқорлықтың арқасында жетуге болатынын түсінеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих
Достарыңызбен бөлісу: |