КӨКӨНІСТЕРДІ ӨҢДЕУ
Көкөністердің атқаратын ролі. - Адам қорегінде көкөністердің атқаратын рөлі зор. Олар ағзадағы асқорыту процесін жақсартады, қышқылды-сілтілік орта тепе-теңдігі мен сұйықтық алмасуды қолдап отырады. Бірден бір негізгі витамин көзі болумен қатар, олар көмірсуларға, минералды заттарға бай. Кейбір көкөністер (сарымсақ, пияз) құрамында, ауру тарататын микробтарды жоятын және олардың дамуын тежейтін ерекше бактерицидтік заттар –фитоцидтер болады.
- Тамақтану кәсіпорындарында көкөністер салқын тағамдар, сорпалар, тұздықтар, көкөніс тағамдарын, гарнирлер дайындау үшін кең қолданылады.
Түйнекжемістілер
Картоп, топинамбур, батат
Тамыржемістілер
Сәбіз,қызылша, шалқан, тарна, шалғам, балдыркөк
Орамжапырақ тұқымдастар
Ақбасқауданды, қызылбасқауданды, савойлық,
Брюссельдік, түсті, кольраби
Пияз тұқымдастар
Басты пияз, көк пияз, порей пияз, сарымсақ
Асқабақ тұқымдастар
Асқабақ, кәді, қияр, қауын, қарбыз
Қызанақ тұқымдастар
Қызанақ, тұрып, болгар бұрышы
Түйнекжемістілерді механикалық - аспаздық өңдеу тәсілдері - Сорттау кезінде шіріген, соғылған картоптардан, бөгде қоспалардан (тас, топырақ) және өсіп келе жатқан түйнектерден (себебі оның құрамындағы көзшелерде улы зат-соланин болады) тазартылады.
- Машинамен өңдеу кезіндегі шығынды азайту үшін картопты мөлшеріне қарай іріктейді, себебі ірі түйнектер тез аршылады да барлық картоптың аршылып болуына қарай құрамында көп мөлшерде қоректік заттары бар түйнектерден жұмсақтары кесіліп кетеді.
- Картопты жуу оның тез тазартылуына, одан әрі өңдеуде санитарлық жағдайын жақсартады. Жуылып тазартылған картоп жоғары сапалы крахмал береді, яғни алынады.
- Картопты мезгіл-мезгіл немесе үздіксіз жұмыс жасайтын картоп тазалағышта тазалайды. Картопты тазарту кезінде оның қабығы мен беткі жасушалардың бір бөлігі алынады.. Тазарту уақыты 2-2,5 мин.
- Картопты толық тазарту үшкір немесе сайлы пышақпен жүргізіледі. Бұл кезде картоптың көзшелері, ойыс жерлері, қара дақтары, қалып қойған қабықшалары тазартылады. Өңделген картопты мұздай сумен жуады.
- Көкөністі турау – көкөністерді біркелкі жылумен өңдеуден өткізуге көмектеседі және оларға әсемдік сыртқы көрініс беріп, дәмін жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |