№ 4 Сабақ жоспары
Топ
|
|
Сабақтың өткізілетін күні
|
|
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: ДК-дің перифириялық құрылғылары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік ДК-дің перифириялық құрылғылары тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелік: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)
Сабақты өту әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл
Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі
Көрнекі құралдар: компьютер
Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»
«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.
Сабақтың барысы мен мазмұны
-
Ұйымдастыру кезеңі
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
ДК-дің перифириялық құрылғылары.
IBM PC дербес компьютерлері әдетте үш бөліктен (блоктан) тұрады
-
Жүйелік блоктан;
-
Компьютерге символдарды енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта мен маустан;
-
Мәтіндік және графикалық ақпараттарды кескіндеуге арналған монитордан (немесе дисплейден).
Сурет - 1.5. Основные устройства, входящие в состав компьютера
Компьютерлер портативтік нұсқада — әдетте «блокноттық» (ноутбук), кейде — «иінтіректік» (лэптор) нұсқада шығарылады.
Компьютердің осы бөліктерінің ішіндегі ең «бастысы» жүйелік блок болып саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары орналасады:
-
Аналық тақша
-
BIOS
-
Процессор мен жад
-
Жүйелік өрім
-
Дискжетектер
-
Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар
Аналық тақша
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер-жолдар желісімен қапталған – олар бойынша тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға мәліметтер келіп түседі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS — Basic Input Output System) өзіне компьютердің құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырушы енгізу-шығару бағдарламаларының жинағын қамтиды. BIOS аппараттық құрал ретінде де, операциялық жүйенің бағдарламалық модулі ретінде де қарастырылады.
Компьютерде BIOS жүйесі жүйелік тақшада орнатылған микросхема түрінде іске асырылған.
Ескі жүйелерде ROM BIOS микросхемасын орнатқан болатын. Қазіргі заманғы компьютерлерде BIOS-ты сақтау үшін флэш-жад (flash memory) микросхемасы пайдаланылады. Олар бір құрауыш үшін ондаған мың есеге дейін ақпаратты қайта жазуға рұқсат етеді. Бұл қосылатын құрылғыларды қолдау үшін ескі қызметтерді оңай түрлендіруге немесе жаңа қызметті үстемелеуге мүмкіндік береді. BIOS-ты түрлендіру үшін жүйелік тақшасы бар жинақта жеткізілетін арнайы утилит (бағдарлама) пайдаланылады.
BIOS жүйесі мыналарды қамтиды:
-
CMOS RAM — жүйелік уақыт пен компьютер қисыны туралы ақпаратты сақтайтын жад.
-
CMOS-жад аз энергия тұтынуымен, энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленеді, құрамдас аккумулятордан қоректенеді. CMOS RAM мөлшері BIOS жүйесіне кіретін Setupбағдарламасының көмегімен өзгереді. Бұл бағдарламаға компьютерді бастапқы жүктеу кезінде DEL пернесін ұстап тұрып кіруге болады
Сендердің компьютерлеріңде орнатылған BIOS туралы егжей-тегжейлі аналық тақша сипаттамасынан оқуға болады.
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: жоғарыда келтірілген кестелер көмегімен мысалдар құрастыру.
Оқытушы______________Мирзаметов Ж.М.
ПЦК төрағасы__________К.К. Убаев
Достарыңызбен бөлісу: |