Күмісбек Н. Қатарынан үш күнге жалғасқан жастардың республикалық ХХ «Жас қанат» байқауы мамырдың 29-ы күні өз мәресіне жетті



Дата04.07.2016
өлшемі27.06 Kb.
#178037
Егемен Қазақстан. – 2011. - № 226-227. – 31 мамыр

Күмісбек Н.
Қатарынан үш күнге жалғасқан жастардың республикалық

ХХ «Жас қанат» байқауы мамырдың 29-ы күні өз мәресіне жетті
Негізінде өнер бәйгесінің деңгейі ондағы қазылар алқасы мүшелеріне қарап анықталып жатуы бекер емес. Осы ретте біз әуелі биылғы өнер бәйгесінің қазылар алқасы туралы айтатын болсақ, жастардың өнеріне белгілі композитор Кеңес Дүйсе­кеев, Қазақстанның халық әрті­сі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Нұржамал Үсенбаева мен Айман Мұсақожаева сияқты саңлақтар баға берді. Қазылар алқасының басқа мүшелері де – өнерде өзіндік қолтаңбасы қа­лып­тасқан, кәсіби жоғары дең­гей­дегі музыканттар. Жер-жер­ден келген жастардың осындай майталман мамандардан баға алуының өзі олардың балауса қанаттарын қатайтатын үлкен мектеп болып саналады. Ел арасындағы талантты жастарды тауып, олардың өнерін ұштауға қолдан келгенше қамқорлық көрсететін бәйгенің биыл жиыр­масыншы рет туын желбіретіп, ел Тәуелсіздігімен қатар мерей­тойын атап өтіп жатқаны кө­кей­ге қуаныш сезімін ұялатар оқи­ға. Өнер мектебімен өмірі біте қайнасып кеткен продюсер Мұ­рат Ерғалиевтің сөзімен айт­қан­да, «ел Тәуелсіздігімен бірге туған «Жас қанаттың» кеңістігі мұнан да кеңейе береріне сенеміз».

Бейбітшілік және келісім сарайындағы қорытынды концертте финалға жолдама алған бес орындаушы өзара бақ сы­наса келе, «Алтын қанат» – бас бәйге астаналық Нұрбол Бала­пановқа, «Күміс қанат» талды­қорғандық Арайлым Қалмұхан­бетоваға, «Қола қанат» павло­дар­лық Гүлмира Жұмабековаға тиді. Ал  Екатерина Лилуйя мен «Z»  триосы дипломант атанды. Биылғы байқаудың тағы бір ерекшелігі – елорданың бірталай өнер ұжымдары қатысу­шы­ларға арнайы сыйлықтарын та­быс етті. «Жастар» сарайының ықыласы қазақтың халық әні «Бір баланы» тамылжыта орындаған Екатерина Лилуйяға бұрылып, бағалы сыйлығын та­быстаса, С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық университеті Дихан Ілияшевке, Қуыршақ театры Бақытжан Сәрсенбековке, Астана жастар театры Нұрбол Балапановқа, мемлекеттік филармония Маханбет Қаратайға, «Қа­зақ­стан» орталық концерт залы «Z» триосына, Қ.Қуанышбаев атын­да­ғы қазақ музыкалық драма театры Арайлым Қалмұхан­бето­ва­ға, М.Горь­кий атындағы орыс драма театры Данияр Исмайыловқа, «Наз» мемлекеттік би ансамблі Қайсар Әбдіровке т.б. сый-сияпат жасады. Бас жүлдеге ие болған Нұрбол Балапановқа Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Гол­ливудқа жолдамасы бұйырды.



Байқаудың көңілге кірбің ұялатқан тұстарын айтар болсақ, жас орындаушылардың бәрі бірдей республикалық байқауда өнер көрсетуге лайықты дей алмай­мыз. Кей әншінің үні музыканың астында тұншығып қалса, кейбірі дауыстарын музыка ырғағымен қатар ұштастыруда мүлт кетіп жатты. «Жас қанат» байқауының әу бастағы мақсат-мұраты ауыл­дағы, еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген өнерлі жастарды үлкен сахнаға алып шығу емес пе еді? Әрине, бұл ретте өнер бәйгесі талай бұлақтың көзін ашып үлгергеніне күмән жоқ. Олардың дені бүгінде қазақ эстрадасының танымал өкілдеріне айналған. Бірақ та гәп өңірлердегі талант­тарды іздеп табу болғандықтан, байқау негізінен қашанда қазақ әндерінің, төл өнердің мүддесін бірінші орынға қойса дейміз. Өкі­нішке орай, бірақ сайыс бұл жағынан кейде ойымыздан шы­ға бермейді. «Көтере ал­май­­тын шоқпарды беліңе байлама» деген сөз осындайда еріксіз есіңе түседі. Неге екені белгісіз, кейбір орындаушылар шет тілінде ән шырқасақ, өздерін өнердің биігіне шық­тық деп есептейді. Қателеседі! Қазақ әндерінің тамыры осын­дай төл байқау­лар­да көктеме­се, қай жерде көк­тейді деген ой мазалайды бізді. Шетелдің әнін сол елдің орын­даушы­сы­нан асырып кім ай­тыпты? Өзіңнің мөлдіріңнен қа­нып нәр алмай жатып, өзге­нің жыл­тырағы неге керек? Осы ойды «Жас қанат­тың» жас талабына қарата айтып қойсақ, айыпты болмай­тын шы­ғар­мыз. Қоры­тынды кеште  әлем клас­си­ка­сы­ның інжу-маржан­да­рын орын­дап жүрген Нұржамал Үсен­­­баева неге Шәмшінің «Арыс жағасында» әнін, ал әлемге әй­гілі Айман Мұса­қожаева скрип­камен Нұрғиса Тілен­диев­тің «Аққу» күйін орын­да­ды? Төл шығар­ма­ға бет бұ­рыл­са, «Жас қанат» бай­қауы хал­қы­мыздың ұлттық музыка­сын төрге оз­дырса деген мақ­сат­тан. Осыны жас орын­дау­шы­лар көкірек­тері­не түйіп өссе екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет