Оразбекова Салтанат Мейірбекқызының жұмысына пікір оразбекова Салтанат «Арнайы пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы. Оқытушы сабақ



Дата18.04.2024
өлшемі19.94 Kb.
#499192
түріСабақ
Пікір


«Болашақ» жоғары медициналық колледжі «Арнай пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы
Оразбекова Салтанат Мейірбекқызының жұмысына

ПІКІР


Оразбекова Салтанат «Арнайы пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды, талапшыл. Сабақтарында жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды тартымды, тиімді пайдалана біледі.
Оқытушының сабақ барысында өзін-өзі ұстау, сөйлеу, студенттермен қарым-қатынас мәдениеті жоғары. Білім алушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасап, оларды жеке тұлға ретінде дамытады. Жаңа материал ашу бөлімінде көрнекі құралдарды ұтымды пайдаланады. Студенттердің ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырады. Студенттердің жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызады.
Оразбекова Салтанат Мейірбекқызы нәтижеге жұмыс жасайтын жаңашыл, жастарға үйрететіні көп оқытушы.

Колледж әдіскері _____________ Ф. Тулегенова


Болашақ» жоғары медициналық колледжі «Арнай пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы


Оразбекова Салтанат Мейірбекқызының жұмысына
ПІКІР

Оразбекова Салтанат «Арнайы пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы.


Оқытушы сабақ барысында топты жақсы игереді, білім алушыларымен қарым-қатынас мәдениеті жоғары, олармен тез тіл табыса алады. Сабақты өту барысында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланады. Сабақтың мақсатына жету үшін білім алушыларға жүйелі әрі түсінікті тақырыпты жеткізеді. Жаңа материал ашу бөлімінде көрнекі құралдарды ұтымды пайдаланады. Білім алушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Сабақ барысында білім алушыларға оқу мен тәрбиені ұштастырып, оларға үнемі адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға жетелейді және өз уақытын аямай кез-келген жағдайда бағыт бағдар беріп отырады.
Оразбекова Салтанат Мейірбекқызы ізденімпаз оқытушы. Білім алушылардың білімін әділ және ашық бағалайды.

Колледж директоры_____________А.Қ. Қалжанова

Болашақ» жоғары медициналық колледжі «Арнай пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы


Оразбекова Салтанат Мейірбекқызының жұмысына

ПІКІР

Оразбекова Салтанат «Арнайы пәндер» циклының «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы. Оқытушы сабақ барысында топты жақсы игереді, білім алушыларымен қарым-қатынас мәдениеті жоғары және өз пәнін, мамандығын терең меңгергендігін көрсете біледі.
Сабақты өту барысында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланады. Сабақтың мақсатына жету үшін білім алушыларға жүйелі әрі түсінікті тақырыпты жеткізеді. Жаңа материал ашу бөлімінде көрнекі құралдарды ұтымды пайдаланады. Тақырыпты өндірістік тәжірибемен ұштастырып студенттердің ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырады. Білім алушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызады.
Оразбекова Салтанат Мейірбекқызы заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де білікті, жаңашыл ұстаз.

«Арнай пәндер» цикл жетекшісі ___________________ Л.А.Қаражігіт

«Болашақ» жоғары медициналық колледжі «жалпы білім беру» «Биология» пәні оқытушысы


Досжанова Гульфарида Бухарбаевнаның жұмысына

ПІКІР

Мен МБ-9-22-1 оқу тобының студенті Сайлауов Бекзаттың ата-анасы Сайлауов Қалабекпін. Менің балам «Мейірбике » мамандығының 1 курсында оқиды. Мен ата-ана ретінде баламның оқитын тобында Г. Досжанованың сабағына қатыстым.
Г. Досжанованың өзінің мамандығын, пәнін жетік білетін ұстаз. Өз мамандығының иесі. Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
Г. Досжанованың ұйымдастыру қабілеті жоғары, топтағы студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, топты жақсы игере біледі. Сабақтың тақырыбын өткен сабақпен ұтымды байланыстырады. Сабақ түсіндіру кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, студенттердің жаңа сабақты тиянақты көрнекіліктерімен, интербелсенді тақтаны қолдану арқылы және студенттердің белсенді қатысуымен өткізеді. Студенттердің білімін әділ, ашық түрде бағалайды.
Г. Досжанованың студенттерге үздіксіз терең және жан-жақты білім беріп отырған оқытушысы Г. Досжанованың ата-ана ретінде ерекше ықыласымды білдіремін.

МБ-9-22-1 тобының студенті


Сайлауов Бекзаттың
ата-анасы Сайлауов Қалабек_____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет