№12 емтихан билеті
Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді сабақ жоспарлары
Лирикалық шығармаларды талдау жолдары (Мағжан лирикасы бойынша)
Жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығарманы оқытудың дидактикалық мақсат, міндеттері. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарынан бастап жоғарғы сыныптарына дейін қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнының төрттен бірін лирикалық шығармалар құрайды. Яғни, мектепте әліппеден әдебиеттің тарихи курсына дейін жалғасатын әдеби білім беру сатысында лирикалық шығармалар кеңінен оқытылады. Дегенмен осы тектес шығармаларды оқытудың мақсат, мүддесі, әдіс-тәсілдері әр сыныпта әртүрлі. Бастауыш сыныпта оқытылатын ӛлең шумақтары оқушыларға көркем сөзбен жасалатын өмір көріністерін түсінуге, сол арқылы қоршаған орта ерекшеліктерін жете тануға көмектеседі. Жылдың төрт мезгілі, олардың өзіндік ерекшеліктері, табиғат сырлары түсіндіріледі. өлеңді түсініп оқуға, жүргізіп оқуға, жаттауға бейімделеді. Сондықтан бастауыш сыныптардағы берілетін лирикалық шығармалардың дені жаттауға лайықталады да баланың есте сақтау қабілетін шыңдап, зейіні мен есінің ұзақтығын, беріктігін қалыптастыруға да өзіндік үлесін қосады. Орта буын сыныптарда өлеңнің, өнердің сиқырлы күшін, көркемдік ерекшелігін, кең дүниетанымын байқатуға бағытталады. Сол арқылы оқушыларға эмоциялық ықпал етуге, сезім-күйін тәрбиелеуге, шығармашылыққа жол ашуға күш салынады. Айтушының сезім-күйіне оранған өлең үлгілері арқылы қарасөзбен жазылған шығарма мен өлең туралы алғашқы ұғымдары қалыптасады. Ӛлең мазмұнындағы сыртқы әлем, қоршаған орта сырларын түсіне бастайды. Жоғарғы сыныпта лирикалық шығармалар белгілі бір тұлғаның әдеби мұрасына қатысты оқытылады. Аталған сыныпта оқушылар өлең мағынасы мен мәнін, тақырыбы мен идеясын, лирикалық қаһарманның сезім толқынын ұғынуға, өзінше ой толғап, пікір пайымдауға, салыстырулар мен сыни көзқарастарға көбірек назар салады. Лирикалық жанрдың ерекшелігіне қатысты нақты тұжырымдар көп. В. Г. Белинский: «Лирика – поэзияның жаны»,– деп түйеді. «Лирика қандай болса идеяны, ішкі сезімді қамти алады. Лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ыстық кеуденің қысымынан көркем өмірдің тың ауасына шығарып, өзгеше өмір сүргізеді»1 – деп, лирикалық шығарма табиғатын айқындай түседі.
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Лирикалық өлең- жырлардың тағы бір
ерекшелігі – көлемі шағын келіп, ой тұжырымдалып айтылатындықтан,
сөздің мәндік және мағыналық қасиеті, салмағы арта түседі»,- дейді1
Мектеп практикасында әдеби мәтіндердің ішінде лирикалық шығармаларды талдау мен тану күрделі. V-ІХ сыныптарда жүз қырықтан аса
лирикалық шығарма оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын
әдеби білім мазмұны лирикалық шығармаларға да тиесілі. Лирикалық шығармалар жанры мен тақырыптары жағынан алуан түрлі. Әйтсе де лирикалық шығармаларды талдап танудың, оқытудың жалпыға ортақ заңдылықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы керек.
«Лириканы оқытуда әлі де мазмұнын жалаң хабарлау, өнер тілін
түсініктілік тіліне айналдыру сияқты бір жақтылық басым. Информациялық
материал өнер өрнегімен қабыстыра берілмейді, демек өнердегі мазмұны мен
форма бірлігі, ой мен сұлулық тұтастығы сақталмайды. Шығарманың
көркемдігі мазмұн мен форманың бірлігінен тұратыны мәлім»1
деп түйеді зерттеу еңбегінде Д.Аңсабаев.
Лирикалық шығармалардың әрқайсысы жеке құрылымдық жүйе
екендігін белгілі. Оларды оқытуда қолданатын әдістерді жинақтап айту
күрделі. Солай бола тұра біздің тарапымыздан, лирикалық шығармаларды
талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз:
1. Шығарманың басты және қосалқы тақырыптарын табу;
2. Шығармадағы күрделі сөздер мен күрделі ұғымдарды анықтау,
сөздік жұмысын жүргізу;
3. Өлеңнің құрылысын талдау;
4. Өлеңдегі көркем сөз айшықтарын (троп, фигураның түрлері) табу,
мәтіндегі қызметін айқындау;
5. Шығарманың композициялық құрылымын анықтау, жоспар құру;
6. Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек
ұғымдар арқылы айқындау;
7. Шығарма идеясын тану;
8. Авторлық ұстанымды аңғарту.
Я.А.Коменский оқу үдерісіндегі оқушыға білім мен тәрбие беру жұмысын мынадай төрт кезеңге бөледі:
1. Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар
арқылы бала өзін қоршаған ортаны, өмірді танып, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді.
2. Ішкі сезімді ой-қиял арқылы елестету мен есту, қол мен тілді
тәрбиелейтін жаттығулар.
3. Нақты зат пен нәрселердің көлемі мен барлық заттық нәрселерді,
құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой пікір мен түйсікті дамыту.
4. Ерікке қатысты; ұстамдылық, еңбек құмарлық, қабілетті дамытуға
бағытталған жұмыстар. Осы бағыттағы жаттығулардың барлығын да лирикалық шығармаларды оқытқанда қолдану маңызды.
Ғұмырнамалық романды оқыту жолдары
«Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман жанры» атты бірінші тарауда қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық формада жазылған шығармалардың түрлік, жанрлық ерекшелігінің пайда болу тарихы мен алғашқы осы жанрда жазылған шығармалардың әдеби негізіне тоқталдық. Ұлттық әдебиетімізде ғұмырнамалық (мемуарлық) жанрға жол салған С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» романдары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесті қазақ мемуаристикасын қалыптастырған іргелі туындылар. Әдебиеттану ғылымында аталған шығармалардың жанрлық табиғаты, образдар жасау ерекшеліктері, стильдік сипаттары, психологизм проблемалары жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар пікіріне ден қойсақ, бұл шығармалар бір жағынан қазақ әдебиетіндегі мемуаристика жанрын қалыптастырса, екінші жағынан өзінің көркем болмысымен жалпы қазақ романының өсу, өркендеу, көркемдік шебін алуға да ерекше ықпал еткен туындылар. Әдебиетте жаңа жанр туды, қалыптасты. Енді ол дәстүр түзбекке керек. Аталған шығармалардың дәстүрін іздегенде
Ә. Нұршайықовтың, М. Мағауиннің, Қ. Жұмаділовтің ғұмырнамалық, яғни автобиографиялық романдарына ден қоямыз. Сол тұрғыда қазіргі қазақ әдебиетінде осы жанрдың бүгінгі жаңаша қалпын ғылыми-әдеби, теориялық тұрғыдан сараптау үшін, Ә. Нұршайықов, М. Мағуин, Қ. Жұмаділовтердің мемуарлық романдарын алдындағы мемуарлық шығармалармен салыстыра отырып талдау жасадық.
Зерттеу объектіміздегі үш романның да ғұмырнамалық бағдары айқын. Автор-кейіпкерлері өз аузынан баяндалатын оқиғалар тізбесінен өз өмірі мен өзі өмір сүрген қоғам шындығын өзара сабақтастырып, өзара байланыстырып суреттейді. Алайда, романда бейнеленген өмірлік материалдарының бастау арналары, даму, өрістеу, шарықтау, түйілуі әр түрлі болып келеді. Мәселен,
Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» шығармасын өзінің баянсыз балалық шағынан басталмайды, көз көрген ұлы жазушылармен болған қарым-қатынасы туралы жазады. М. Мағауиннің бұл тұрғыдағы ұстанымы тіптен басқаша. Жазушы өз өмірінен гөрі, қоғам ғылым, шығармашылық мәселелерінің тек жеке басына қатысты тұстарын атап, өмірдің өзінен алып бейнелейді. Суреткер Қ. Жұмаділовтің өміріндегі алып екі империяның тұсындағы аламан өмірдің шындығын көркемдікпен игеруге дәйекті, деректі бұрын-соңды әдебиетте аз көрінген сюжетті қызықты баяндаумен ерекшеленеді
Ғұмырнамалық жанрдың үрдіс алып дамуын зерттеудегі маңызды факторларды анықтаған соң, мемуарлық шығармалардағы кейіпкер танымы мен тағдыры арақатынасын біз осылай анықтадық.
Мемуар – ғұмырнамалық әдебиеттің ішкі бір жанры. Мемуарлық туындыда да көркем әдебиеттегідей өмірлік материал көркемдік жинақтауға түседі. Кейіпкерге түп-тұлға болған адамдар мінезі белгілі бір адам (кейіпкер) бойына жинақталуы, жинақталып ірі образға айналуы мүмкін. Көркем әдебиет пен мемуарлық әдебиет арасындағы айырмашылық – бірінде автордың араласуы белсендірек те, екіншісінде әлсіздеу болмақ. Бірінде кейіпкерге еркіндік аз беріледі, де екіншісінде еркіндік молдау беріледі. Мемуарист автор «Менің мақсатым азғындық жолға түскен жүргінші әйелді бейнелеу еді, Анна Каренина менің еркімнен шығып кетті...» – деп айта алмайды. Мемуарда қамтылатын өмір шындығы, көбіне, ойдан шығарылмайды. Өмірдің өзінен алынған шындық мемуарда көркемдік шындық райында қабылданады. Мемуарлық шығармадағы өмір шындығы – автордың өмірбаян беттері. Жоғарыда айтқанымыздай, ұлы жазушы Л.Н. Толстойдың өмірбаяндық трилогияны жалғап жаза түсіп, өз өмірі өз атынан баяндалатындықтан, ыңғайсызданып үшінші кітаптан кейін тоқтауы осыны аңғартады[33, 503]. Бірақ, оған қарап мемуарлық шығармада автор өмірлік материалды ірілендірмейді, екшемейді, болған қалпы сипаттай береді деген ұғым тумауы керек. Мемуар көркемдік жинақтаудан тым тысқары тұрмайды. Көркем әдебиеттегідей тым еркін жинақтау болмағанымен, өзіне лайық көркемдік жинақтауды мемуарлық шығарма да бастан кешеді.
«Ғұмырнамалық роман жанрында әдебиетте кенже қалған шығармада болған нәрсені бүкпей айту – басты шарт» десек, оған кеңестік дәуірде екінің бірі тәуекел ете алған жоқ [24, 623-624]. Бұл жерде жазушы үшін қажетті құрал – күнделік, хат, құжаттар т.б. және ең бастысы суреткердің зейін-зердесі. Адам жанынан асқан сүзгі жоқ. Қажеттісі есте қалады, қажетсізі, ұсақ-түйегі ұмтылады. Демек, бұл шығарманы естен кетпес сәттердің жиынтығы десе де болады.
№
Достарыңызбен бөлісу: |