Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
|
Күні: 27.11.23
|
Мұғалімнің аты-жөні: Камешева В Б
|
Сынып: 5 А
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Жол таңбалары белгілері
|
|
|
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылардың барлығы:
Лексиканың ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану;
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінді оқып, мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастыра алады, сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды;
Оқушылардың кейбірі:
Сын есімді зат есімнің орнына қолдана біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге тән лексика мен терминология: сын есім,күшейтпелі шырай,салыстырмалы шырай,Қиылыста,жол шетінде,бұрышта.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: қызыл шеңбер,ішіндегі таңбалар,тыйым салады,өтіп кетпе тып-тыныш,шеті қызыл үшбұрыш,
|
|
Бағалау критерийлері
|
1. Лексиканың ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды.
2.Жол белгілері туралы мағлұмат ала біледі.
3 Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану.
|
Құндылықтар-ды дарыту
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары: Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өмір қауіпсіздігі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта
|
Бастапқы білім
|
Жол ережелері, бағдаршам және жаяу жүргінші белгілерін, жол белгілері туралы ажыратады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурс-тар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
20 мин
Сабақтың соңы
10 мин
|
1.Оқушылармен амандасып,түгелдеу.
2.Жол белгілерін таңдауына қарай топқа болу.
3.Психологиялық ахуал туғызу.Шаттық шеңбер.
Таныстырылыммен жұмыс
Тапсырма 1
«Ашық микрофон» әдісі
(Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мәтінге байланысты немесе сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.)
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге ақпарат беру мақсатында жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
1) ескерту белгілері;
2) басымдылық белгілері;
3) тыйым салу белгілері;
4) міндеттеу белгілері;
5) ақпараттық-көрсеткіш белгілері;
6) қызмет көрсету белгілері;
7) қосымша тақтайшалар.
ІІ
Қиылыста, жол шетінде, бұрышта
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па?
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың.
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген жан өкінішке қалады.
«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді.
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үшбұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.
Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде қалдың ба?
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.
Ойтүрткі
Қандай түстермен боялған жол белгілерін білесіңдер?
Не себепті олардың түстері әртүрлі
Қай жол белгілері жиі кездеседі?
Біздің ауылдың маңындағы күре тамыр жолда қандай жол белгілері бар?
Дескриптор:
1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
2.Негізгі және қосымша ақпаратты таба алады.
3.Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |