І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім ІІІ. Қорытынды



Дата27.08.2023
өлшемі21.42 Kb.
#476241

Мазмұны
Аннотация
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты
Мəтін, оның ішінде көркем мəтін — мағынасы көмескіленген көнерген сөздерді өмірге қайта əкеліп, қайта тілдік қолданысқа шығаратын тұтас бір лексика-семантикалық бірлік. Кейде тіпті мəтіннің өзінде көнерген тұлғаның мағынасын тек сөздік арқылы ғана түсінетін жайттар болады. Сондықтан көркем тілдегі көнерген тұлғалардың этнолингвистикалық сипатын талдап, танудың маңызы зор.
Міндеті

  1. Əбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер.

  2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер.

  3. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мəтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында əлі де қолданыла беретін көнерген сөздер [1; 176].

Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған, әлі күнге дейін халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тиым, әдеп-ғұрыптар аз емес. Олардың кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен. Соны ой таразысында сараптап, пайымдағаныңда кеудеңде «Осы кие, қасиет дегеніміз не? Қазақтар нені киелі, қасиетті санайды? Оның сыры не?», — деген сауалдар бой көтереді. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасақ, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатақ — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал, т. б.
Кие қандай ұғым?Ғылыми тұрғыда қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін таным-түсінік атауы – кие болып саналады. Біз әлем халықтарының мифологиясы мен мәдениетіне назар аударсақ, ежелгі дәуірде-ақ адамзат баласының аң мен құстың, аспан денелерінің, жәндіктердің, заттардың, сандардың бірқатарын, әулие, көріпкел адамдарды киелі деп танығанын, тіпті оларға табынғанын, сиынғанын байқаймыз. Кейін ол көп халықтың дәстүріне айналған. Уақыт көші алға жылжып, адамдар түрлі діндерді қабылдағанында мұндай таным-түсініктердің, салт-дәстүрлердің кейбірі жойылып, әрқилы өзгерістерге де ұшырады. Сөйтсе де, Ислам дініне дейін біздің қазақ даласында қалыптасқан тотемдік наным-сенімдер біржолата құрып кетпей, оның жұрнақтары сақталып та қалды.
Қасиет – қандай ұғым? Ғылыми тұжырымдама бойынша, адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғымды – қасиет деп атайды. Ол екі түрлі: адам бойындағы қасиет, зат, қатынас және сапа категорияларымен салыстырып, солар арқылы анықталатын қасиет. Адам бойындағы қасиет. Олар: жағымды, жағымсыз қасиеттер. Жағымды қасиеттер: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттік және тағы да басқасы. Жағымсыз қасиеттер: оңбағандық, жексұрындық, арсыздық, зұлымдық, мейірімсіздік, опасыздық, күндестік, әділетсіздік және тағы да басқасы. Заттың қасиеті. Олар: массасы, қаттылығы, электр, жылу өткізгіштігі және тағы да басқасы. Халқымыздың ұғымында тылсым күші бар деп саналатын нәрселер де, тіршілік иелері де қасиетті деп саналады, оларды киелі деп ұғады.
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ескі Қазақ тілі — орта ғасырларда (XІV — XVІ ғғ.) қолданылған Қазақ халқының тілі. Бұл кезде қыпшақжәне басқа қазақ тайпалары Алтын Орда мемлекетінен бөлініп шығып, «Қазақ» деген этникалық атпен өз алдына этнос болып қалыптасқан. Орта ғасырларда қоңырат, қыпшақ, алшын, үйсін, дулат, арғын, найман, керей, жалайыр т. б. тайпалардың, олардың бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілімен қатар жазба әдеби тілі болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Ескі Қазақ тілінің негізінде Қазақтың халық тілі, одан кейін қазіргі ұлттық тілі дамып қалыптасқан.

  2. Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.

Көнерген сөздер
Тарихи сөздер Архаизмдер

  1. Хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, старшын 1. Торқа, биқасап, дүрия, патсайы

  2. Садақ, жебе, айбалта, найза, шоқпар 2. Сауын айту, бесік құда, барымта

  3. Қызыл отау, қызыл әскер, отарба 3. Шидем, күпі, жаппа, кебеже

  4. Қазақтың қасиетті санайтындары

Атамекен, туған жері. Оны құрметтеу, қасиетті санау-перзенттік парыз. Адамды көптен бері болмаған туған жері-алтын бесігіне келгенде сол жерге аунатып алатын дәстүрі бар.
Қара шаңырағы. Ол – ата-бабасынан қалған үй, қыстау, киіз үй. Оны қасиетті санап күтеді, таза ұстайды, сақтайды.
Киелі орындар. Әулиелердің, батырлардың, шешендердің, атақты адамдардың мекен-жайы, қабірі, мешіті. Оған халық барып зиярат етеді, түнеп тілек айтады.
Ананың ақ сүті. Анасының ақ сүтін ақтау – перзенттік парыз, ананы риза ету – Аллаһты риза ету.
Құран Кәрім. Оны дәрет алып, таза қолмен ұстайды, үйде жоғары жаққа қояды, аяқ асты тастамайды.
Ақ дастархан. Әркімнің шаңырағындағы дастархан – береке, байлық символы саналып, ол ақ дастархан деп аталады.
Қара қазан. Ырыс, тоқтық белгісі. Адалдық пен мол астың бірлігі ретінде қастерленеді.
Ошақ. Оны қазан – ошақ деп қосарлап та айтады. Береке – бірлік айғағы.
От орны. Киіз үйдің ошақ құрылып, от жағылған, жер үйдің пеші тұрған орын. Оны аттамайды, күлін шашпайды.
Төр. Әр үйдегі құрметті қонақтар отыратын орын. Қазақтар оны ерекше қастерлейді.
Батырлардың қару-жарағы. Бұлар киелі заттар. Ғасырдан-ғасырға қастерлеп сақтайды.
Аңшылардың, шеберлердің құралдары. Мергеннің мылтығын, аңшының қақпанын, үйшінің үскісін, ұстаның балғасын, етікшінің бізін қасиетті санап, ешкімге бермейді, сатпайды, жоғалтпайды. Ертеден қалған ескерткіш – белгілер. Олар: ескі қорымдар, қала орны, кесенелер, тас ескерткіштер, ата-баба жұрты. Оңтүстік тарихи тағылымды, шежірелі өңір екені, оның жер-су аттарынан да байқалады. Қазығұрт тауының атауы соның бір дәлелі іспетті. Осы атаудың пайда болғанына мыңдаған жылдар болды дейді ғалымдар және бұл туралы ел аузында жыр да, аңыз да көп. Мұның бәрі бекерден-бекер болмаса керек, өйткені халық бірнәрсені білмесе айтпайды, ал ғалымдар кез келген нәрсені зерттемесе жазбайды. Бұлақ. Тазалық пен нәр көзі деп таза ұстайды. Мал басы. Әр үйдегі төл басы да – қадірлі жануар. Солардан үйірін ит-құсқа бермейтін айғыр, соңынан көп төл ерткен мама бие, қой бастайтын серкелер шығады. Сол себепті оны сатпайды, басқа малмен айырбастамайды.
Киелі жануарлар. Қазақтар киелі жануарлар – жақсылықтың жаршысы, берекенің бастауы, бақыт, табыс әкелуші, ырыс-құттың нышаны деп түсінген. Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде киеге үлкен мән беріп, ол жөнінде былайша ой толғайды: «… кейбір жануарлар мен құстарды көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым, жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді». Біз енді қазақ халқының діни сеніміндегі киелі жануарларға тоқталсақ, олар: құмырсқа, өрмекші, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, үкі, бүркіт, ұлар, аққу, дегелек, тырна, арқар, киік (ақбөкен), құндыз, төрт түлік мал. Бұл таным-түсінік басқа халықтарда да кездеседі. Өйткені, діни аңыз бойынша, өрмекші Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды жаудан құтқарды, дәуіт-құс ұясындағы балапандары жыланнан құтқарушы, қарлығаш – адамның досы, аққу – пәктіктің нышаны. Жалпы, киелі малды ұрмайды, теппейді, олай жасаса, киесі ұрады деп қорқады. Яғни, аққудың еті емге қажет болса, адам өз денесінен қан шығарып барып: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ», — деп айтуға міндетті. Халқымыз буаз малды да киелі санап соймайды.
Киелі киім
Қазақ салты бойынша бір жылға дейін жаңа түскен келінді төркініне жібермеген. Осы уақыт ішінде ол бар сыннан мүдірмей өтіп, ата-енесі оны төрге шығарады. Сосын бір күні оған киелі киім кигізу ырымын жасайды. Ол былай: Төрге шыққан күні ата-енесі оған төркінінен келген кимешек-шылауышты өз қолдарымен кигізеді. Сосын бұл бас киімді келіндері тез балалы болсын деп сандыққа әдейі ырымдап салады. Киімнің киелілігі деген осы. Егерде келін одан кейін де ұзақ уақыт бала көтермесе, кимешек-шылауыш сандықта жата берсе, ата-анасы немесе ата-енесі өздерінің бір кінәсі үшін «Кие атты» деп іштей мүжілетін болған. Бұл салт қазір ұмытылып барады. Негізінен, келін қыз күнінде сәукелені сұлу болу үшін тіккізсе, кимешек-шылауышты ана болу үшін дайындатқан, кимешек-шылауыш келіннің қолаң шашы мен ақ мамық мойнына, төсіне сұқ көздер қадалмауы үшін де киіледі, әрі оны киген келін толық отбасы мүшесі болып саналады. Халқымызда ата-бабалардың киімдері де киелі саналып, сақталады.
III. Қорытынды
Ғалымдар киелі жануарлардың ғылыми тілде зоолатрия деп аталатынын баяндайды. Бұл гректің «zoon» — жануар, «latreia» — құрмет тұту, табыну деген сөздерінен шыққан көрінеді. Иә, ежелгі заманда адамдар өздері аулайтын аңдардың кейбірін киелі деп ұғып, оның суретін өздері тұратын үңгірлердің ішіне, тастарға қашап салды. Табиғат анамыздағы әр заттың киесі де, иесі де бар. Қазақстанда киелі де қасиетті орындар да аз емес. Біз оны қастерлеп, қадірлей білейік, ең бастысы, обал-сауапты ойлайық!

  1. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

  2. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. — Алматы, 264-б.

  3. Қазақ совет энциклопедиясы. — VІ-т. — Алматы,

  4. Абай тілі сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1968. — 700-б.

  5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 968-б.

  6. Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Актуальные проблемы казахского языка. — Алматы: Ана тілі, — 31-б.

  7. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. — Алматы: Санат, 1994. — 272-б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет