Сабақ жоспарлары мен кластан тыс шараларының үлгілері (бастауыш класқа арналған) Құрастырған: Аманова Шолпан


Тақырыбы: Сынып көшбасшысы. Мақсаты



бет2/3
Дата20.06.2016
өлшемі447.18 Kb.
#149113
түріСабақ
1   2   3

Тақырыбы: Сынып көшбасшысы.

Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдар бойынша алған білімдерін жан-жақты жүйелеу, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

І кезең. «Бәйге»

1-сұрақ.

Тәуелсіздік алғаннан кейін ең алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т.Әубәкіров.)

2-сұрақ.

Жапырақтар күзде неге сарғаяды? (хлорофилі азаяды)

3-сұрақ.

Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем)

4-сұрақ.

Көкжиектің неше тұсы бар? (Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

5-сұрақ.

Тас көмір қайда көп? (Қарағанды, Екібастұз)

1-сұрақ.

Дүние жүзіндегі халықтың саны ең көп мемлекет. (Қытай)

2-сұрақ.

Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)

3-сұрақ.

3600:Х=9 Х нешеге тең? (400-ге)

4-сұрақ.

Текшенің көлемін қалай табамыз? (Ұзындығын, енін, биіктігін бір-біріне көбейтеміз)

5-сұрақ.

81 қай санның квадраты. (9-дың)

1-сұрақ.

Өсімдікті зерттейтін ғылымды ата. (Ботаника)

2-сұрақ.

Жер бетінің өсімдік өсетін қабатын ата. (Топырақ)

3-сұрақ.

Т-қандай дыбыс? (дауыссыз, қатаң)

4-сұрақ.

Салмақтың өлшем бірлігі. (килограмм)

5-сұрақ.

Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

1-сұрақ.

750:Х=5 Х нешеге тең? (150-ге)

2-сұрақ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)

3-сұрақ.

Қандай геометриялық фигураның барлық қабырғалары бір біріне тең? (шаршы барлық қабырғалары тең)

4-сұрақ.

Заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөз табы. (сын есім)

5-сұрақ.

Алфавиттің ең соңғы әрпі. (Я)


ІІ кезең «Тіл-өнер»

Бұл кезеңде қазақша, орысша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Жазғандарыңызды тексеретін арнайы мамандар бар.

Мысалы, жылт-жылт еткен ,

Жылғадан өткен. (Су-вода)

1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем-весна)

2.жүз сомың болғанша, жүз ..... болсын. (дос-друг)

3.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса, аттама. (Кітап-книга)

4.Футболшының алаңдағы ойын заты. (доп-мяч)

ІІІ кезең «Жеті жұмбақ»

Бұл кезеңде өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 ұпайлық сұраққа жауап бересіз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинайсыз. Әрине, дұрыс жауап берсеңіз.

1. 20. Математика.

Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

( Ұзындығы мен енін қосамыз)

1.20. Қазақ тілі.

Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?

(Жұрнақ)


3.20. Ана тілі.

Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз кім?

(Ләззат, Сәбира)

4.30 Дүниетану.

Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. (Компас, түсбағдар)

5.30. Ана тілі.

Қазына көтерген бала кім? (Қаныш Сәтбаев)

6.30. Қазақ тілі.

Шылау дегеніміз не? (Толық мағынасы жоқ, арнайы сұраққа жауап бермейтін сөз табы)

7.40. Дүниетану.

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не деп аталады?

(Глобус)


8.40. Ана тілі.

«Әліпби», «Тіл құралы» еңбектерінің авторы кім?

(Ахмет Байтұрсынов)

9.40. Математика.

Мына көп таңбалы санды оқы. 111000000 (111млн)

ІҮ кезең «Мақалдың жалғасын табу».

1.Досы көпті жау алмайды,

(Ақылы көпті дау алмайды)

2Ақыл-азбайды, (Білім-тозбайды)

3.Өнер-білім бұлағы, (Білім -өмір шырағы)

4.Бірлігі жоқ ел тозады, (Бірлігі күшті ел озады)
Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу мен азайтудың тәсілдерін түсіндіру, алгоритмдік қолдану үлгісін көрсету, екі амалмен шығарылатын есеп және оны түрлендіру, ауызша қосу мен азайтуды тиянақтап, жазу сауаттылығын, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: слайд, оқулық, тақта

Әдісі: түсіндіру.

Түрі: ойын

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн, достым!

Қайырлы күн, болсын!

Сәрсенбінің күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз!

Кілең бестік болсын!



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын тексеру. 7-есеп.Әр қатардағы сандарды өсу ретімен теріп жаз:



а) 13, 17, 18, 21, 25, 28, 54 Ә) 12, 17, 18, 21, 25, 45, 52, 54, 71, 81

3) Өткенді еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.

Слайд түрінде әр түрлі тапсырмалар орындату.



  1. Бүгін бізді күтіп тұрған тапсырмалар.

  2. Алтын қақпа ойыны

  3. Ағаш қақпаның тапсырмаларын орындайық.

а) пысықтау

ә) сағат неше болды?

б) қай суретте мармелад тең 6 бөлікке бөлінген?

Сандарды өсу ретімен орналастыр.

12 19 25 30 39 54 62 68 70 75

Жаз ба ша қо су жә не аз ай ту

Тас қақпаның тапсырмасын орындау

Жаңа сабақ.

1-есеп. Кестедегі сандарды оқы. Олардың ондықтары мен бірліктерін ата. Осы сандарды баған түрінде жазып, қосуды орында.

а) ....... жазамын.

ә) ....... қосамын, 6+4=10 шықты. 10 бірл. =1 онд. 0 бірл. Бірліктердің астына 0-ді жазамын, ал 1 ондықты есіме сақтап, ондықтарға қосамын.

б) ..... қосамын, 2 онд. + 3 онд. = 5 онд. болады, тағы 1 ондықты қосамын, сонда 5+1= 6. Ондықтардың астына 6-ны жазамын.

в) Жауапты оқимын: қосындының мәні 60-қа тең.
2-есеп. Осы сандарды баған жазып , азайтуды орында.

Түсіндір


а) .......... жазамын.

ә) ............азайтамын, 0 6. Сондықтан 6 бірлікті 6 ондықтың бір азайтамын (ұмытып кетпес үшін 6 цифрының үстіне нүкте қоямын), яғни 10-6=4 шықты. Бірліктердің астына 4-ті жазамын.

б) ........... азайтамын,

6 онд. – 1 онд.=5 онд. қалған, ал 5-2=3.

Ондықтардың астына 3-ті жазамын.

в) Жауапты оқимын: айырманың мәні 34-ке тең.



Тас қақпа

а) қасқыр мен түлкі

ә) 3-есеп. Түсіндіре отырып, шығар:

37 90 38 80 23 70



53 53 42 38 47 47

90 37 80 42 70 23

4- есеп. Ұзындықтары 1дм 3см және 1дм 1 см кесінділер сыз. Олардың ұзындықтарының қосындысын және айырмасын жазып көрсет. Олардың мәндерін тап.

1дм 3см ..........1дм 3см......................................................

1дм 1см

2дм 4см ......1дм 1см..............................................



б) Жұмбақ есеп.

Сергіту сәті.

Күміс қақпа.

6-есеп.


Әжей 8 таба нан және 12 тоқаш Әжей 12 тоқаш және 8 таба нан

пісірді. Ол таба нанға қарағанда пісірді. Олардың 5-еуі желінді.

неше тоқашты артық пісірді? Неше тоқаш пен таба нан қалды?

Ш: таба нан – 8 Ш: тоқаш - 12

тоқаш - 12 таба нан -8

Ш: 12-8= 4 желінді – 5-еуі

Ж: 4 тоқашты артық Ш: (12+8) -5=15

Ж: қалды 15



Сабақты қорытындылау .

Математикалық диктант.

  1. үш ондық, жеті бірлік (37)

  2. төрт ондық, бір бірлік (41)

  3. елу екі бірлік (52)

  4. жетпіс бірлік (70)

  5. тоқсан жеті (97)

  6. алпыс тоғыз (69)

Үлестірмелі қағаз.

36+24 = 60 60+24=84 76-34= 42 89-72= 17 63+21= 84

22+17= 39 50-19= 31 60+16=76 89- 27 =62 54+32= 86

Үйге тапсырма беру. 6-есеп.

Ойлан тап: 1 сағат 46 минут



Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды деңгейлеп оқыту арқылы 2-ге көбейту кестесін құру, түсіну, меңгерту және есте сақтауға жаттықтыру.

Дамытушылық:Оқушылардың  ой өрісін дамыту.Өздігінен түсініп орындау дағдысын жетілдіру.Жұппен оқытуға дағдыландыру.Зерек болуға  тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Оқыту әдісі: жұппен оқыту

Көрнекіліктер: интер белсенді тақта кітапхана ресурстары
2.Оқушылардың жылдам ойлау,есептеу қабілетін,ауызша сөйлеу мәнерін дамыту,есептер шығаруда өз бетінше іздеп шешімін табуға, пікір айтуға қалыптастыру

3.Оқушыларды шапшаңдыққа,білгірлікке, ұтымды ой айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді пысықтау

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,слайдта жазылған есептер,қима қағаздар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз

Арайлап атқан күнге

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Өткенді қайталау



«Кім нәтижеге бірінші жетеді? ойыны. Тізбек бойынша есептер шығару
полотно 86 полотно 70«полотно 54полотно 38

Пысықтау» сөзі шығады.

-Балалар, біз бүгінгі сабақта нені пысықтаймыз?

- Білімімізді

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін білімді пысықтау сабағы. Сабағымызды әртүрлі ойындар арқылы жүргізетін боламыз.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау.



«Белгісіз санды тап» ойыны кесте бойынша бөліндінің мәнін табу Топпен орындалады.

Ітоп

Көбейткіш

3

5

8

Көбейткіш

2

4

3

Көбейтіндінің мәні










ІІ топ


Бөлінгіш

10

18

15

Бөлгіш

5

9

3

Бөліндінің мәні












«Жаңылмай тап» ойыны. «+», «-»таңбасының тиістісін қойып жазу.

60…15…5=80 60…(15…5) = 40

60…15…5=70 60…(15…5) = 50
№2 Қосуды көбейтумен алмастыр.

4+4+4+4=4х4

50+50+50=50х3

9+9+9+9=9х4

17+17+17=17х3

14+14+14=14х3

Барлығын вуыстыруға бола ма?

Сергіту сәті.

Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды

«Ойлы болсаң,озып көр» ойыны Оқулықтағы №7 тапсырмаға ауызша жауап беру

«Иә» немесе «Жоқ» ойыны Топпен жұмыс.

• 18 санын 6-ға арттыратын болса, 25 шығады;

• 7 саны 20 санынан 17-ге кем;

• 100-ден 30-ды азайтқанда 70 шығады

• егер 35 санын 10-ға кемітсе, 25 шығады;

• 26 мен 7 сандарының айырмасы 18-ге тең;

• 4 дм-де 40 см бар

• азайғыш - 24, азайткыш - 8. Айырманың мәні 16-ға тең;

• 15 саны 7 санынан 9-ға артық.


  • 1кг-да 1000 г бар



ҮІ. Сабақты қорыту. Ауызша жаттығулар орындау

Үйге тапсырма: №5есеп

ҮІІ. Бағалау.
Тақырыбы:Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған

Мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатынын ұғындыру, Білім

ордасын, ұстаздарын құрметтей білуге, Отанның адал ұл-қызы

болуға тәрбиелеу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.


3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып. Оқушылардың еңбектері, суреттері, нақыл сөздер, шарлар

Кіріспе сөз:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен күн - «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,


Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Бүгінгі түлектерді ортамызға!
Би билейді талмайды

Әсем әнін арнайды

Біздің нәзік Жанарды

Барлық бала тыңдайды

Мен үлкейіп толамын

Сіздей ұстаз боламын"

Деп жүр біздің Ғазиза

Үлгісі кіші баланың

Армандаған әр адам

Үшемдер бар класта

Қызыға біз қарайтын

Ерекше деп санайтын



Жанар, Жанна, Ғазиза

Бүгін біздің ортада.


Облыстық «Кішкентай зияткерлер» интеллектуалды ойын-байқауының ІІІ-орын, мектепішілік «Айгөлек» балалар ән-байқауының І-дәрежелі диплом иегері Нұржігітке

КТК-ның белсенді бір мүшесі,

Еш нәрседен қалған емес есесі.

Ізденеді бар жағынан жан-жақты,



Нұржігіт біздің жігіттердің төресі.
Облыстық «Кішкентай зияткер» интеллектуалды ойын-байқауының ІІІ-орын иегері«Үздік болуға ұмтылайық» акциясында ең үздік жазу» атағының иегері

Оқуды да ойлайды,,

Биді де билеп қоймайды.

Өнерпаз біздің Әмина

Таңқалдырған талайды
2 «Үздік болуға ұмтылайық» акциясында ең үздік жазу» атағының иегері облыстық «Кішкентай зияткер» интелектуалдық ойын байқауының ІІ-орын, «Үздік болуға ұмтылайық» акциясында ең үздік жазу» атағының иегері Бануға

Сыныптың оқу озаты

Талапты әрі жан-жақты

Ойы жүйрік әрдайым

Ұтымды айтар жауапты
Мейірлі әрі жат көрмейтін кісіні

Мақсаты көп көздеген әр ісінің.

Балнұр сынды қызымыз бар ортада

Қошеметтеп қол соғайық шаттана.


Облыстық «кішкентай зияткер» интеллектуалдық ойын-байқауының ІІІ-орын иегері 2013-2014 оқу жылы «Үздік болуға ұмтылайық» акциясында «Ең үздік жазу» атағына ие болған Жанарға

Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Біздің Жанар жыр жазады жанынан

Тақырыпта көріп жүрміз көптеген

Білімге бар ынта- жігер бойында


Жалқаулықты жанға серік етпеген

Ұтымды да нақты әркез жауабы

Дүзбай Жанар басқан қадам еппенен
Сабырлы да, салмақты мінезі бар

Ұтымды ойға айтар жауабы бар

Үлгерімі ерекше барлық пәннен

Ортамызда беделді Дүзбай Жанар


Облыстық кішкентай зияткер интеллектуалдық ойын-байқауының ІІІ-орын иегері, Аудандық «Кішкентай білгірлер» интелектуалдық ойын-байқауына қатысушы, Мектепішілік «Айгөлек» балалар ән-байқауының гран-при иегері Ардақұлы Асланға

Есепке жүйрік жасынан

Өнерпаз, әнші Аслан

Әзілге құмар айтуға,

Табылса біреу қасынан

Математика әлемін

Бағындырмақ бұл жігіт

Сері жігіт Аслан

Күтеміз сенен мол үміт.
Әркез жүрер еркелеп,

Ойылдан бізге келіп ед

Сабақтан бірде қалмапты

Өзі сондай елгезек

Ортамызда Оралхан

3.Қош, міне, келдіңіздер, түлектерім,

Қоштаспақ боп лүпілдейді жүректерің.

4 жыл оқып, өрелі білім алдың

Кез келді, міне, ілгері қадам бастар

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Бастауышпен қоштасу тойымызға!

-Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын, осы мектеп табалдырығынан жанарлары жәудіреп, тал бойлары майысып, 1-сыныпқа қабылданған кіп-кішкентай балдырғандар еді.Сол 2010-2011 оқу жылының 1-қыркүйегі-білім күнін көз алдымызға әкеліп, сол сәтке саяхаттап қайтайық.

СЛАЙД БАЛАЛЫҚ ШАҚ (4 жыл бұрынғы жаңа оқу жылы)

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.

Енді бүгінгі күні бойлары да, ойлары да өсіп, алғашқы басқыш бастауыш сыныпты тәмамдап, орта буынға өткелі отыр.

Міне, бүгін, біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Әмина: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Аслан: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


4 Балнұр: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

Хор: Кластастар, құрдастар.

Хормен:Сап түзедік бәріміз 3 ұлменен 6 қыз

Мектеп қамқор анамыз, оқып, білім аламыз.



Бану: Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын

Тынымсыз атып жатыр әр таңыңыз.

Басқарып директор боп осы ұжымда

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз-деп құттықтау үшін сөзді мектеп директоры Нұрмахан Ерік Әбдірашұлына береміз.



Дымбілмес: Ау, балалар, тоқтаңдар! Бастауышпен қоштасу тойын тойлайық, қайда асықтыңдар? Сынақтан өтпей қайда бет алдыңдар? Алдымен сендердің білімдеріңді тексеремін, сондықтан Білім министрі мені арнайы жіберді. Барлық пәннен емтихан аламын, екіліктер қоямын, ештеңе білмейтіндеріңді дәлелдеп осы бастауышта қалдырамын.

Әмина: өкпеңізді басыңыз, Дымбілмес. Біздерді тыңдап, білімімізді сынап көріңіз, біз дайынбыз.

Дымб. Олай болса, алдымен өз ана-тілдеріңнен не оқып, үйрендіңдер?

Д.Жанар: Ана тілі пәнінен ақын-жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, мақал-мәтел жаттадық. Солар арқылы ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.

Ғазиза: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Мұхтар ағаларымыз туралы олардың шығармаларын оқыдық.

Бану: Халқымыздың ұлы кемеңгер ойшылы Абай атамыздың қара сөзінен үзінді.

Ғазиза: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.

Нұржігіт: Надандық - білім - ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Аслан: Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі де осыдан шығады.

Бану Залымдық адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

ЖанарЖ: Бес арыстың бірі Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңінен үзінді.

Ғазиза: Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы»

Сахналық қойылым. Міржақып Дулатовтың «Байлық»

Дымбілмес: Жарайды, одан да мықты болсаңдар, әлгі сөз тақпақтарын айтып беріңдерші.

Бану: Сөз тақпақтары емес, сөз таптары. Олар: зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер.

Дымбілмес: Жарайсыңдар, оны да біледі екенсіңдер. Енді қандай тапсырма берсем екен, таптым, таптым, зат есіктер туралы не білесіңдер?

Ж.Жанар: Өзің дым білмейді екенсің ғой, Дұрысы зат есімдер, ережесі.

Дымб: Етік-етік-етіктер туралы айтыңдаршы.

Хормен: Дұрыс емес.

Д.Жанар:Дұрысы етістік. Етістік дегеніміз заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Мысалы, жазды, оқыды. Біз мұның барлығын аяулы мектебімізден, ұстаздарымыздан үйрендік.

Дымб: Білімдерің мен талаптарың жаман емес екен. Бірақ өмірде орыс тілін, шет тілін білмеу үлкен қателік, қане, мықты болсаңдар, орыс тілінен не білесіңдер?

Д.Жанар: Я буду врачом

Белый-белый чистый-чистый

Примеряю я халат Ничего что тот халат

Мне пока еще до пят.

Вот как стану я врачом нам болезни нипочем.

Пей, лекарство ажетай пей скорей не причитай.

Вылечу от старости то-то будет радости.

Хор: Пусть всегда будет солнце

Дымб: Жарайсыңдар, сынақтан өттіңдер. Орта буынға өтуге сәттілік тілеймін.

-Келесі кезекте «Біз өнерлі баламыз» атты бөлімімізге береміз. Ендеше, балалар, тойымызды жалғастыруға мүмкіндік туды.



5.-Ал енді осындай тойда туған жеріміз Құмтоғай туралы неге айтпасқа

Әмина: Көк туым желбіресін төбемдегі

Біз мынау Құмтоғайдың өрендері

Гүлденген аулымызбен мақтанамыз

Атағы Құмтоғайдың көпке аңыз.



Ғазиза: Ауылым-қасиетті шаңырағым

Киелі ғой бір уыс топырағың

Ауылым өркендей бер, гүлдене бер

Мәңгілік жайнай берші, жарқырашы



Бану: Ауылым-алтын, туған жерім

Кең жазира шалқыған думанды елім

Ауылым бастауы сен бақытымсың,

Сенде тудым, сенде көктеп көгеремін.

Туған жер дегеніміз- адамның түп-төркіні, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз туған жерін дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды.

«Құмтоғай вальсы» Аслан-Ғазиза, Нұржігіт-Әмина, Оралхан-Балнұр

Мұғалім:-Иә, Құмтоғай ауылы өзінің тыныс-тіршілігімен, бастамашыл істерімен ауданның өзге елді-мекендеріне үлгі болып отырғаны анық. Біздің ауылымыз гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш екені сөзсіз.

-Ал енді балалар, өзіміз білім нәрімен сусындап, тәлім тәрбиені


Д.Жанар: Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Нұржігіт: Дұрыс айтасың Жанар! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің әкем де, анам да, аға-апаларым да, енді мен де осы мектептен тәлім алудамын. Олай болса, балалар, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін Әминаның орындауында қабыл алыңыздар!

Ән: Мектебім Әмина

Ж.Жанар:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.



Бану: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әмина?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет