Видеоролик «Шуақты 4 жыл …» Мейірбек



бет1/11
Дата06.10.2024
өлшемі42.83 Kb.
#504364
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
бастауышпен қоштасу 4 в сынып


Мұғалім:Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты- бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Мерекемізге қош келдіңіздер!Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Б» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес білген шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. ,« Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсін!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.


Видеоролик «Шуақты 4 жыл …» Мейірбек: Бәрі есімде балғын шақ тұстарымның Қалай өтті білмеймін қыс –жазымның Қарсы алғаның есімде құшақ ашып Күлімдеген жүзі есімде ұстазымның
Мерует
Бастауышым – балғын шағым, тұмарым
Басылмады саған әлі құмарым
Кіп-кішкентай, тарыдай боп кіріп ем,
Бүгін міне таудай болып шығамын
Мейірбек : Құрметті ұстаздар, қымбатты ата-аналар Бүгін біз үшін ерекше күн. Себебі бүгін білімнің бастауы болған бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
Мерует:_Олай_болса_бүгінгі_төртінші_В_сыныбының_қимастық_пен_қуанышқа_толы_«'>Мерует: Олай болса бүгінгі төртінші В сыныбының қимастық пен қуанышқа толы «Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсін!» атты тәрбие сағатымызға ......
Мейірбек, Мерует: ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Мейірбек: Мерует сені алғаш мектепке келгенде кім алып келді?
Мерует: Мені қолымнан жетелеп, ертіп келген ол ,әрине,- ақ әжем
-Мерует: Ал, сенің мектепке алғаш келген кезде қандай сезімде болғаның есіңде ма?
-Мейірбек
-Иә, әрине! Ол күн дәл қазіргідей көз алдымда. Оқуға деген талпыныспен алып ұшып анаммен келгенмін.
Меруерт
-Керемет! Шыныменде біз бақыттымыз. Себебі алғаш Кенжегүл апайдай ұстаздың шәкірті болдық, «В» -дейтін әріптен басталатын сыныпта оқыдық, алтындай сыныптастар, достар таптық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет