Сабақ жоспарларының үлгілері (мұғалім іс-тәжірибесінен) Құрастырған: Айтжанова Шаһизада Ахашқызы



бет1/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#133760
түріСабақ
  1   2   3   4
Химия және биология пәндерінен

сабақ жоспарларының үлгілері

(мұғалім іс-тәжірибесінен)



Құрастырған: Айтжанова Шаһизада Ахашқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің

химия – биология пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Т.Жүргенов атындағы орта мектебі


Құрастырушы: Айтжанова Шаһизада Ахашқызы -

химия – биология пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта химия және биология пәні мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақ жоспарларының үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты химия және биология пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Биология
8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сүйектің құрылысы (бүктеме), адам қаңқасы (плакат), сұрақтар, тест, сәйкестендіру тесті, бас сүйек, қол сүйектері, жамбас белдеуі сүйектері (муляж).

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

I. Ұйымдастыру кезеңі


  1. Оқушылардың сабаққа қатысуы;

  2. Оқушыларды топқа бөлу;


II. Қызығушылықты ояту 

А) Үш топқа арналған сұрақтар. 



І-топ. Сезімтал жүйкелер жиынтығы қалай аталады?

  1. Дыбыс сүйектері құлақтың қай бөлігінде орналасқан? (ортаңғы)

  2. Бас сүйек қаңқасына жатады: (ми сауыты, бет бөлімдері)

  3. Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? (маңдай, төбе, самай, шүйде)

  4. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? (еңбек)

  5. Кеуде қуысын құрайтын сүйектер: (12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға, төс сүйегі)

  6. Омыртқа саны: (33-34) 

ІІ-топ.

  1. Көз алмасы қандай қабықшалардан тұрады? (сыртқы, ортаңғы, ішкі)

  2. Дыбыс сүйектері қалай аталады? (төс, балғашық, үзеңгі)

  3. Сүйек қанша жаста қатая бастайды? (екі)

  4. Қолбасы сүйектерін ата. (білезік, алақан, саусақ сүйектері)

  5. Білезікте қанша сүйек бар? (8)

  6. Қысқа сүйектерге жатады: (омыртқа, алақан, табан, саусақ)

  7. Омыртқаның құрылысы: (денесі, доғасы, қабаттары, өзегі) 

ІІІ-топ.
1. Сипап сезу арқылы нені анықтаймыз? (пішінін, қаттылығын, тегістігін, жылы-суықты)

  1. Рефлекс дегеніміз не?

  2. Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқа: (құйымшақ)

  3. Жалпақ сүйектер: (жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері)

  4. Аяқ сүйектері: (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)

  5. Аяқ бұлшықеттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге толық тиіп тұруы қалай аталады? (жалпақ табандылық).

Ә) Топ мүшелеріне үш түрлі сүйек үлгілері сипаттауға беріледі.

  1. Бас сүйек қаңқасы

  2. Қол сүйектері

  3. Аяқ сүйектері

Б) Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тест сұрақтары:
І. Орталық жүйке жүйесіне жатады:
А) көз Б) жұлын В) құлақ Г) тері

2. Ми бөлімдеріне жатпайды:


А) сопақша ми Б) мишық 
В) алдыңғы ми Г) үлкен ми сыңарлары
3. Мидан қанша жүп жүйке тарайды?
А) 12 Б) 10 
В) 14 Г) 8
4. Көздің қосымша аттары:
А) көз алмасы Б) жас белдері 
В) соқыр дақ Г) сары дақ
5. Құлақтың қай бөлігі түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады?
А) сыртқы құлақ Б) ішкі құлақ 
В) ортаңғы құлақ Г) шытырман

  1. Адам қаңқасында қанша сүйек бар? 

А) 200 Б) 180 В) 204 Г) 195

  1. Қанша сегізкөз омыртқасы бар?

А) 7 Б) 5 В) 12 Г) 4-5
8. Жалпақ сүйек
А) жілік Б) омыртқа 
В) бас сүйектері Г) табан сүйектері
9. Омыртқа жотасында қанша иілім бар?
А) 4 Б) 2 В) 3 Г) 6
10. Денесі жалпақ, әрі үлкен омыртқа:
А) мойын Б) арқа В) бел Г) сегізкөз
III. Мағынаны танып білу: 
Жаңа сабақ.

  1. Сүйектің құрылысы.

  2. Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.

Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% оссейн, 21,8% минералды заттар, 15,7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру. 
Сүйектің байланысы:

  1. Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.

  2. Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.

3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.
IV. Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін тексеруін арналған тапсырмалар.
1) Сүйектің құрылысы

Тығыз ұлпа Борпылдақ ұлпа

Сүйек қабы Шеміршекті қабаты

Жуандап өсуі Ұзарып өсуі

2) Сүйектің құрамы



Су оссейн минералды заттар май

серпімді иілгіштік морт сынғыштық


3) Сүйектердің байланысы



қозғалмалы жартылай қозғалмалы қозғалмайтын
аяқ-қол сүйектері омыртқалар ми сауыты, сегізкөз
4) Сандар нені білдіреді?

20-25, 50%, 12,5%, 21,8%, 15,7%, 230.



V. Ой толғау.

  1. «Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?

  2. Тақырыпқа байланысты қазақ халқының қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

VI. Білгенің артық болмас!
Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен.
VII. Қорытынды.
Бағалау парағын пайдаланып оқушыларды бағалау.

8-класс

Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары және олардын алдын алу

Сабақтын міндеті: Жүрек-қан тамырлары ауруларынын өмірге қауыпты екендігін түсіндіру.


Сабақтын мақсаты:
1. Білімділігі: Қан кету түрлерін ажырыта білуге үйрету, журек-қан тамырлар жүйесінің ауруларынын анатомиялық физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардын алдын алуға үйрету, денсаулықты сақтауда және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда жүректі жатықтырудын мақызын көрсету.

2. Тәрбиелілігі: Оқушылардың қауыпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылаудағдысын қалыптастыру. Өзінің денсаулылығын сақтауда жинақылыққа, зейінділікке үйрету. Санитарлық-гигиеналық дағдарысын тәрбиелеу. Салауатты өмір сүруге үйрету. Денесін жетілдіруге үрету.

3.Дамытушылығы: Оқушылардың оилау қабілетін синтездеу, қортындылау, нақтылау, дәлелдеу қасиетін дамыту. Жүйке жүйесінін қызметін үйрету.

Құрал-жабдықтар: «Ішкі ағза орталығы» «қан айналу шеңбері» «қан айналым жүрек жұмысы», Лимфа айналымы. Жүрек, Торс, GLX. экг, танометр электронды оқулық, электронды корсетілім.

Сабақ типі: аралас сипатта.
Әдістемелік шешім: Әнгімелесу арқылы сұқпат, практикалық жұмыс, көрнекіліктер көрсету, сұхбат дәріс арқылы. Өткенді қайталай отырып, тамыр зақымдағанда қан кеткенде қандай көмек көрсету керек?

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезені.

1. ҚР-да адам ағзасын емдеуде халықтын дәрігерді өз і тандау жасауына мүмкіндік берді. Ендеше бүгін сол тандауды жасаймыз.
Жүректі – кардиолог,
Қанды – гематолог,
Жүйке жуйесін – невропотолог,
Қан қысымын – терапевт,
Ішкі секреция қызметін – эндокринолог.
Аурудын алдын алуды – валеолог зерттейді.
Ендеше осы дәрігерлердің ролін оқушыларға береміз.

2. Ол үшін ағзаны мұқият зертеп, құрлысын танып ақауын біліп, аурудын алдын алып, алғашқы көмек көрсете білуіміз керек

3. Шартпен танысайық:
1. Әр дәрігер сынақ (аттестация) тан өту к.к
2. Әр қайсымызда тест бағалау парағына 1- ондыққа тест. 2,3 ондыққа әр жауап берген сайын 1 таяқша қойып отыру керек.

4. Электронды оқу бойынша: Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу.



Сабақтың тақырыбы: Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Микроорганизмдердің тұрмыста ертеден пайдаланғаны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Микробиология ғылымының негізін қалауға үлес қосқан ғалымдар еңбегімен таныстыру. Прокариоттар мен эукариоттар туралы білімдерін дамыту, есте сақтау және ойлау қабілеттерін жетілдіре, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру салауатты өмір салтын қолдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың типі: Дәстүрлі
Әдіс - тәсілдер: Сәйкестендіру тесті, СТО элементтері (ой қозғау, бағалау парағы)
Пән аралық байланыс: химия
Көрнекіліктер: Слайд шоу, ғалымдардың суреттері, қанатты сөздер, микроскоп, қандауын, заттық шыны, пияз, микропрепараттар т. б.

Сабақтың жоспары


І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сәйкестендіру тесті
ІІІ. Негізгі кезең
1. Жаңа материалды оқытуға дайындық
А) Ой қозғау
Ә) Венн диаграмасы
(микроорганизмдердің пайдасы және зияны)
2. Жаңа материалды оқыту
А) «Ізденімпаз топ» оқушыларының әкелген қосымша
материалдарымен таныс болайық!
Ә) Кітаппен жұмыс (топпен 3 сұраққа жауап іздеу, хабарлау)
ІV. Бекіту.
№4 Зертханалық жұмыс.
Жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар жасушасының құрылысын микроскоп арқылы зерттеу, жасуша құрылысының үлгісімен жұмыс істеу.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма.
Қоштасу!

Сабақ барысы.


І. Ұйымдастыру кезеңі
(Амандасу, оқушыларды белгілеу, сабаққа даярлық)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сәйкестендіру тесті
Бірінші бағанадан, екінші бағанаға сәйкес жауапты іздеп, санмен белгіле. Мысалы: 25, 34 т. б.

1 - бағана ----------------------------------------------------------------------------------------------2 -бағана


1 Адам ағзасында хромосома саны?--------------------------------------------------------- 1. Ядро
2 Ядросы толық жетілген организмдер?---------------------------------------------------- 2. Хромосома
3 Ядроның бөлінуге дайындық кезеңі?------------------------------------------------------ 3. Прокариоттар
4 Қандай типті хромосомаларда центромера дәл ортасында орналасады?----- 4. Митохондрия
5 «Карион»?------------------------------------------------------------------------------------------ 5. Эукариоттар
6 Ядросы жетілмеген организмдер?---------------------------------------------------------- 6. Пластидтер
7 Ядро неше мембраналы органоид?--------------------------------------------------------- 7. 2
8 ДНҚ - ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік?--------------------- 8. Интерфаза
9 «Энергетикалы станция» деп аталатын органоид?------------------------------------- 9. Метацентрлі х.
10 Тек өсімдік жасушасына тән органоид?--------------------------------------------------- 10. 46
Сәйкестендіру тестінің жауаптары: 110, 25, 38, 49, 51, 63, 77, 82, 94, 106.

ІІІ. Негізгі кезең


1. Жаңа материалды оқытуға дайындық
А) Ой қозғау

1. Балалар біз сендермен күнделікті тіршілікте микроорганизмдерді пайдаланамыз. Солай емес пе?


2. Микроорганизмдерді табиғаттан қалай көреміз?
Өте жақсы, дұрыс! Біздің облысымызда микроорганизмдерді пайдаланып, қандай өнімдер өндіреді? (айран, йогурт, нан т. б. «Эмиль»)
Енді бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз осы микроорганизмдермен тікелей байланысты. Сабағымыздың тақырыбы: Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар.

Ә) Кітаппен жұмыс (топпен 3 сұраққа жауап іздеу, хабарлау)


Балалар енді сендер 3 топқа бөлінесіңдер әр топта 5 оқушыдан болу керек. Топтың бүгінгі тақырыбымызбен байланысты аты, ұраны, топ жетекшісі болған шарт. Мен әрбір топқа 3 сұрақтан таратып беремін, сол сұрақтарға жауаптарды бірлесіп, іздеп, жауап қайтарасыңдар. Топ басшылары бағалау парағына бағаларыңды қойып отырады. 3 минут уақыт беріледі. ІСКЕ СӘТ!

Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері.
Мақсаты: Жоғары сыныптарда қарастырылатын мәселелерді талдау. Биология ғылымымен байланысты салаларына негізгі түсініктерін қалыптастыру. Тіршіліктің пайда болуы туралы негізгі түсініктер де биология ғылымының проблемаларының бірі екендігін сипаттай білуге дағдыландыру. Экологиялық проблемаларды талдауға үйрету.
Әдісі: түсіндіру, талдау, лекция, диалог
Көрнекілігі: тірек сызбалар, түрлі суреттер, портреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың мазмұны:
Биология - экология, антропология, эволюция, т. б.
? проблемаларын талдау
Ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта игеру, өнеркәсіпті өркендету, ауылшаруашылығын дамыту.
Тіршіліктің анықтамасы:
Тіршілік дегеніміз – құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын
● Өзін - өзі реттей алатын,
● Өзінен кейін ұрпақ қалдыратын,
● Тірі организмдердің ашық жүйесі
Тірі табиғат ----- өлі табиғат
Көміртек ------- темір
Сутек ------- магний
Азот ------- кремний
Оттек ------- аллюминий
Қасиеттері /оқушылар жеке тақырып бойынша талдау жасап атап өтіп мысалдар келтіреді./
♦ Тірі организмде метаболизмнің жүруі
♦ Тіршілік деңгейлерінің біркелкі болуы
♦ Көбеюі
♦ Тұқым қуалаушылық

Кесте толтыру


р/с -- Тіршілік деңгейлері ------------------------- ерекшеліктері
1. Молекулалық деңгей
2. жасушалық
3. ұлпалық
4. мүшелік
5. организмдік
6. Попкляциялық - түрлік
7. биогеоценоздық
8. биосфералық
Қорытынды:
1) Метаболизм н/е энергия алмасу
↓---------------------------------↓
Анаболизм ----------- Катаболизм
2) ДҢҚ --? 2 спиральды нуклеотидтер АГЦТ.
3) Онтогенез...?
Филогенез...?
4) Дискреттілік (оқшаулану)
Үйге тапсырма: §1, 2, қайталап оқу, талдау, деңгейлік сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың тақырыбы: Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларда медицина мен денсаулық сақтау үшін генетиканың маңызы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Дамытушылық: Денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу тәсілдерін және олардың маңызын түсіндіре отырып салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы, сұрақ - жауап, венн диаграммасы, сурет бойынша әңгіме, рефераттар т. б

Сабақтың жүру барысы:


І. Ұйымдастыру (2 - 3 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Сәйкестікті көрсет


Генеалогиялық әдіс ---------- Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау
Цитогенетикалық әдіс ------- Шежірелік карта құру арқылы зерттеу
Онтогенетикалық әдіс ------- ДНК – ның құрамын зерттеу
Популяциялық әдіс ---------- Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар – жоғының анықталуы
Биохимиялық әдіс ------- Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу

Дұрыс жауабы:


Генеалогиялық әдіс ----------- Шежірелік карта құру арқылы зерттеу
Цитогенетикалық әдіс ------- Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау
Онтогенетикалық әдіс ------- Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар – жоғының анықталуы
Популяциялық әдіс --------- Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу
Биохимиялық әдіс ---------- ДНК – ның құрамын зерттеу

ІІІ. Жаңа сабақ


Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.
Жоспары:
1. Генетика және эволюция теориясы.
2. Генетиканың табиғатты қорғау ісіне қатысы.
3. Қазіргі сұрыптауды генетикалық заңдылықтардың жәрдемінсіз іске асыру мүмкін емес.
4. Медициналық генетика.
5. Денсаулықтың генетикалық көрінісі.
6. Генетикалық әлеуметтік проблемалар.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары


1. Осы параграфтан не білдіңдер?
2. Генетикалық дамудың қандай бағыттары ең маңызды?
3. Медицинада, табиғатты қорғау, ауыл шаруашылығында генетика қандай міндеттердің шешімін табады?
4. Медициналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдарын атаңдар.
5. Негізгі генетикалық заңдылықтармен танысу өз өміріңе қалай әсер етуі мүмкін?
Ү. Қорытынды. Оқушылар шығармашылығы (Рефераттарды қорғау)

ҮІ. Үй тапсырмасы. 209 – беттегі сынақ сұрақтарын орындау.


ҮІІ. Бағалау.

ҚАЙТАЛАУ - ОҚУ АНАСЫ

Халық пен халықты,

адам мен адамды

теңестіретін нәрсе -білім.

(М.Әуезов)
Сабақтың тақырыбы: «Сұрыптау» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білім беру:Сұрыптау тарауын қайталай отырып, өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер селекциясында қолданылатын тәсілдерді оқушылардың қалай меңгергендіктерін тексеру.

  1. Тәрбие беру: Осы тәсілдердің бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылығын, оның ішіндегі ең тиімдісін ажырата білуге дағдыландыру.

3. Дамыту: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдермен бастай отырып, оқушылардың ойын сабаққа бағыттап, жинақтау.Оқушылардың есте сақтау, ой өрісін дамыту.

Әдіс тәсілдер : Сұрақ – жауап, сұхбат, әңгімелесу, түсіндіру,

суретпен жұмыс, терминдік сөздермен жұмыс,

тестік тапсырмалар

Көрнекіліктер: Плакат, оқулық , тақта, сызбалар, слайд,

компьютер, үлестірмелі қағаз, тест



Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1. Ай- күнді, тақырыпты жазу.



2. Оқушыларды тізімдеу.

3.Үй тапсырмасына жұмылдыру.

Қайталау сабақ:

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істі тындырар күшің барда.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алга қойган мақсатың, ісің барда!

I бөлім. Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша жалпылама сұрақтар қою.

1. Селекция деген үғым нені білдіреді?

2. Қолдан сүрыптауға сипаттама беріңіз.

3. Табиғи сұрыпталуға сипаттама беріңіз.

4. Биотехнология деген үғым нені білдіреді?

5. Гендік инженерия деген үғым нені білдіреді?

6. Сұрыптаудың қандай әдісі бар?

(тозаң қоспасымен тозаңдандыру,үйлестіру,алдын ала өсімді жақындасу, тәрбиелеу-ментор әдістері)



II бөлім. "Құпия сан" ойыны.

Ойын шарты: тақтаға дайын сегіз сөз ілінеді. Мүғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет.



1. Биотехнология

8. Жеке сүрыптау

2. Аутбридинг

9. Депрессия

3. Инбридинг

10. Ш. Берсиев

4. Гетерозис




5. Полиплоидия





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет