Сабақ кестесі бойынша курстың өткізілетін орны мен уақыты


Қорытынды бақылауды (білім алушыларды мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік емтихан) орындауға



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата06.09.2024
өлшемі0.7 Mb.
#503444
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Силлабус Қазақстан тарихы 2024-2025

 
Қорытынды бақылауды (білім алушыларды мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік емтихан) орындауға 
қойылатын талаптар: 

Мемлекеттік емтиханды тапсырушылардың алдын-ала кестесі белгіленеді және студенттер өздеріне берілген уақыт 
аралығында тапсыруы тиіс. Ерекше жағдайлар болған жағдайда арнайы қызметтік хаттың негізінде мемлекеттік 
комиссия жұмыс жасайтын күнге белгіленуі мүмкін.  

МАК мүшелерінің жұмыс кестесі дайындалады. 

Декандардың емтихан тапсыруға рұқсаты болуы тиіс. 

Кафедра отырысында бекітілген, оқу, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қолы қойылған емтихан билеттері 
болуы тиіс.

Мемлекеттік емтиханның билеттерінде үш сұрақтан болады. Ол сұрақтар студенттерге түсінікті және оқу-
әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылады. Бірінші сұрақ – ежелгі және ортағасыр дәуірдегі Қазақстан, екінші 
сұрақ – жаңа заман және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан, үшінші сұрақ – Тәуелсіз Қазақстан тарихы кезеңдеріне 
арналады. 

Білім алушылар емтиханға қалмай келіп, өздері таңдап алған билет сұрақтарына жан-жақты, терең талдау мен сыни 
көзқарас негізінде жауап беріп, логикалық байланыстылықты сақтай отырып, өз ойларын ашық әрі дәйекті түрде 
жеткізе білуі жоғары бағаланады. 

Мемлекеттік емтихан бағасы электронды журналға қойылып, әр студентке хаттама толтырылады. 
Бағалау саясаты 
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің үлгерімі ағымдағы бақылау – 100 балдық шкала бойынша бағаланады. 
Ағымдағы бақылаудың түпкілікті нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа 
арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі (электрондық журнал жүйесінде автоматты түрде жүзеге 
асырылады). Қорытынды баға: рейтингтік және қорытынды бақылаулардың сомасы электрондық журналға қойылады. 
Оқу үлгерімінің ең жоғарғы көрсеткіші 100%.  
 
Қорытынды баға төмендегі формула арқылы есептелінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет