Күні: 28.10.14ж Пәні: геометрия 7 «А», «Б»
|
Тақырыбы
|
Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары
|
Мақсаты
|
Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қасиеттерін анықтай біледі, Алған білімдерін кеңейтіп, есеп шығаруда қолдана білуге дағдыланады.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Үшбұрыштарды салуды үйренеді. Олардың белгіленуін білетін болады. Үшбұрыштың қасиеттерімен танысады.
|
Түйінді идеялар:
|
Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, тиімді тәсілді анықтайды.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс - әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Мұғалім үй жұмысын тексеріп шығады. №154 есеп.
Ой шақыру: «Анықтамаларды жалғастыр» деп аталады.
|
Оқушылар сәлемдеседі. Топқа бөлінеді.
Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді оның ........... деп аталады.
2. Үшбұрыш төбесінен шығып, бұрышты қақ бөлетін сәуле ................. деп аталады.
3. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр ....................... деп аталады.
4. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның ...................деп атайды.
5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы ............... тең.
6. Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш оның......................деп аталады.
Дайын жауап арқылы тексеріледі.
|
Геометрия 7 сынып. дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар, бағалау парағы
|
Негізгі бөлім
(20мин)
|
Топтық жұмыс. «Ойлан, топтас, талқыла...». Мұғалім кубизм әдісін пайдаланып оқушыға тапсырмалар береді, яғни, 1) суретте; 2) зертте; 3) дәлелде; 4) қолдан
|
Оқушылар кубикті лақтыру арқылы өздерінің тапсырмаларын таңдап алады.
Тапсырмалар: 1)Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш оның сыртқы бұрышы деп аталады.
2) теорема бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді
3) Теореманы дәлелдейді
4)Теорема қасиеттерін пайдаланып есеп шығарады. Есеп: №160есеп. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 50º, ал сыртқы бұрыштарының бірі 85º-қа тең. Оның қалған ішкі бұрыштарын табыңдар.
(Екі жұлдыз бір ұсыныс)
|
Геометрия 7 сынып, оқулық, плакат, маркер, сызғыштар
|
Есептер шығару
(14 мин)
|
Жұптық жұмыс.
«Деңгейлік тапсырмалар»
/оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды/
|
І жұп. №1 есеп. Үшбұрыштың қабырғалары 10см, 14 см, 20см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
№2 есеп. Үшбұрыштың бір бұрышы 30º-қа артық. Үшінші бұрышы 76º-қа тең. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.
№3. Егер үшбұрыштың бір бұрышы 31º-қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 97º-қа тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар?
ІІ жұп. №1 есеп. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Табаны 7 см болса, бүйір қабырғаларын табыңдар.
№2 есеп. Сыбай лас бұрыштардың бірі екіншісінен 2 есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар.
№3 есеп. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 130º және 150º. Оның үшінші сыртқы бұрышын табыңдар.
ІІІ жұп. №1 есеп. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 10 см, бүйір қабырғасы 7 см-ден, Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
№2 есеп. Егер үшбұрыштың екі ішкі бұрышы 55º және 28º -қа тең болса, онда оның үшінші бұрышын табыңдар.
№3 есеп. . Егер үшбұрыштың бір бұрышы 28º-қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 110º-қа тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар?
Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
|
Оқушыларға арналған нұсқаулық.
Үлестірме қағаздар, бағалау парағы
|
Қорытынды лау
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, оқушылар жауабын тыңдау
|
Оқушылар ойласып сұрақтарға жауап береді.
|
ауызша
|
Рефлексия
2мин
|
Кері байланыс. Буриме
Қарадым, жазамын, боламын, табамын
|
Осы сөздерді қолданып өлең шығару
Стикерге жазады
|
стикер
|
Бағалау
1мин
|
Суммативті бағалау
|
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтау және бағалау
|
Күнделікке баға қойылады
|
Үй жұмысы
1мин
|
§12. Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары
|
№157,161 есептер
Теорема, анықтамаларды қайталау
|
Геометрия 7 сынып
|