Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
8 мин.
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Сынып тазалығымен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында, жылы лебіздерін білдіреді.
ә) «Билет» әдісі бойынша топқа бөлініп отырады.
1- топ – «Квадрат теңдеу», 2- топ – «Келтірілген квадрат теңдеу», 3- топ – «Толымсыз квадрат теңдеу»
Топ ережесін еске түсіру.
б) Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру;
в) Әр оқушыға бағалау критерийі жазылған, бағалау парағын тарату;
ғ) Оқушылардың білімге деген құштарын ашу үшін, санамақ айттыру.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
2. Үй жұмысын тексеру кезеңі.
Үй жұмысының есептерін интербелсенді тақтада жазылған дұрыс жауаптары бойынша оқушылар «Көршіңді тексер!» әдісі арқылы тексереді.
Үй тапсырмасын сағат тілімен оңға қарай отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.
|