2. Мәтін бойынша сөздік жұмыс, қарамен боялған сөздерді орыс тіліне аударыңыз, оқыңыз.
3 Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.
4. Тапсырма орындау. Жылдың төрт мезгілі жайлы екі мақал-мәтелден мысал келтіріп жазыңыз және мағынасын түсіндіріп кетіңіз. Мысалы: Жаз — береген, Күз алаған.
5. Ауа райына қатысты халық болжамдары туралы мәлімет. Ойды әрі жалғастырыңыздар және өздеріңіз біліетін халықтық ауа райы болжамдарын жазыңыздар. Мысалы:
Жалпы құс біткен сайраса, келер күннің ашық боларын, тыныш болып қалса, күн күркірерін, жыл құстары топтанып қайтса, қыстың қатты боларын, көктемде тобымен бір мезгілде оралса, көктемнің ерте келерін, жер бауырлап ұшса, күн райының бұзыларын, қыста үй төңіректей қиқуласа, қарды қазса, күннің суытарын білген дұрыс.
Сондай-ақ, құстар күзгі ұясын күнгей жаққа салып алса, қыс суық, теріскей яғни, көлеңке жағына салған болса, қыс жылы болмақ. Құс біткен төмендеп ұшса, ықтаса, суға түссе, үрейленіп шуласа, жем іздеуге ерте шығып кетсе, жауын жауарының белгісі деп түсінген дұрыс болады. Шулап жатқан құс біткен қиқуын тез тия қойған болса, аспанда найзағай ойнарын күткені болады.
1-жаттығу. Аталмыш сөздерді орыс тіліне аударып сөйлем құрастырыңыз: біреу, жарты, жарым, егіз, қос, сыңар, ширек.
2-жаттығу. Берілген ұлттық өлшемдердің мағынасын түсіндіріңіз және дәптерлеріңізге жазыңыздар.
Қарыс, сүйем, елі, құлаш, таяқ тастам жер, сүт пісірім уақыт.
Тест тапсырмалары:
1. Жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды өлшем ете отырып, біріне-бірін .... арқылы, күн райын ..... мүмкіндігін өмір дәлелдеп отыр. Сөйлемнен алынып тасталған сөздер қатарын көрсетіңіз...
А) болжау, керемет
B) сәйкестендіру, қымбат
C) мезгіліндегі, арзан
D) ғажап күн райын
E) болжау, сәйкестендіру
2. Мысалы, қыс қарлы болса, жазда да жауынның мөлшерінің көп боларын күткен.Сөйлемдегі қарамен боялған сөздер сөйлемде қандай синаксистік қызмет атқарып тұр.
А) анықтауыш B) толықтауыш C) бастауыш
D) баяндакыш
E) пысықтауыш
3. Жазда күн жылы болып, түн салқын болса, шөп жақсы
Достарыңызбен бөлісу: |