Сабақ мақсаты: Ішкі әлемнің тыныштығын сақтау, көркем мінезділіктің негізі туралы түсіндіре отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға «ішкі әлем»ұғымын түсіндіру.
Дамытушылық: жағымды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұстамдылық, сабырлылық, төзімділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
|
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
5 «Т» ережесін сақтау
Жағымды көңіл күйге келу. Орманға ойша саяхат.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,есікті ашқаныңызды,дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.Таза ауаны жұтып,шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз,жәндіктерді басып кетпеңіз.Гүлдердің біріне жақындап,еңкейіп,оның нәзіктігі мен балғындығына зейін салыңыз.Оның иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.Айналадағы бар нәрсені бақылап,ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісін, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы,ағаштар биіктей,қалыңдай түсті .Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз.Ағашқа жақындаңыз да ,оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз,ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
|