Формула құрастыру
Формула құрастырудың бірнеше тәсілдері бар. Ең қарапайым формула бір ғана математикалық операция белгісін қолданып жазылады.
Формула қрудың қарапайым тәсілі мынадай:
Формула жазылатын ұяшықты белгілейді.
= (тең болады) таңбасын енгізеді.
Формулаға қосылатын бірінші ұяшықты таңдайды.
Операция белгісін енгізеді.
Формуланың келесі ұяшығын таңдайды.
4,5 әрекетерді формула түгел енгізілгенше қайталап орындайды.
Формула енгізуді Enter пернесін басу арқылы аяқтайды. Enter пернесін баспай тұрып басқа ұяшыққа көшуге болмайды. Ондай жағдайда ұяшық формулаға енгізіліп кетеді.
Күрделі формулалар.
Күрделі формулалар құрамында бірнеше операциялар болады. Егер формулада бірнеше операция болса, олардың орындалу ретін анықтап алу керек. Оның мынадай ережелері бар:
Формулалар солдан оңға қарай орындалады.
Көбейту мен бөлу қосу мен азайтудан бұрын орындалады.
Жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.
Ұяшықты формуламен толтыру.
Активті ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында қара квадрат орналасқан. Ол толтыру маркері деп аталады. Маустың көрсеткіші осы маркерге барған кезде қара крест түріне аусады да, маусты ұяшықты толтыруға қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Ал маус көрсеткіші үлкен крест түріне ауысқан кезде, оны ұяшықты таңдауға немесе белгілеуге қолдануға болады.
Ал маус көрсеткішін активті ұяшықтың жақтауына апарған кезде ол төрт жақты стрелка түрін алады. Бұл жағдайда оны ұяшықты жылжыту үшін қолдануға болады.
Excel-де жұмыс жасаған кезде маус көрсеткішімен мұқият жұмыс жасау керек. Себебі оның орнының мм-ге өзгерісі толтыру, белгілеу, жылжыту арасындағы өзгерісті көрсетеді.
Толтыру – бұл ұяшықты көшірмелудің бір түрі. Алдымен көшірілетін формуласы бар ұяшықты белгілейді. Маус көрсеткішімен толтыру маркерін төмен қарай тартады. Бұл кезде қажетті ұяшықтар белігіленеді. Маусты босатқан кезде белгіленген ұяшықтар бастапқы формуламен толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |