Пәнаралық байланыстар
|
Тақырыпқа байланысты кейбір ұғымдарды түсіндіру үшін физика пәнімен байланыстыруға болады.
|
Бастапқы білім
|
Ғарышты игеру жетістіктері.Синтаксис
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. Сұрақтарға жауап бер.
1. Ғарышқа ұшуды кішкентайынан елестеткен бала арманынан не аңғардыңдар?
2. Ғарыштан қарағандағы Жердің сипаты қандай ой салды?
3. Ел жауапкершілігін арқалаған ғарышкерге қандай баға берер едіңдер?
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. Оқылым мәтінінен матасуға 7-8 мысал жазың-дар. Бағыныңқы және басыңқы сыңарларын құрамына қарай талдаңдар.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, ғарыш 100 км биіктіктен басталады. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы жәндік - Дрозофила шыбыны. Ғалымдар 1946 жылы осы шыбынды америкалық V2 зымыранымен ұшырған болатын. Сол арқылы жоғарғы қабаттардағы радиацияның қаншалықты әсер ететінін білгісі келіпті. Одан кейін аспан әлеміне қына мен маймылдар жіберілді. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы Альберт ІІ есімді маймыл 1949 жылы 134 км биіктікке дейін жете алған.
Маймылдардың ішінде Бейкер есімді маймыл ғана ғарыш әлеміне жасаған сапарынан соң 25 жыл өмір сүрген. Ресей ғалымдары зерттеуге көбіне иттерді араластырған. Ю.Гагарин ұшқанға дейін онға жуық ит аспан әлеміне барып қайтқан. 1968 жылы олар жануарларды алыс ғарышқа жіберді .
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
|