Сабақ Мазмұндама жазу Балапан



бет1/3
Дата14.01.2024
өлшемі25.48 Kb.
#489049
түріСабақ
  1   2   3
Санжар Қазақ әдебиеті 07.01.2024 (1)


44-сабақ

  1. Мазмұндама жазу

Балапан
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау - бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.
Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп - кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.
Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
2. Олар ата - әжесіне қалай көмектесті?
3. Олар нені көрді?
4. Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен?
5. Балалар қандай жақсы іс - әрекет жасады?
6. Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?



  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

1-мәтін
Жас өнертапқыштардың өмірімізді ыңғайлы етуге қосқан үлесі аз емес. Тіпті 17 қаңтар күні бүкіл әлем бойынша «Өнертапқыш балалар» күні де атап өтілуде. Бұл дата Американың мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, өнертапқыш және журналист Бенджамин Франклиннің туған күнінен алынды. Бен Фраклин 12 жасында алғашқы болып - шомылу барысында екі қолға киілетін ескекті ойлап тапты.
Он бір жасар Фрэнк Эпперсон қысты күні үйіне асығып содасын далада ұмытып кетеді. Төмен температураның әсерінен стақандағы сұйықтық мұзға айналады. Стақанда түтікше болғандықтан, ішіндегі затты алу қиын болмады. Балмұздақтың бұл түрі баланың есейіп, осы әдісін кәсіпке айналдыруға көмектесті.
Алты жасар Роберт Пэтч болмағанда жүк тасығыш және басқа да өндірістік көліктерге ұқсас ойыншықтардың пайда болуын әлі талай уақыт күтер едік. Балаға шанағы артқа қарай серпілетін көліктердің ұнағаны сонша, ол қайта-қайта соның суретін сала берген. Кейін әкесі баласының сондай бір суретінен ойыншық жасап шығарып олар оны патентеп те алады. Осылайша жүк тасығыш ойыншықтардың пайда болуына ықпал етеді.
Сегіз жасар Аланна Майерс жиі құлап, тізесін жаралап алатын болған, ал кейін жазылып келе жатқан теріге жабысып қалатын бинтті алудан қатты қорыққан. Ауруханадан шыққан соң, қыз тізесіне жабысқан бинтті ауру тудырмай алу үшін арнайы қоспа ойлап тапты. Сабын, су және лаванда эссенциясынан тұратын қарапайым құрал көптеген адамды ауру сезімінен құтқарды.
Болашақта бар қызметті құлтемірлер атқарады. Жас өнертапқыш Санжар Асықбаев бұған сенімді. Сондықтан, робот техникасын дамытуды осы бастан қолға алу керек деп санайды. Өзі достарымен бірігіп, қала көшелерінде қоқыс жинайтын машинаны ойлап тапты. Жанармайды қажет етпейтін экологиялық таза құрылғы бір айдың ішінде құрастырылған. Бұл «Трэвиш» деп аталады. «Күн батареясын қолдану арқылы өзінің энергия қорларын қайтадан жаңарта алады», - дейді 10-сынып оқушысы Санжар Асықбаев.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет