Ортасы
30 минут
Соңы
5 минут
|
№1 тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы төмендегі сауалдар жөнінде ойланып, жұптасып өз ойларымен бөліседі.
«Өмірзаяға» Халық жазушысы Мұхтар Мағауин: «Танымал жазушы Баққожа Мұқаидың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жаншылуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп көрсетеді. Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім. Бүге-шігесін қадағалап, айшық, бедеріне ден қойғаннан ғана емес. Баққожа сыпаттап отырған өмірдің зіл-батпан ауыр салмағынан. Сол өмірдің нақпа-нақ, шынайы қалыпта таңбалануынан. Қандай өмір десеңіз – советтік шындық дер едім», – деп баға берсе, жазушы Герольд Бельгер: «Соңғы жылдары мен оқыған қазақ романдарының ішінде ең алдымен маған ой салып, жүрегімді тебіренткен Баққожа Мұқаидың «Өмірзаясын» атар едім. Бұл роман көш құлаш мақала жазуға негіз бола алады. Бірер ауыз сөзбен қысқа қайырсақ, бұл – тынысы кең, идеялық жүгі ауыр, шым-шытырық оқиғаға құрылған, болмыс-бітімі жан-жақты, заман ағысын, ұлттық тарихтың жауапты кезеңін терең бажайлап, баяндайтын, кім-кімді де ойсыз қалдырмайтын сүбелі, соны туынды», – дейді.
https://adebiportal.kz/kz/news/view/19713
№2.Оқушылар шығармадағы ұлттық құндылықтарды анықтап, ғаламдық тақырыпты ашып, өзара байланысын анықтайды.
Ұлттық құндылық
|
Ғаламдық тақырып
|
Өзара байланысы
|
|
|
|
|
|
|
Дескрипторларға сай бағалау жүргізіледі:
ұлттық құндылықтардың маңыздылығыгн анықтайды;
ғаламдық тақырыптың астарын ашады;
ұлттық құндылықты ғаламдық контекстпен байланыстырады.
Кері байланыс алынады.
|
|