Құрметті «Тереңкөл тынысы» газетінің редакциясы Байқоныс жобб мектебінің



Дата04.07.2016
өлшемі34.42 Kb.
#178585


Құрметті «Тереңкөл тынысы» газетінің редакциясы

Байқоныс ЖОББ мектебінің

6 – сынып оқушысы Болат Гүлраушанның өз шығармашылығын баспа бетіне «Ботақан»қосымшасына шығаруыңызды сұраймын.

Өмір - өзен.

Өмір деген – ағып жатқан бір өзен емес пе?,

Жүземін де кедергіге тірелем.

Жеңе білсем кедергіні алдағы,

Бақыт құсы жолығардай тебіренем.

Талпынамын жетемін деп сол құсқа,

Қарсы жүзіп қарсыласқан ағысқа.

Жүрегімді, жігерімді қайраған,

Арман мені шақырады алысқа.

Ақын болғым келеді.

Ақын болғым келеді,

Данышпан қазақ атамдай,

Шуақ болып шашылған,

Ақылшысы талайдың.

Жаттап өстім жасымнан,

Өлеңдерін Абайдың.

Ұлттың рухын жандырып,

Ұран салу мұратын.

Азаматтықты мәңгілік,

Жырлау керек бар ақын.

Қазағыма, халқыма,

Жақын болғым келеді,

Бас иіп дәстүр- салтыма,

Ақын болғым келеді.

Отан.

Отан- асқақ Астанам,

Отан- ауыл, жас қалам.

Отан- құрбы- достарым,

Отан –үйім, баспанам.

Тек тыныштық тіледім,

Отан – деп соқты жүрегім.

Елімізге бас иіп,

Отанымды сүйемін.
Қазақстан.

Қазақстан мекенім,

Сенде ер боп өсемін.

Өркениет бүгінім,

Тарих болды кешегім.

Бал құрағым төсегім,

Табаныңа төседің.

Міне, осындай елде мен,

Бақытты боп өсемін.
Байқонысым.

Байқоныс құт - береке ғой,

Тарихта қалар өткел ғой.

Байқоныс сұлу екен ғой,

Онда гүл боп өсем ғой.

Табиғатпен тілдессең,

Сонда ғажап күй кешсең.

Туған жердің сұлулығын,

Ән мен жырға бөлесең.

Ақ қайыңды орманы,

Қарағай, терек, шыршасы.

Шайқалған Ертіс өзені,

Сайраған аққу құстары

Таппадым сенен бай қоныс.
Мақтан тұт.

Желбіреп тұр қазағымның байрағы,

Елтаңбасы,Әнұраны- айбары.

Мақтан тұт сен,өз еліңді,жас ұрпақ,

Отан- деген адамның ардақтысы.

Біз қазақтың өнегелі ұланымыз,

Көгіндегі қалықтаған қыранымыз.

Желбіресе аспанымда көк туым,

Қуанамын,шаттанамын мен өзім.

Қазақ деген халқыма бас йіп,

Ұрандап мақтан тұтам қазақ елім!


Ана – бақыт.

Ана – бақыт, ана шаттық,

Ана – күн, Ана бұлақ.

Ана алдында әрқашанда,

Еркелеген мен баламын.

Анама әркез,

Арналады бар әнім,

Анама арнап,

Жыр жазамын жүректен.


Астана.

Басқаға үлгі болар бастамамыз,

Бүгіннен болашаққа аттанамыз.

Жылдан – жылға көркейіп бара жатыр,

Үйлері көкке өрлеп,Астанамыз.

Аспан түстес көк ту көз тартады,

Болашақтан зор үміт күткен – нәрі.

Қадамына ғажайып гүл біткендей,

Астанамыз- күн сайын шарықтайды.
Наурыз келді.

Наурыз келді қалама,

Наурыз келді далама.

Қуанамын шаттанып,

Жаңа жылы қазақтың.

Ата-баба салт дәстүр,

Қоныс еткен ұрпаққа,

Қыдыр ата жар болып,

Куә болды ұрпаққа.

Жаңа жылды қарсы алып,

Ырыс келді ортаға.

Дастарқанды мол жайып,

Қарсы алайық наурызды.
Есілім - өзенім.

Есілім өзенім – мақтанышым, тірегім,

Перзентімін,мәңгілік сені сүйемін.

Бәрі таза- гауһар тасың, асыл суың,

Бәрі таза, ақботадай еркелеген.

Киелі топырақ,емге дәру,

Аңыз еткен халқы бар,

Туып өстім еркелеп,

Есіл өзен басында.
Тәуелсіздік тұғырым.

Тәуелсіздік келді бізге ортаға,

Жиырма бірге толды міне,Нар тұлға!

Нұр – Астана жарқырайды,көркейіп,

Балашақтан,болашаққа өрлейтін!

Астана – білімдердің падишасы,

Астана – ғалымдардың баспанасы.

Астана – жас бүлдіршіннің жүрегі.

Іңгәләп сәби үнін шашатұғын.

Нұр астана шалқып тұрсын мәңгілік.

Нұр – атамыз аман болсын уа, халқым,

Қабыл болсын берген бата тілегі.

Қамқоршысы,панасы,туған елімнің,

Құрметтеймін Қазақстан атты елімді!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет