Сиппатаңыз: Саяси дербестік пен тәуелсіздіктің жыршысы Махамбет Өтемісұлын қай қырынан тануға болады?
Салыстырыңыз: Дауылпаз ақын Махамбет пен Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерінің тақырыбы, негізгі идеясы
Зерттеңіз: Исатай – Махамбет көтерілісіне не себеп болды? Осы кездегі Ішкі Бөкей ордасындағы саяси - әлеуметтік ахуал қандай еді?
Талдау жасаңыз: Ақынның «Баймағамбетке айтқаны», « Мен, мен, мен едім» , «Бағаналы терек» бейнесіне талдау жасаңыз.
Қолданыңыз: Ақын өлеңдерінің ішінде өзіңізге ұнайтынын жатқа айтыңыз.
Дәлелдеңіз: Махамбет – азаттық жолындағы күрескер ақын екенін өлеңдері арқылы дәлелдеңіз.
«Семантикалық карта» әдісі. Бұл әдіс арқылы білім алушылардың барлық есте қалған білімдерін еске түсіріліп, жинақталып қорытылады.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Диаманта» әдісі. Жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Білім алушылардың сөздік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
1, 7 – жолдары (Антонимдес зат есімдер);
Бірінші зат есімге екі сын есім;
Бірінші зат есімге үш етістік;
Зат есімді екі сөз тіркесі;
Екінші зат есімге үш еістік
Екінші зат есімге екі сын есім.
|
Мысалы
Батыр
Атақты, қаһарлы
Күреседі, қорғайды, жеңеді
Қас батыр, есті қорқақ
Қашады, үрейленеді, қорқады
Әлсіз, намыссыз
Қорқақ
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |