Сабақ ОҚытуды ҧйымдастырудың негізгі формасы (Оқу қҧралы)


Жазылымнан кейінгі тапсырма



Pdf көрінісі
бет39/51
Дата01.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#493536
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
14 Сабак-окытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Жазылымнан кейінгі тапсырма. 
«Мен айтайын» стратегиясы. Оқу-
шылар өз қалаулары бойынша 
жазған мәтіндерін сыныпқа оқи-
ды. Оқушылар дескриптор арқы-
лы жұмысты бағалайды. 


77 
Сабақтың соңы 
3 минут 
 
«Екі жақты кҥнделік» 
стратегиясы 
Жаңа 
сабаққа 
дейін 
білгенім 
Сабақтан 
кейін алған 
білімім 
 
 
Рефлексия 3 минут 
Рефлексиялық эссе 
Оқушылар мына сұрақ-
тарға жауап бере оты-
рып, сабақта туындаған
ойларын тізбектейді: 
Алдымен біз былай 
деп ойладық..... 
Одан кейін біз мына 
проблемаға тап бол-
дық. ............ 
Проблеманы 
шешу 
үшін ...... жасадық. 
Бұдан біз .................. 
көрдік. 
Демек, бұл мынаны 
білдіреді ................. 
Сонымен біз ................ 
деген шешімге келдік.
Р
еф
л
ек
си
ял
ы
қ
 э
сс
е 
ж
аз
ы
лғ
ан
п
ар
ақ
ш
ал
ар
т
ар
ат
ам
ы
н.
О
қу
ш
ы
ла
р 
өз
то
п 
м
үш
ел
ер
ім
ен
б
ір
ле
сі
п 
ж
аз
ад
ы
.
 
Рефлек- 
сия парағы 
Дифференциация – 
Сіз оқушыларға кө-
бірек қолдау көр-
сету үшін не істей-
сіз? Қабілеті жоға-
ры оқушыларға қан-
дай тапсырма беру-
ді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың 
ақпаратты қаншалықты 
меңгергенін 
қалай 
тексересіз?
Пәнаралық байла-
ныс Қауіпсіздік ере-
желері 
АКТ-мен 
байланыс
Құндылықтар 
мен байланыс (тәр-
биелік элемент) 


78 
Г.КӚПЕВАНЫҢ ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР 
ТОПТАМАСЫНДАҒЫ «СЫНИ ТҦРҒЫДАН ОЙЛАУ» 
МОДУЛІ ҚАЛАЙ КІРІКТІРІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ 
РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕБІ 
 
«Сабақ беру – үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,ол -үнемі 
жаңаны табатын өнер» (М.Жұмабаев). «Жақсы ұстаз шәкіртіне 
талмас талап, қайыспас қанат сыйлайды»деген қазақ даналығында. 
Мұғалім әрбір оқушының жүрегіне жол табуда әрбір баланың 
бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын. 
ХХІ ғасыр – жоғары технологиялар, жаһанды өзгерістер, білім 
ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін
қандай да салада білімді, жаңалыққа дайын, құзыретті мамандар 
қажет. 
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің білікті-
лігін арттыру үш айлық курстарының бағдарламасы мұғалімнің 
оқыту үдерісіне, оқушыға, тіпті мұғалімнің өзінің рөлі мен көзқа-
расының түбегейлі өзгеруіне бағытталған. Осы бағдарлама бойынша 
оқудың бірінші кезеңінде жаңа оқыту әдістері мен ғалымдар еңбек-
тері жайлы теориялық білім алып, оқу әдістерін өзіміз арқылы 
өткізіп, жеті модульдің негізгі идеяларымен таныстық. Жеті модуль-
дің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, сонымен қатар олар бір-
бірімен тығыз байланысты. Жеті модульге негіз болған идеялар үш 
негізгі тарауға бөлінеді: ойлау жолдары, әдістер мен тәсілдер, жұмыс 
құралдары («ҚР ПҚБАК Бағдарламасы екінші деңгей», 3-басылым). 
Кембридж университетімен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" 
бірлесе отырып жасаған бағдарламасы негізінде мұғалімдердің 
біліктілігін арттыру мақсатында жүргізген жаңаша әдіс-тәсілдер 
бойынша жаңа жобаны меңгере отырып, мен өзімді де, өзгені де 
өзгерте алдым деп ойлаймын. Бұл жобаның жаңа әдіс-тәсілі 
жетістікке жетелейтін жеті модуль болып отыр. Себебі менің санамда 
жеті модуль мәнмәтінінде Бағдарламаның теориялық негіздерінің 
тұжырымдамалық түсінігі қалыптаса бастады. Бұл Бағдарламаның 
негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негіз-
делген. «Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсі-
ну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген 
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді» («Нұсқаулық»,
6-бет) 


79 
Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған 
идеялары мен байланысын ескере отырып,сапалы оқытумұғалім 
бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс 
болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар 
жасалынған кезде жүзеге асырылатынын байқадым. Жеті модульді 
кіріктіре отырып, оқушылардың қызығушылығын ескеріп,оқуды 
ұйымдастырдым. Тәжірибе кезінде өзгеріс енгізген іс-әрекетім – 
тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде жеті модуль аясындағы 
жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, дәстүрлі сабақ жоспарын қысқа 
мерзімді сабақ жоспарына көшіру. Ең алғашқы, яғни қыркүйек
айынан бастап өз тәжірибемді алдымен «дәстүрлі» оқыту форма-
сында қалыпқа айналған үш қатарға бөлінген парталардың орнын 
ауыстырып, оқушылардың топпен бірлесе жұмыс жасауына ыңғай-
ластырумен бастадым. Оқушылар арасында бірлескен жұмыс,бір-
бірін қолдау, сыйластық, мейірімділік әрекеттері орын алды. («Мұға-
лімдерге арналған Нұсқаулық», 2011, 36-бет) деген ұстаным берік 
қалыптасқан. Сабақтарды өткізбес бұрын оқушыларға идеяларының 
барлығы да құнды екенін, Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бір-
лесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер 
екендігін айттым. 
Курстан алған теориялық білімімді жүзеге асыру мақсатында 
алға қойған мақсатым – оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете 
отырып, сабағыма жаңа әдіс-тісілдерді қолдану арқылы жетістікке 
жетелейтін сабақтар ұйымдастырып, табысты оқуға қол жеткізетін 
құзыретті мұғалім болу. Бағдарламада құзырлы мұғалімнің алдында
оқушының жан дүниесін жақсы түсінетіне білу жөнінде нақты 
міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұға-
лімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі 
мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске 
оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да 
өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті 
көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада 
сезініп қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульман «мұғалімнің үш 
көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы 
болып саналады делінген. Курста үйреткен жеті модуль туралы 
теориялық білімімді «Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі»күнделікті іс-
тәжірибемде іске асыруда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін 
зерттеуге алдым. Бұл модуль жайлы курсқа дейін де естіген бола-
тынмын. Мен курста осы тәсілдің сабақта қалай пайдалану жүйесін 


80 
түсіндім. Алғашқы әрекетімді осы модуль жайлы білімімді толық-
тырудан, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын талдаудан және 
қосымша ақпараттар жинастырудан бастадым. Маған сабақ жоспа-
рын жазу кезеңінде көбінесе мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың 
көмегі көп болды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім 
беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты 
педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің 
де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабыл-
дауын көздейді. («Мұғалімге нұсқаулық», 49-бет). 
Сыни тұрғыдан ойлауды екі мақсатта қарастырады: 1.Оқушы-
лардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту; 2.Мұғалімдердің сыни 
тұрғыдан ойлауын дамыту;(«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», 13-
бет ). Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы 
шешімдерді қабылдауға, ойлау мен іс әрекетімізге жаңа немесе 
түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған 
қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға 
баулуды білдіреді.(«Нұсқаулық», 49-бет). 
Сын тұрғысынан ойлау әдісінің жаңа сабақты түсіну барысында 
тигізер пайдасы зор деп ойлаймын. 


81 
Курста алған білімдерді іс-тәжірибеге енгізу үшін алдымен өзім 
оқытып отырған 6 «Ə» сынып оқушыларына тоқталып өтейін. 
Сыныпта барлығы 12 оқушы оқиды. Атап айтқанда, топпен отыру, 
Алтын ережелерін құрастыру, топ мүшелерінің қызметін айқындау, 
бағалау критерийлері, сыныптың белсенділігін арттыру, қабілетті 
оқушылардың шығармашылық деңгейін анықтау жұмыстарын 
жүргіздім. 
Алғашқы сабағым «Морфология», «Сөз таптары», «Атауыш 
сөздер» туралы болатын. Сабақты түрлі әдістер мен тәсілдер 
бойынша түрлендіріп, оқушылар арасында психологиялық ахуал 
тудыру мақсатында «Шаттық шеңберін» құрып,бүгінгі сабақтың 
сәтті өтуіне байланысты оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, 
сәттілік тіледі. Осы әрекеттен кейін біршама оқушылардың көңілі 
көтеріліп, әрі қарай сабақты керемет көңіл күймен бастадық. Əртүрлі 
жеміс пен көкөніс түрлеріне қарай топқа бөлдім. Өткен сабақты
яғни үй тапсырмасын тек сұрақ-жауап арқылы сұрадым. Ол үшін 
«миға шабуыл» әдісін пайдаландым. «Б. есімді оқушым үй тапсыр-
масына қатысты өткен тақырыптарды Б. ойлана отырып, дұрыс 
жауап берді. Менің байқағаным Р. есімді оқушым ойлау қабілеті 
дамығанына, кез-келген сұраққа дәлелмен жауап бергенде көзім 
жетіп отырды. Өйткені Р. есімді оқушым үй тапсырмасына жан-
жақты дайындалып келгендігі байқалды. Оқулықтан түрлі дәлелдер 
келтіріп отырды. Оқушының сыни ойлай алатына бет бұрып келе 
жақанын аңғардым. Алғашқы әдісім «Ойлан, Жұптас, Бөліс» атты 
әдіс арқылы оқушыларым сыни ойлай алама? – деген идеяны бас-
шылыққа ала отырып, оқулықты түсініп оқып, флипчартқа сызып, 
жазып, сурет сала отырып, түсінгендерін,ойларын келесі топқа 
жеткізе білу керектігін ескерттім. Оқушылар қызыға кірісті. Түсінген-
дерін флипчартқа жазып, тұжырым жасай бастады. Оқушылар 
бірлесіп, топтасып, жақсы жұмыс жасады деп ойлаймын. 
Тест нәтижесінде сабақта оң ынта таныта қоймайтын оқушылар 
осы сабақ бойынша өз ойларын жазса, үнемі белсенділік танытып 
жүрген оқушылар өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше, толы-
ғымен орта мерзім бойынша өтілген сабақтардан алған-білгенін 
жазуға тырысыпты. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдай-
тын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашы-
лықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау 
керек деген ой түйдім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің дең-
гейін анықтау, не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында 


82 
кері байланыс кезеңінде оқушылар өз білімдерінің деңгейін бағалау 
смайликтері арқылы көрсете білді. 
Осы тақырыпты өту барысында, әрине, қиындықтар кедесті. 
Білім деңгейі төмен оқушының шеттеп қалмау, уақытты үнемдеу 
және дарынды оқушылардың менмендігін болдырмау, Д.Е. есімді 
оқушыларды көзден таса қылмауға тырыстым. Осы аталған оқушы-
ларға көп көңіл бөлу керек екен деген тұжырым жасадым. Сабақ 
соңында түйгенім жоғары деңгейге жету тек төменгі деңгейдегі қа-
жеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады («Нұсқаулық», 
78-бет). 
Сабақтың тақырыбы: Зат есім. 
Бағдарламаның 7 моделінің тиімділігін көрсету мақсатында 
топтық жұмыстарда «Миға шабуыл», «Топтастыр», «Бағдаршам», 
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін. «ББҮ» әдісі», «Сәйкестендір», 
«Блум таксономиясы» әдістерін қолдандым. Жағымды психология-
лық ахуалды қалыптастыру мақсатында сабақты бастамас бұрын 
міндетті түрде сыныбымда «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-
біріне шынайы тілек сөздерін жеткізе білді. Бұл екінші сабақ бол-
ғандықтан, алғашқы сабақтағыдай, тосылмай өздерін еркін сезіне 
бастады. Бұл оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыта түсті. 
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістерін пайдаланып, 
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, ынтасын дамыт-
тым. "Біз екеуміз ұқсаспыз" деген тренинг арқылы мен оқушыла-
рымның бұрын білмеген қырларын, қасиеттерін білдім. Алтын ере-
желерді қайталата отырып, есте сақтау қабілеттерін тексердім. Пси-
хологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері»
құрылды. Оқушыларды «Мозайка әдісі» бойынша топқа бөлу «Ку-
бизм» әдісі бойынша қайталау жұмысын жүргіздім. 
Жаңа сабақты меңгерту мақсатында «Зат есім» тақырыбындағы 
сабағымда қасқыр, тал, адам суреттерімен 3 топқа бөлдім. 
1-топқа: «Қасқыр», (адам, тал) 
2-топқа: «Адам», (қасқыр, тал) 
3-топқа: «Тал», (адам, қасқыр) 
Оқушылар таратылған сурет бойынша өз ойларын жеткізеді. 
Содан кейін, 3 суретті де 3 топқа таратып беремін де, «Қайсысының 
табиғатқа ықпалы күшті? деген сұрақтар төңірегінде оқушыларды 
сыни тұрғыдан ойлантып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылар 
таратылған суреттерге ереже шығарады. Мысалы: Адам кім? Қасқыр 
не? Тал не? деген сұрақтарға жауап береді. Бұлар заттың атаулары. 


83 
Жетекші сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың ережесін шағаруға 
ықпал етемін. 
1.Бұлар қандай сұрақтарға жауап беріп тұр? (кім?не?). 2.Бұлар 
жалпы заттың атауын білдіріп тұр ма? (иә, себебі кім? не? деген 
сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады). Олай болса, 
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сөз табының бір түрі – «Зат 
есіммен» танысамыз. 
Жеке жұмыс: Интерактивті тақтадан суреттер ( адам (оқушы), 
Алатау, кітап, су) көрсету арқылы оқушыларға «ББҮ әдісі» арқылы 
кесте толтырту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет