Диплом жұмысы Бастауыш мектепте зат есімді оқыту



бет1/5
Дата27.06.2016
өлшемі402.5 Kb.
#162070
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Ф. 4.7 - 007 - 08

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен

әдістемесі кафедрасы

Диплом жұмысы

Бастауыш мектепте зат есімді оқыту

Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы: М. Ермекбаев Орындаған: ПӨ -01-4к5 тобының студенті Жылқыбаева С.

Шкір берушілер:

П.ғ.к., профессор t/tffi^^y** Жаппаров A

(мерзімі)

М. Өтемісұлы атындағы №52 -\^~—л

орта мектептің Бастауыш мектеі<(1___, i //


Шымкент - 2005 жыл



секциясының төрағасы fz^x^jr Дулатова С.


М. Әуезов атындағы ОҚМУ 0315 -« Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі» мамандығының 4- курс ПӨ - 01 - 4к5 тобының стуленті С. Жылқыбаеваның «Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту» атты диплом жұмысына

Пікір


Қазіргі кезеңде қазақ тілінің мәртебесі, оның қоғамдық қызметтері артып отырғаны баршаға аян. Қазақ тілін бастауыш мектептен бастап сапалы оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан дипломанттың тақырыбы көкейкесті. Диплом жұмысы әдістемелік әдіс- тәсілдерді мол пайдалануымен көзге ерекше түседі. Мысалы,

1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу әдісі -


проблемалық әдіс. Кез келген жаңа грамматикалық ұғымды меңгеру
барысында оқушылардың психо=физиологиялық қабылдау
мүмкіндіктеріне қарай проблемелық жағдай туғызу мұғалімінің
шеберлігіне байланысты. Дипломант эсіресе берілген грамматикалық
ү_ғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығулырды немесе
үлестірмеле қима қағаздарды қызықты әрі түрліше епіп пайдаланған.

2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы


лингвистикалық көзқарасын дамыту тәсілі. Мәселен, балалар күнделікті
тэжирбесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде заттын сынын
білдіретін сөзді сол заттын атын білдіретін сөздің алдына қою керек
екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. («Жамилада қалам қызыл бар» деп
емес, «Жамилада қызыл қалам бар» деп).Дипломант бұл тәсілді диплом
жұмысында бірнеше мәрте пайдаланған.

3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін маңгерту тәсілі. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, оқушылар бұл сұрақтарды нақтылы заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Дипломант грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталған.

4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бүрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп айтуға болады.Бұл әдістердиплом жұмысында қолданылған негізгі әдіс- тәсілдер. Қорыта айтқанда диплом жұмысы жақсы жазылған, қорғауға болады.


Ғылыми жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы

п

М. Ермекбаев



М. Әуезов атындағы ОҚМУ 0315 -« Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі» мамандығының 4- курс ПӨ - 01 - 4к5 тобының стуленті С. Жылқыбаеваның «Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту» атты диплом жұмысына

Пікір


Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын қалыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты мақсат — оның коммуникативтік (қарым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың сынын білдіретін сөздерге», т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.Сондай- ақ бастауыш кластарда тілді оқытып-үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналық бояларына сай оларды дұрыс қолдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе «Сөйлем», «сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде оқушылардың тілідң морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықталып, пайдаланылмайды.

Тағы айта кететін мәселе қазіргі төржылдық бастауыш кластарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолданылып жүрген әдістерді де жаңа талап түрғысынан қайта қарап, жаңарату қажет болып жатыр.. Дэлірек айтқанда, бүрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған дұрыс. Осындай бүгінгі таңда бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері күн тәртібінен түспей, өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда тақырып өзекті. Диплом жұмысы жақсы жазылған. Диплом жұмысына қойылатын талаптарға толық жауап береді.










П.ғ.к., профессор к/і/иЛ^Л Жаппаров А.




М. Әуезов атындағы ОҚМУ 0315 -« Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі» мамандығының 4- курс ПӨ - 01 - 4к5 тобының стуленті С. Жылқыбаеваның «Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту» атты диплом жұмысына

Пікір

Сөйлемді тиімді жолдармен меңгерту оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді, дамытады. Сабақ барысында сөйлемді дұрыс қүру дағдыларын жетік игерген оқушылар осы біліктері негізінде сөйлеу үлгілерін, сөйлеу әдеби нормаларын меңгереді. Мұндай біліктер оқушылардың жасқаншақтық, үяңдық қасиеттерін жойып, оның сөйлеу қабілеттерін дамытуға ерік береді. Сөйлемнің териялық негіздерін игертумен қатар оқушылардың сөйлеу тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту керек. Мұнда оқушының сөйлеу тілі екі формада жүзеге асады. Біріншісі, диалогтық сөйлеу, яғни тілдік қарым-қатынас барысында екі адамның тікелей қатынас жасап, бір-бірімен көзқарас, ой-пікір алмасуы. Диалог біріншіден, диалогтың екі немесе одан да көп адамның арасында өрбуі; екіншіден, диалогқа қатысушы адамдардың бірде тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып кезекпе-кезек олардың арасындағы рольдердің алмасып отыратындығы белгілі. Сонымен кдтар дипломант жеткізілетін ақпараттық хабардың аяқ асты туындап, тілдік қатынасқа түсуі де диалогтық сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жататындығын дұрыс айқындаған.

Бастауыш сынып оқушыларына сөйлемді оқыту барысында олардың сөйлеу дағдыларын дамыту үшін дипломант диалогтық сөйлеу мен монологтық сөйлеуді қатар алып игерту қажеттінің дұрыс аңғарған. Қорыта айтқанда диплом жұмысы өте жақсы жазылған.


М. Өтемісүлы атындағы №52

орта мектептің Бастауыш мектегК^ ~Л

секциясының төрағасы ^-у^*-^&г Дулатова С.






Мазмұны:
Кіріспе
3-5

І.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің


зерттелуі 6-17

II. Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің


психологиялық кезеңдері 18-21

III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз


таптарымен байланыстыра оқыту маңызы 22-42

III. 1 Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту 43-44

III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту 46-49

III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту 50-51



Қорытынды 52-53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 54-55

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде

оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бү_рынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фанетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқуты әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

а) Оқуға үйрету:

э) сөздік қорын, стилистикалық дэлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту:

б) фонетиканы, сөз қүрамын және ғрамматиканы


(морфология, синтаксис) меңгерТу;

в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.


Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында

тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бүрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дэл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бү_л түхта орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған қүнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70-

жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелрін қарстырған эдімкер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұымстарынң тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдарлдің аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін элі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қортындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере аламаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық ■ тұрғыдан сауатты бейнелеіі айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады.Сондықтан тақырып өзекті.



Диплом жұмысының мақсаты Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тэжірибесімен танысу;

  2. Тақырыпқа сэйкес әдістемелік, педагогикалық кңбектерге
    сараптама жасау;

  3. Оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіру.

Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.

Диплом жұмысы жұмысы екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, диплом жұмысының мақсаты, нысаны айқындалды.

Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіруге арналған оқыту әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында зат есімді оқыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.

Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға зат есімді оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Диплом.жұмысының практикалық маңызы

Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінің сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Бастауыш сыныптарда грамматиқаны оқыту мәселесінің

зерттелуі

Қазақ тілі пәнін оқыту-мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі үйытқысы. Ана тілін жақсы білмей түрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктіліктердің барлығының негізгі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. ¥лы педагог К.Д.Ушинский: "Халық тілі - тарих шекарасынан әрі қайда әріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде",- деп көрсеткен болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік-беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Осындай күрделі міндеттерді шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: "Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мэңгі қүламайтын бэйтерегі. Жанның барлық толқындарын түқымнан түқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі ". Бұған "Мүралардың ең қымбаты — сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн шықпас суық көңілді жылытады. Асыл сөз мәңгі жасайды.", - деген Ғ.Мүхтафиннің сөздеріне қоса ана тіліміздің алатын орнын, Конституцияға қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенін, халқымызмыздың егемендікке ие болуы нэтижесінде қолы жеткен үлы қуаныш, бақытымыз екені жайында әңгімелей келе оқушыларымызға оның мәнін терең үғырдыру түсу үшін көрнекті тұлғалардың ана тілі жайында айтатын қанаттысөздерінен мысал келтіруді жөн көрдім. Л.Н.Толстойдың "Қанша айтсаң да, ана тілі қашанда ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлегін келген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа", М.И.Калинин "Ана тілін үйрену-үлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек.Ең жақсы тіл -ана тілі", М.Әуезовтің "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мэдениетті, үжым деп санауға болмайды", Ғ.Мүсіреповтің "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді," - деген сөздерінен - ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.

Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:

1. Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру)

2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді
қалыптастыру).


  1. Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру).

  1. Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа
    пәндерді ұғындыру)

  2. Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін
    жетілдіруі).

Қазіргі танда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар туы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық үғындыру-әрбір мұғалімнің алдында түрған мақсат. Сондықтан казіріг екзеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Сонымен бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған "Атамұра" баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген "Қазақ тілі" оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді. Себебі "Атамүра" баспасынан шыққан "Қазақ тілі" оқулықтары мынадай оқу-әдістемелік принциптерге негізделген:

1. Оқулықтарды жасау барысында авторлар мынадай мәселелерге


басты назар аударған:

а) Қызметтік. Қазақ тілінің фонологиялық, лексикалық,


грамматикалық жақтарынан білі ала отырып оқушы, қатынас қызметін
қолдану мүмкіншілігі.

э) Жүйелілік. Қазақ тілін оқыту барысы белгілі бір жүйеге бағындырыла жасалынған.

б) Тәрбиелік. Әрбір сөйлем, мэтін оқушыға тәрбие беру
мақсатында іріктеліп алынған.

2. Оқыту барысын жеңілдету үшін оқулықтармен қоса оқыту


кешенін қүрайтын көмекші оқу - әдістемелік қүралдар шықты. Бұл
кешенде басты орынды, негізі болып "Қазақ тілі" оқулығы тұрады.
"Қазақ тілі" оқулығын негіз ете отырып "Таза жазу" дәптерлері, түрлі
"Қазақ тілі" оқыту жөніндегі әдістемелік қүрал, көмекші, диафильмдер
түрлі бағдарламалар, көрнекті қүралдары т.б. шықты.

3. Оқулықта баларға білім беру жүйесі толық сақталынған. Әрбір тақырып бастауыш мектеп оқушыларына оқу және жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Сондай-ақ әрбір тақырып жеңілден - ауырға, оңайдан — қиынға принципіне сүйене отырып, бүкіл бастауыш мектеп бағдарламаларына сэйкес жүйемен берілген.

4. Оқулықтардың қүрылымы мен мазмұны оқушылардың жазу және оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру ісін жетілдіруде өтілген тақырыпқа қоса келесі тақырыпқа негізделіп отырады.

5. Оқулықтарда тілдік материалдың берілуі мен іріктелуі қаза


тілінің фонологиялық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
грамматикалық заңдылықтарына негізделе отырып алынған. Тілдік
материалдар эліппеге дейінгі, эліппе кезеңі, эліппеден кейінгі кезеңдерді
толық қамтиды. Тілдік материалдар негізінен лексикалық және
грамматикалық принциптерге сүйенген. Әрбір сөздің мағынасы жекеше
тұрып та, басқа сөздермен байланысқан түскен жағдайларда толық
ашуға әрекет жасалынған.

6. Оқулықта оқушылардың фонетикалық, орфографиялық,


грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі
практикалық жаттығулар берілген.

7. Оқулықтағы түрлі тапсырмалар мен сұрақтар балалрдың оқу


және жазу, түсіну дағдыларын қалаптастыруға негіз болады.

  1. Оқулықта оқушылардың саналылығы мен белсенділігін
    арттыруға түрлі іс-әрекеттер басым.ъ

  2. Оқулықтар оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес
    психологиялық заңдылықтар мен түжырымдары негізге алынған.

10. Оқулықтар бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес
жасалынған:

а) эліппе және тіл дамыту.

э) оқу, фонетика, грамматика және тіл дамыту.

б) Фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.

в) грамматика, емле және тіл дамыту.

11. Әрбір сынып оқулығы келесі сынып оқулығының басы, келесі


сынып оқулығы бүрынғы сынып оқулығының жалғасы ретінде
жасалынған.

Бірінші сынып оқулығында - • қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында — бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман
талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің
арасында оқыту ісін жетілдіру жүмытары сөз болып, түрлі семинарлар
өткізе бастады. Әдіскерлердің осында эс-әрекеттері нэтижесінде жаңа
ғылыыми бағых дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады Терминды академик' Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық,

педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.

Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сэйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бү_л ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын түжырымды да түшымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың , сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.

Мүндай нэтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің үсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тэжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нүсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, бү_л әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбйе алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің арасында оқыту ісін жетілдіру жүмытары сөз болып, түрлі семинарлар өткізе бастады. .Әдіскерлердің осында эс-әрекеттері нэтижесінде жаңа



9

ғылыыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика


деп аталады Терминды академик Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық,

педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.

Оқулық әдістері тек оқульщтағы іэерілген тапсырмалар мен жаттығуларға сэйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да түшымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың , сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.

Мүндай нэтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тэжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нүсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақты ойын түрде өткен жағдайларда ғана бала санасына білі тез және толық енетіндігін көрсетеді.

1 -сызба

Оқыту пирамидасы. (игерудің орташа проценті)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет