Сабақ Қосымша 1 Дамыған орта ғасырлар



Дата08.11.2022
өлшемі136.59 Kb.
#464260
түріСабақ
Қазақстан тарихы 6-cынып X – XІІІ ғғ. Қазақстан X–XIII ғ.б. Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер Дидактикалық материал 1-сабақ (1)


Сабақтың тақырыбы: X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер

1-сабақ
Қосымша 1

Дамыған орта ғасырлар

Ұлы Жібек жолы

Дешті Қыпшақ

Ислам діні

Сәулет өнері

Қарахан мемлекеті

Қыпшақ мемлекеті

Найман

Керейіт

Жалайырлар

Қосымша 2


https://goo.gl/BDyMe0



https://goo.gl/gBVxRT




Қосымша 3



  1. Қарахан мемлекетінің ыдырауы

Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды: шығыс және батыс хандық. Дәстүр бойынша шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналды. Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептелді. Басқа хандар оған бағынышты болуға тиіс еді. Бірақ олай болмады. Екі хандықтың арасында бірлік онша сақталмады. Соның салдарынан 1040 жылы Қарахан мемлекеті екі дербес иелікке бөлініп кетті.
ХІІ ғасырдың 30-жылдары шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кіреді. Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді.
Салжұқтардың әлсіреуіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастайды. Талас бойындағы шайқаста Хорезм шахы Мұхаммед Қарахан мемлекетін біржолата құлатады. Ал Шығыстағы хандықты Найман ханы Күшлік басып алады.



  1. Наймандар, керейіттер, жалайырлар мемлекетінің ыдырауы

Найман ханы Білге хан қайтыс болғаннан кейін оның екі ұлы Бұйрық хан мен даян хандар арасында билік үшін талас басталады. Хандық екіге бөлінеді. Мұны монғол тайпаларының билеушісі Темучин пайдаланып, 1204 наймандарды біржола жеңіп, өзіне бағындырады. Жеңілген наймандар Күшлік ханның басшылығымен батысқа, Қазақстанның шығысына Алтай, Ертіс маңына барып қоныстанады. Ал 1218 жылы Жетісуға қоныстанған наймандар монғол билігін мойындайды.
XII ғасырдың аяғында Керейт мемлекеті екі бөлікке бөлінеді. Керейт билеушісі Торы мен Шыңғысхан арасындағы достық қатынас ұзаққа бармады. 1202 жылы олар өзара жауласып, Шыңғысхан керейттерді басып алады. Керейттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасқан.
Деректер Шыңғысханның андасы-серттескен ең жақын досы жалайыр Жамұқаның 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» деп жариялап, таққа отырғанын жазады. Мұны естіген Шыңғысхан ашуланып, керейттер ханы Торымен одақтасып, Жамұқаны талқандап, жалайырларды қол астына қаратады.



  1. Қарақытайлар мемлекетінің ыдырауы

1171-1172 жылдары қарақытайлар Хорезм жеріне қайта шабуыл жасайды. Оған Хорезм шахының келісім бойынша төлеуге тиісті алтын динардан бас тартуы себеп болды.
XIII ғасырдың басында қарақытайлар екі жақтан соққыға ұшырайды. Бірі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен келісіп қарақытайларға қарсы шығады. 1208 жылы қарақытайлар шығыста наймандардан жеңіліс табады. Сөйтіп ек жақтан соққыға ұшыраған қарақытай өкіметі 1212 жылы құлайды.


  1. Қыпшақ мемлекетінің ыдырауы

ХІІІ ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болып өтеді. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінеді. Бірақ олардың арасындағы жауласушылық мұнымен бітпейді. Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналады. Билік үшін бәсеке тек екі елді де монғолдар жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет