Сабақ жоспары
Оқытушы Смагулова Ж.
Пәні Химия
Жалпы тақырып: ІІ А топша элементтеріне жалпы сипаттама. Кальций және магний. Судың кермектілігі.
Сабақ түрі Аралас сабақ
Сабақ мақсаты: білімділік а) «Сілтілік металдар» тақырыбы бойынша алған білімді тексеруді жалғастыру;
ә) периодтық жүйедегі орнына және атомдары мен кристалдарының құрылысына байланысты ІІ топтың негізгі топшасының металдарын сипаттау;
б) ІІА топ металдарының жалпы қасиеттері туралы білімге сүйене отырып, кальций мен магнийдің жеке қасиеттерін қарастыру;
дамытушылық б) Осы металдардың қасиеттерін салыстырып, олардың табиғаттағы ролі мен қолданылуын зерттеу;
в) судың кермектігінің түрлері, оның түзілуінің иондық механизмі және оны жою туралы мәлімет жинақтау.
тәрбиелік: Сабақ үстіндегі студенттердің өзара сыйластығы, бір-біріне көмектесуі, ортақ шешімге келуін жүзеге асыру
Енгізілген түсініктер: кальций мен магний минералдары судың кермектігі, кермектік түрлері.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, бейне материалдар, электрондық оқулықтар және т.б.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушыларды тексеру
2. Оқу-құралдарын түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сілтілікжер металдар Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде қай топта, қандай топшада орналасқан?
2. Негізгі топша металдары қандай және қандай электрондармен сипатталады?
3. І - ІІІ топтың негізгі топшаларындағы металл атомдарының құрылысына не ортақ?
4. Сілтілік металдарды неліктен керосинде сақтайды?
5. Адам жылына орта есеппен қанша ас тұзын пайдаланады?
6. Сілтілік металдарға неге I топта орналасқан Au, Ag, Cu элементтері жатпайды?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |