Пән: коррекциялық сабақ
Сабақ тақырыбы: «Біздің мектеп»
Сабақтың мақсаты: мектеп, сынып туралы түсінік беру, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: мектеп, сынып бөлмесі, оқу құралдарының суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушымен амандасу, сабаққа керекті заттарды дайындау
Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын жариялау, мақсатымен таныстыру.
Жаңа сөздерді игерту.
- Бүгін, Сабина, біз сабағымызда өзіміз оқып жүрген мектебіміз, сыныбымыз, мұғалімдеріміз және сыныптастарымыз туралы әңгімелесеміз. Осы модульда кездесетін жаңа сөздерді дұрыс оқып, жазуды, өз ойымызды еркін айтып жеткізуді жүзеге асырамыз.
Жаңа сөздермен жұмыс.
мектеп қабат - этаж
бөлме - комната
асхана - столовая
кітапхана - библиотека
жаңа - новая (– ый , – ое)
биік - высокий
әдемі - красивая (– ый , – ое)
сынып жарық - светлая (– ый , – ое)
таза - чистая (– ый , – ое)
кең - широкая (– ий , – ое)
бор - мел
тақта - доска
Оқу құралдары
сызғыш - линейка
күнделік - дневник
оқулық - учебник
қалам - ручка
Фонетикалық жаттықпа.
1. Берілген сөздерді дұрыс айтып үйреніңіз.
бөлме , жарық, кең , күнделік , оқулық , кітапхана
2. Жылдам оқып, жадыңызда сақтауға жаттығыңыз.
Оқығанда әр жолды жауып отыру
Сыныпта үш терезе, есік, тақта, он үш парта, үстел, орындық бар.
Сыныпта үш терезе, есік, тақта, он үш парта, үстел, орындық ____
Сыныпта үш терезе, есік, тақта, он үш парта, үстел ____________
Сыныпта үш терезе, есік,тақта, он үш парта ____________
Сыныпта үш терезе, есік, тақта ____________________
Сыныпта үш терезе, есік __________
Сыныпта үш терезе ________
Сыныпта ________
________
___________________________________________________________
3.Мұғалімнің көмегімен төмендегі сөздерді дұрыс айтып
жаттығу.
Бұл – б.здің с.н.п. Ол йек.нші қабатта. С.н.пта б.р үстөл, 15 парта, 30 (уот.з) уорұнд.қ бар. Т.ерезелердің алд.нда гүлдөр тұр. Қаб.рғада тақта .ул тұр. Б.здің с.н.п жар.қ және таза.
4. Қуыршақты мектеп формасына киіп ал.
5.«Шам» ойыны
Ойынның мақсаты: шамды өшіру. Бетті үрлемей, шусыз, ақырын үрлеу керек. Алғашқыда балаға жақындатып, содан кейін қашықтықты алыстатуға болады.
Жаттығу «Шаршыларды сал»
Коррекциялық сабақтан күтілетін нәтиже: Баланың өз ойын, сезімін, алған әсерін әрекеттер арқылы жеткізе алуы: жағымды эмоционалды күйде болуы. Ойындық қарым - қатынасты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |