Сабақ Шейх Мұхаммед Салих Мунажжид


– Аллаһқа тәуекел етуде міндентті түрде ризық талап етудегі еңбектің болуы керек



бет3/3
Дата25.06.2016
өлшемі391.55 Kb.
#157577
1   2   3

2 – Аллаһқа тәуекел етуде міндентті түрде ризық талап етудегі еңбектің болуы керек. Бұл әсіресе кәзіргі (жұмысыссыздық) бәсекелесу көбейген заманда, өте маңызды. Кейбіреулер бір-біріне тәуекел етеді (сүйенеді), бала әкеге, аға ініге (немесе керісінше), олардың көбісі тіпті жұмыс істегісі келмейді. Ал, Аллаһ Тағала бізді тура жолға жолдады, ризық және басқа нәрселерді талап етудің "есіктерін" ашып қойған. Осы аталып өтілген нәрселер Құранмен сүннетте өте көп.

А – Ризықтың ең алғашқы және маңызды себебі, жер бетіндегі ең халал нәрсе – соғыс олжалары. "Енді, олжа қылып алған нәрселеріңді адал және игі халде жей беріңдер" (8:60).

Мұсылман ғұламалары ризықтың ең игісі "турасында" халал етілген нәрселердің ең халалы сауда ма, әлде егіншілік пе ,әлде қол еңбегі (ұсталық па) турасында біраз айтысып, нәтижесінде ; жер бетіндегі халал нәрселердің ең халалы – Аллаһ жолында болған ұрыстардың олжалары, өйткені Аллаһ Тағала "Енді, олжа қылып алған нәрселеріңді адал және игі халдее жей беріңдер"-деген және пайғамбарымыз с.ғ.с хадисінде "Ризығым (найзаның) оғымның көлеңкесі астында етілді"-деген.

Ә - Қол жұмысы. Себебі пайғамбарымыз с.ғ.с. "Қол еңбегімен тапқанынан қайырлы тағамды ешкімде жеген емес"-деген ,және "Сендердің біреулерің берер-бермес біреуден тіленгеннен гөрі отын шауып , осы арқалағандарын артық"-деген.

Б – Сауда-саттық. Бұл көптеген мухажирлермен ансарлардың жасаған жұмысы. "Егре өтеліп болса , жер бетінде (әр жерде) таралып, Аллаһтың фазылетін талап етіңдер және Аллаһты көп зікір етіңдер – бақытқа жетерсіңдер" (62:10). Абдурахман ибн Ауф (Мединеге енді көшіп келгенде, оған ансар бауырларының ұсынғанынан қарамай): "Маған базарды көрсетіңдер "-деген еді. Сахабалар базарға барып сауда істерін жүргізе берер еді.

В – Егіншілік, диқаншылық және ағаш отырғызу, айтты: "Егішіліктің Аллаһқа тәуекел етудегі басқаға қарағанда өзінің ерекшелігі бар деген (???). Дән еккен егіншінің Аллаһқа деген тәуекелі саудагердің тәуекелінен көбірек болады. Бәріде тәуекел етуге мұқтаж, дегенмен егіншінің мұқтаж болғаны әлде қайда көбірек. Сондықтан (ғалымдардың) кейбірі бұл тұрғыда егіншілікті алдына қойды, ондағы өнімге ие болу үмітіндегі жүректің Аллаһқа берілгендігінің күштілігінен . Мысалы, егін енді иістенген бойда апатқа және тағы басқа ұшырамауы үшін(???).

Одан кейін адам баласы тек ризық талап етуде емес емделуде де себептерді қолданады (жұмсайды). Мысалы, пайғамбарымыз с.ғ.с айтты " Аллаһ Тағала шипасын түсірмеген бірде-бір ауру-дерт түсірген емес", және "Ей Аллаһтың құлдары! Емделіңдер!"-деген. Емделу – осы тұрғыдағы себептерді қолданудан өзге еш нәрсе емес.




Тәуекел етудің пайдалары.

1 – Оның себебімен дұшпандар үстінен жеңіс болады. "Олар айтты: "Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі, Ол (сенім артылған, тәуекел етілген иелердің) ең жақсысы "-деді де, сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшідігімен, ешбір сәтсіздік (не жамандыққа) ұшырамай қайт орлады" (3:174). "Мүмін жау топтарын көрген сәтте , Аллаһ Тағала және Оның елшісі бізге уәде еткені – осы, Аллаһтың және Оның елшісінің айтқаны рас"-десті. Және (жаулардың көптігі) олардың имандары мен бойұсынуларын арттырды" (33:22).

2 – Пайдалы нәрселерді кетіріп, зианды нәрселерді алыстатады, және ризықты келтіріп шипаны тездетеді.

3 – Аллаһқа тәуекел ету – жүректің қуаттылығымен белсенділігінің себебі.

4 – Жүрекпен жүйкенің тозуынан қорғайды.

5 – Адамды өзін-өзін өлтіруден ұзақ қылады. Ал, енді тәуекелі жоқ , үмітсіз, құлдырауға ұшырағандардың қылықтары – тек қана осы дүниеде өз пікірлері бойынша орын таппағандарынан.

С – Тәукел – жанмен малды, баламен от басыны сақтап қалудың бірден бір себебі. Йағқұб өз ұлдарына :"Аллаһ Тағала айтқанымызға – Уәкіл (яғни, куә???)"-деді. "Уәкіл (ету) – Аллаһқа ғана тән, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ, тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін". Және айтты:" Шын мәнінде құпия жиналыс (сырлар, сұхбаттар жасырын түрдегі) – иман келтіргендерді кейіту үшін шайтаннан (болады). (Бірақта, шайтан) Аллаһ қаламайынша ешбір зиан келтірмейді"(58:10). Адам үйінен шығарда:"Аллаһтың атымен тәуекел еттім"- дейді. Сонда оған не болады десеңіз – періште: "Тура жолды таптыңда қорғандың және әрбір жаман нәрселерден сақтандың"-дейді екен.

7 – Аллаһқа қылынған тәуекел жүректе талпыныспен амал қылуға нық шешімді пайда қылады. Өйткені онда себептерді қолдануға әсіресе, шариғи себептерді қолданудың жолдары ашылады. Егер адам тәуекелді дұрыс түсінсе – іске кірісіп, себептерді ұстана бастайды. Бұл кезде амал нәтижелі әрі жемісті болдаы.

8 – Аллаһқа тәуекел ету – адамның жан-дүниесін, (рухани деңгейін) қанша қиындықтармен , тауқымет-қасіреттерге ұшырасада көтеріп қояды. Мұсылмандар сондай бір қиналып , тарылғандарының үстіне , өз кезектерін қайтару үшін жабылып (бірігіп) шыққан мүшріктердің хабары келеді. Сонда олар:"Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі, Ол нендей жақсы Уәкіл (тәуекел қылынушы)"-деді және рахметімен ешбір жамандыққа ұшырамастан қайта оралды".

9 – Аллаһқа тәуекел қылу – құс ризықтанатындай ризықты пенде қылады. Бұл турасында жоғарыда келген еді.

10 – Аллаһқа тәуекел ету- нәтижеге қол жеткізеді. Оқушы емтиханнан өткісі келеді, жұмыс іздеген кісі бір орынға тағайындалғысы келеді, және т.б. себептер.

11 – Аллаһқа тәуекел қылған адам – Раббысының онымен бірге екендігін және Оның жақындығын , Оның жәрдем беруші, Қорғаушы және Сақтаушы екендігін сезініп тұрады.

12 – Аллаһқа тәуекел қылу – Аллаһтың пендесіне деген махаббатын келтіреді. Сол сияқты, тәуекел нәтижесінде пенде де Өз Раббысын жақсы көреді. Раббысына қылған тәуекелінің әсерін көргені үшін және Аллаһ Тағала оның ниетімен тәуекеліне қарай бергенін көріп Раббысын жақсы көреді.

13 – Тәуекелді амалға асырған адам – есеп берместен және ешбір азап көрместен жаннатқа кіреді. Бұл жаннатқа кіретін жетпіс мың адам туралы хадисінде келгендей, тәуекелдің ең маңызды әсерлерінен болады.

14 – Аллаһқа тәуекел ету – үстемділік және байлық (яғни, еш нәрсені қажет қылмағандық).

Тәуекел етушілердің және олардың басшысы пайғамбарымыз с.,ғ.с. –ның бастарынан өткен оқиғалары.
Пайғамбарымыз с.ғ.с. өз сахабаларымен бір сайға түсіп (орналасқанда), қылышын ағашқа іліп қойды. Ал, адамдар болса сайда таралып , (ағаштарды көлеңке қылып алған) және еш нәрсеге мән берместен ағаштарды көлеңке қылып алған еді. Бір кезде пайғамбарымыз с.ғ.с. оларды шақырғанда , қасына барғанда бір кісінің және қылышының түсіп қалғанын көреді. Сонда пайғамбарымыз с.ғ.с. айтты:" Шын мәнінде мен ұйықтап жатқанымда бір кісі келіп қылышты алды (ұстады). Сол кезде оянсам бас жағымда (маған қарай) қылыш көтеріп тұрғанын көрдім. Байқап көрсе – қылыш басының үстінде тұр екен. Сонда қашар жер қайда? Әлгі кісі болса :"Сені менен кім тосып қалар екен?"-деді. Мен :"Аллаһ "-дедім.(яғни, бұл пайғамбарымыз с.ғ.с-ның сөзі) Осы кезде тәуекел , жүгіну және жәрдем тілеу, бәріде бар еді). Сонда айтты: "Сөйтіп әлгі адам қылышын түсірді (және риуаятта қылышы қолынан түсіп кетті), міне – ол отыр"-деді ,сахих Муслимде келгендей.

Пайғамбарымыз с.ғ.с. Абу Бакрмен бірге үңгірде. Абу Бакр болса, өзі үшін қорыққанынан қарағанда, пайғамбарымыз с.ғ.с. бетер қорықты. Сонда :"Ей, Расулуллаһ! Олардың бірі аяқ астына қарағанда бізді көрер еді.( Яғни, біздің жоқ болып кетуімізге оларды бір рет төмен қарағаны қалған еді. Сонда пайғамбарымыз с.ғ.с. "Екеумізді дегені не? Үшіншіміз Аллаһ Тағала "-деген. Осындай тәуекелмен жүгіну қиын кезеңдерге ерекше анық көрінеді. Демек, (бұл пенденің жүрегі Раббысына мұхтаж, Оған тәуекел еткен , істерін Соған болады), әсіресе егерде ісгерін Аллаһқа тапсырудан басқа ұстайтын себебі болмай қалған жағдайда пенденің жүрегі Раббысына ерекше мұқтаж , Оған тәуекел еткен етіп , істерін Соған тапсырған болады.

Қажылыққа шығып, өздерімен бірге жолға ешбір жол азық алмаған Йеменнің адамдарына Ибн Аббас олардың істерінің дұрыс еместігінің айтқан еді, олар еш азық алмай "Біз тәуекел етушілерміз"-деп , Меккеге келгенде, елден қайыр сұрап, алақандарын жайып елден көмек сұрады. Сонда Аллаһ Тағала :"Өздеріңмен бірер азық алыңдар, әлбетте, азықтың ең қайырлысы – тақуалық"-деген.(2:197)

Бұл жерде Имам Ахмад р.ғ. пайғамбарымыз с.ғ.с-нан риуаят еткен бір әйел туралы әдемі қиссаны-оқиғаны айтып кеткеніміз орынды сияқты. Пайғамбарымыз с.ғ.с айтты:"Бір әйел мұсылмандар тобымен жорыққа шығып, он екі ешкісімен жүн иіретін ұршығын қалдырып кетеді. Сөйтіп малынан бір ешкісімн әлгі ұршығын жоғалтып қояды. Сонда айтқаны:"Ей Раббым! Әлбетте Сен Өзіңнің жолыңа шыққанның (малын) сақтауды кепілдігіңе алып едің. Ал мен болсам ешкіммен ұршығымды жоғалтып алдым. (Ей Аллаһ!) Сенен ешкімді және ұршығымның (табылуын не қайтарылуын) өтінемін"-деді. Сөйтіп пайғамбарымыз с.ғ.с. әлгі әйелді Раббысына деген жалбарынуының күштілігімен Аллаһқа деген тәуекелін атап кетеді". (Өйткені ол әйел) Аллаһ Тағаланың жолына шығып, Аллаһ Тағаланың малын сақтайтынына кәміл сенген еді. Жорықтан қайтқан кезде :"Аллаһ Өз уәдесінен айныды деген жоқ". Бірақ Раббысының уәде қылғанын жалына сұрап, тілегін үзген емес (яғни, илхах қылды). Пағамбарымыз с.ғ.с . айтты:"Сол кезде бір ешкісі екі болып, бір ұршығы екеу болған еді"(яғни, еселеп айтты).


Дұға мен тәуекел қылып ұйықтап қалып еді, Аллаһ Тағаладан еселеп қайтқан күйінде тапты.

Имам Ахмад Муснад кітабінде былай дейді:"Бізге Һашим ибн Қасим айтты:"Исламның алдында жаһилиат заманында бір ермен әйел өмір сүріпті. Ол екеуінің еш нәрсеге шамалары жетпейтін. Сөйтіп бір күні әлгі ер адамның қарны қатты ашқан халде үйіне келеді де әйеліне: "Үйде жейтін бір нәрсе бар ма?"-деп сұрайды. Бірақта әйел өз ерінің халін аяп, рухани көтеру үшін ашығып келген күйеуіне "жоқ"-деуді қаламады. Сөйтіп әйелі күйеуін аяп , Аллаһқа сенім арттырып: "Иә сүйінші, саған Аллаһтың ризығы келді"-деді. Ал, өзінде (еріне беруге жейтін) еш нәрсе болмасада , Аллаһқа артқан сеніммен сүйенгенін , Оған деген үміті бар еді. Қатты талап ете және тағы айтты:"Ей құрғыр! Бір нәрсе болса келтірсеңші!"-деді, әйелі болса :"Біраз сабыр етші. Аллаһтың рахметін үміт етейік"-деді. Тағы біраз уақыт өткен соң, әлгі күйеуінің қарны тіптен ашып ,аштығына аштық қосылып :"Ей құрғыр! Егер наның болса , оны бері келтір, мен аштықтың соңғы деңгейіне жеттім (аштан өлетін болдымғой)-дейді. Әйел болса."Иә, қазір тандырды қыздырайын"-дейді. Ішінде еш нәрсе жоқ тандырды жақтыда , асықпады. Бірнеше уақыт тынышталып, бір нәрсе айтуды күткенде , әйелі ішінен айтты: "Аллаһқа сенім арттырып , тандыр ішін қарасам еді". Тұрып барғанда тандырдың ішін қойдың қабырға еттеріне толған күйде ал, қол диірменінің (өз-өзінен) бидай тартылып тұрғанының тапты. Сөйтіп қол диірменді барып байқадыда, тандырдың ішіндегі қабырға еттерді шығарды. Сонда Абу Һурайра р.ғ. айтты: "Абуль-Қасымның жаны қолында болған (Аллаһқа) ант етемін, (Мұхаммед с.ғ.с. сөзінен) диірмендегіні алып, ішіне қарамағанда – Қиямет күніне дейін дән тарттырар еді"-деген.

Кейбіреулер :"У ішкен Халид ибн Уалид қиссасы-әңгімесіне байланысты не дейміз немесе алапес ауруымен ауырған адаммен бірге тамақтанған Омар туралы не деуге болады?"-дейді.

Халидтің қиссасы тарих кітаптарында өте әйгілі: Мұсылмандар бір қорғанды қоршағанда, румдықтар айтты:" У ішпегеніңше берілмейміз (немесе бағынбаймыз) деді. У ішудің үкімі – харам, оны ішу дұрыс емес. Кімде-кім у ұрттап , сол у ішіп барып өзін өлтірсе , тозақта мәңгі қалатын түрде болады. Сол сәтте Халид шынымен қиналып қалған еді. Олардың берілуі – мұсылмандардың сақталып, соғыс және жарақаттар қиыншылықтардың олардан ұзақ болғанын білдірер еді. Және онда үлкен пайда болар еді. Ал, румдықтар болса – мұсылмандарға берілетіндей бір кереметтерді қалаған сияқты – бәсекелесу- сол кезде Халид ибн Уалид уды ішіп жіберіп еді – зианы болмастан, румдықтар беріле қойды.

Бұл жеке және сирек кездесетін оқиға. Халид р.ғ. уды өлейін деп ішкен жоқ, бірақта мұсылмандыр үшін көп пайдасын көріп және өзінде Аллаһқа деген күшті тәуекел тапты. Бұл – кейбір әулиелердің (Аллаһтың жақсы көрген пенделерінің) кейбір жағдайлары сезінетін нәрселерінен. Сонда ғана тәуекелден еш зиан көрмейді. Дегенмен бұндай жағдайлар кез-келген адамдармен бола бермесе керек.
Сол сияқты дәлелдікпен айқындылықта қалаған адамға Омар р.ғ. қиссасын түсінсе болады.

Жұқпалы ауруды міндетті түрде басқаға жұғатынына сенген адамға өз ішінде мықты әрі дұрыс тәуекел және жүректегі күшті тауып , адамдарға аурудың (өз-өзімен) жұқпайтындығын дәлелдеп бергісі келген еді.



Дегенмен бұл Аллаһтың әулиелерімен болатын жеке жағдайлар. Оны кез-келген жағдайда қолданып болмас. Ал, негізінде - әр іс өзінен асылында қалуға тиіс.


Аударған: Аңдарбаев Сержан.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет