Сынып: 6 Ежелгі Қазақстан тарихы
Күні:
Сабақ тақырыбы: § 8 Қола дәуірінің негізгі сипаты
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қола дәуірінің негізгі сипаты,қоныстары,дәуірдің негізгі ерекшеліктері,қола дәуірін зерттеушілер туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Кесте толтыру тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың білік-дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ тарихының әр кезеңін ұмытпай,құрметтеуге шақыру.
Сабақтың әдісі: интерактивті,тапсырмалар орындау,топпен жұмыс.
Көрнекілігі: 1.Карта
2.Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру: а)Оқушыларды сабаққа дайындау;
ә)Оқу құралын тексеріп түгелдеу
б )Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жазба жұмысын тексеру.
Сұрақтар:
1.Адамдар өздерінің білімдерін қалай жетілдірген?
2.Ежелгі адамдар табиғат белгілерін қалай түсінді?
3.Діни көзқарастың қалыптасуы неге байланысты болды?
4.Тотимизм,анимизм дегеніміз не?
5.Ежелгі адамдардың өнері қаншалықты табиғатпне байланысты?
6.Геометриялық өрнек дегеніміз не?
Жаңа сабақты меңгерту:
Жоспар: 1.Өндіріске металл құралсаймандардың енуі.
2.Андрон мәдениеті туралы мәлімет.
3.Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Оқушылар,қола қандай металл? Қола дәуірінің тас дәуірінен ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? Бүгінгі сабағымызды біз 4-топқа бөлініп өткіземіз сондықтан бәріміз ортаға шығып үй тренингін ойнаймыз. Үй тренингі арқылы оқушыларды бөлеміз. 1-топ кеншілер,2-топ археологтар,3-топ тарихшылар,4-топ географтар.
Адамзат баласының ой-санасы,өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын жетіліп отырды.Өндірісті игерутәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады .Тұрмыста тұңғыш пайдаланған метелл-мыс.Алғашқы адамдар табиғи таза мыс металын пайдаланған. Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Ол мыс пен қалайының қосындысынан алынады.Егер мыс көп болса онда қола иілгіш келеді,ал қалайы көп болса метелл опырылғыш келеді сондықтан мыс пен қалайы дәлдікпен қосу керек болады.Қоладан жасалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта Қола дәуірі деп аталады.
Қола дәуіріндегі адамзат қоғамының жедел дамуы мынадай негізгі ерекшеліктермен:
– түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуімен (қола металлургиясы);
-ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуымен;
– әкелік отбасылық рулық қатынастың орнауымен;
– бақташылық мал шаруашылығымен және теселі егіншілікпен
жүзеге асты
1-топ кеншілер. Тапсырма: 1.Қоланы алу тәсілі?
2.Қоладан қандай бұйымдар жасалады?
2-топ археологтар. Тапсырма:
3-топ тарихшылар.Тапсырма:1. Қола дәуірін зерттеушңлер?
2.Беғазы-Дәндібай мәдениеті ерекшелігі неде?
4-топ геогафтар.Тапсырма:
1.Қоладәуірі кезінде адамдар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеген?
2.Қола дәуірінде Қазақстан климаты қандай болды?
Бекіту: Тест
1. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің мерзімі:
-
б.з.б. 2–2 мыңжылдықтар В)б.з.б. 2–3 мыңжылдықтар
С)б.з.б. 2–1 мыңжылдықтар D)б.з.б. 2–5 мыңжылдықтар)
2. Рулық қатынастар ыдырағаннан кейін орнаған бірлестіктер:
A) Тобыр B) Тайпа C) Мемлекет D) Құрылымдар
3. Аналық рудың ыдырауынан кейін, оның орнына келген қатынас?
A) Әкелік рулық қатынас B) Ағалық рулық қатынас C) Феодалдық қатынас D) Құл иеленушілік қатынас
4. Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталды?
A) Мысты тас B) Қола C) Темір D) Алтын
5. Жезқазғаннан қанша миллион тонна кен өндірілген?
A) 5 миллион B) 4 миллион C) 3 миллион D) 1 миллион
6. Жезқазғаннан кен өндірілгеннін кім зерттеді?
A) Қ. Сәтбаев B) Ә. Марғұлан C) П. Окладников D) К. Ақышев
7. Қола дәуірінің кеншілері тығыз кенді қандай әдіспен өндірді?
A) Үңгіп қазу B) Отпен уату C) Омыру D) Жару
8. Қола дәуірінің кеншілері жұмсақ кенді қандай әдіспен өндірді?
A) Үңгіп қазу B) Отпен уату C) Омыру D) Жару
9. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орындарында канша калайы шығарылған?
A) 1100 тонна B) 2100 тонна C) 3100 тонна D) 5100 тонна
10. Далалық өңірлерде дамыған шаруашылықтың жаңа түрі?
A) Аңшылық B) Егіншілік C) Бақташылық D) Терімшілік
Қортынды: Тест жұмыстарының қатесімен жұмыс.
Үйге тапсырма: Ти кестесі
|
Қола дәуірі адамдарының келбетін жасады
|
Андрон мәдениеті
|
Беғазы-Дәндібай
|
Жезқазғанда қола алатындығын зерттеген
|
Қ.Сәтбаев
|
|
|
|
|
Ә.Марғұлан
|
|
|
|
|
В.Алексеев
|
|
|
|
|
Жұмағалиева Ақтілек Ғазезқызы
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |